Рахимгалиева пакизат сармановна


Салауатты мінез-құлық дегеніміз –



бет19/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
ТҮЙІНДЕМЕ Сейдахметова Асел, Эндрюстің эксперименттік изотермдері., Camtasia Getting Started Guide.1ppt, Сайыс сабақ қазақ тілінде Қызықты физика 7-сынып, Ұстаз 2 курс каз.яз ВШП -, аксезим, МКБ, Авесхан Анель Пмно 22-1-3, Модульное обучение, Тілек
Салауатты мінез-құлық дегеніміз – өзінің денсаулығы мықты екендігіне және бұл әрекеттер олардың денсаулығына зиян тигізбейтініне және ағзаның бұзылуына әкеліп соқтырмайтынына сенімді адамдар жасайтын әрекеттер. Салауатты мінез-құлықтың мысалдарына келесілер жатады: тағамдағы қант пен тұз мөлшерін шектеу, зиянды әдеттен бас тарту, қауіпсіздік белдіктерін тағу, спортпен шұғылдану, релаксация техникаларын пайдалану және қауіпсіздік ережелері мен денсаулыққа қауіпті заттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды қатаң сақтау т.б. Осы мінез-құлық ұстанымдары адамдар айналысатын көптеген әрекеттерге қатысты айтылады.
Студенттердің денсаулығы тұтас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қазіргі заманғы білім сапасының интегративті критерийі болып табылады. Адамды тәуелсіз өмір сүруге дайындау оған тек кәсіби дағдыларды игерту ғана емес, сонымен бірге оның бойында қоршаған шындыққа физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік бейімделудің адекватты механизмдерін қалыптастыру, өзбетімен позитивті өмір сүруге дайындау дегенді білдіреді [157].
Сондықтан да, жоғары оқу орны студенттерге тек қана кәсіби білім берумен шектелетін ұйым емес, олардың денсаулығын нығайтатын ортаға айналуы маңызды. Жоғары оқу орнында «денсаулықты нығайтумен қатар жүретін білім беру үдерісі» әрбір студенттің жеке дамуына қолайлы білім беру ортасы құрылған жағдайда ғана мүмкін болатындығын ескеру керек. Ол бойынша шартты түрде үш бағытты бөліп көрсетуге болады: физиологиялық, психологиялық және педагогикалық.
Бейімделу процесінің қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін бейімделуге ықпал ететін негізгі факторларды білу қажет. Оларды үш блокқа біріктіруге болады.
- Әлеуметтік блокқа жас ерекшелік, әлеуметтік шығу тегі, оқу түрі, қоршаған әлеуметтік ортасы мен өмір сүру жағдайлары сияқты факторлар жатады.
- Психофизиологиялық блок жеке психологиялық, әлеуметтік- психологиялық факторларды қамтиды: интеллект, бағдар, жеке тұлғалық потенциал, өзін-өзі реттеу дәрежесі, оқу деген ынтасы және т.б.
- Педагогикалық блок келесі факторларды қамтиды: оқытушылардың педагогикалық шеберлік деңгейі, сабақты қызықты ұйымдастыруы және университеттің материалдық-техникалық жабдықталуы т.б
Жоғарыда айтылғандай, кәсіби іс-әрекетке бейімдеу үдерісінде университет тарапынан студенттерге педагогикалық-психологиялық және физиологиялық жағынан қолдау көрсету маңызды. Студенттерді психологиялық және физиологиялық тұрғыдан қолдауға, олардың физикалық белсенділігі мен ұжымдағы оңтайлы психологиялық климатты немесе ахуалды қамтамасыз етуді жатқызуға болады. Ал, педагогикалық қолдауға – білім алушылармен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсат, мүддесін, мүмкіндіктерін көрсетуге қолдау жасау жəне сапалы нəтижеге жетуге кедергі жасайтын мəселелерді жеңу жолдарын ұсыну және көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды айтамыз.
ЖОО-да студенттердің бейімделуін психологиялық қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
- Студенттерге әлеуметтік-экономикалық және құқықтық көмек көрсету (әлеуметтік-құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру, әлеуметтік әлсіз топтағы және көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге арнайы әлеуметтік көмек тағайындау);
- Психологиялық-педагогикалық қолдау (студенттер арасында өзара қарым-қатынасты реттеуге бағытталған семинар, тренингтерді жүргізу, оқу кезіндегі стресстік жағдайлардың алдын алу үшін психологиялық кеңес беру және т.б) [158].
Жалпы, психологиялық қолдау көрсету мәселесі кәсіби психолог мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі уақытта психолог мамандар адамдардың өмірлік мәселелерін шешуге көмектесу мүмкіндігіне ие. Психолог – базалық жоғары психофизиологиялық білімге ие, психикалық құбылыстарды бағалау әдістерін меңгерген, түзету жұмыстарын атқара алатын кәсіби маман болуы шарт. Психолог маманның ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, көптеген мәселелерді адам өзі шеше алады. Яғни, өзі үшін интуитивті психолог бола алады, өзінің психикалық күйін бағалай біледі, эмоцияның көріну деңгейі мен мінез-құлық ерекшеліктерін анықтай алады. Дегенмен де, өзбетімен шеше алмайтын қиын жағдайлар орын алғанда студенттерге психофизиологиялық көмек қажет болуы да мүмкін.
Әлеуметтік, гигиеналық және экологиялық факторлардың өзгеруіне жауап беретін денсаулықтың ажырамас көрсеткіштерінің бірі физикалық даму болып табылады. Физиологиялық бағыт жоғары оқу орнына студенттерді бейімдеудің гигиеналық, санитарлық-ағартушылық және психологиялық жағынан қамтамасыз етуді көздейді. Санитарлық ағарту жұмыстары студенттерге әсер етудің дәстүрлі формаларын да, қазіргі заманғы интерактивті әдістерін де қамтығаны жөн.
Студенттердің бейімделу үдерісін гигиеналық жағынан қамтамасыз етуді сыртқы жағдайлардың ескерілуі мен оқу процесін ұйымдастыру (студенттердің апталық оқу жүктемесін бөлуде және сабақтарды ұйымдастыру кезінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және т.б.) деп түсіндіру қажет. Сонымен қатар, оған тек оқу жүктемесін азайту арқылы қол жеткізуге болады деген түсінік дұрыс емес.
Университетте оқу кезеңінде студенттердің денсаулығын сақтау және нығайту шараларының психологиялық бағыты туралы айтатын болсақ, жоғары оқу орнында студенттерді жан-жақты психологиялық қолдауды қамтамасыз ету үшін педагогтар мен психологтар арасындағы ұйымдасқан, жүйелі жұмыстарды орындау талап етіледі.
Студенттердің физикалық саулығы және салауатты өмір салтын ұстану бойынша университеттердің қызметін бағалау үшін білім алушылардың оқу ортасы жағдайында қалыпты бейімделуін қамтамасыз ету бойынша білім беру мекемесінің қызметінің көрсеткіштерін қамтитын критерийлерді нақтылауға мүмкіндік алдық.
Төмендегі 5-ші кестеде физиологиялық аспектілерді ескере отырып, ЖОО-ның студенттердің кәсіби іс-әрекетке оңтайлы бейімделуін қамтамасыз ету деңгейін бағалаудың критерийлері берілген.

Кесте 5 – Жоғары оқу орындарында студенттердің психофизиологиялық дамуының қамтамасыз етілу деңгейін бағалау критерийлері








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет