- жетістікке жетуге ұмтылудың төменгі көрсеткіші;
- өздік жұмыстарды орындау мен еркін әрекет етудің жоғары көрсеткіші.
- «икемділік», «мобильдік» шкаласы бойынша жоғары көрсеткіш;
- өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі;
- өзгелермен жабық түрде бәсекелестікке түсу;
- жауаптылық сияқты тұлғалық сапалардың аса қатты көрінбеуі.
Дәстүрлі формада оқитын студенттер
- кәсіби білімдерді меңгеру мотиві,
- танымдық және оқу-танымдық мотивтерінің жоғарғы деңгейі;
- коммуникативті және әлеуметтік мотивтер.
- үнемі қозғалыста болу;
- қорқыныш, үрейдің болмауы;
- мақсаттарды айқын қою және өз-өзіне деген сенімділік;
- статусқа бағдарлану,
- табандылық және өз-өзін бақылауда ұстау.
- «икемділік», «мобильдік» шкаласы бойынша төмен көрсеткіш;
- моделдеу;
- нәтижелерді бағалау.
Демек, адамның кез-келген іс-әрекетінің орталық элементі оның мотивациялық негіздері туралы мәселе болып табылады, өйткені мотивация іс-әрекетке ішкі импульстің болуын білдіреді. Өйткені, мотивтер адамның рухани, физикалық, экономикалық қажеттіліктерінің күрделі жиынтығының нәтижесі.
Қашықтықтан оқитын студенттердің оқу мотивациясы дәстүрлі формада оқитын білім алушылардікімен салыстырғанда кәсіпті меңгеру, диплом алуға, өзін-өзі дәлелдеуге көбірек бағдарланады. Сәйкесінше, дәстүрлі формада оқытушылармен «субъект-субъект» қарым-қатынасында студенттердің оқу-танымдық мотивтері нәтижелі дамиды, сондай-ақ өзара тікелей әрекеттесу коммуникативтік және әлеуметтік мотивтерінің қалыптасуына оңтайлы мүмкіндіктер туындатады. Оқу іс-әрекетін нәтижелі атқаруда жетістікке жету мотивациясы маңызды рөл атқарады. Қашықтықтан оқитын студенттерде жетістікке жетуге қарағанда, сәтсіздіктен қашу мотивациялары жоғары көркеткіштерге ие. Сәйкесінше, оларда өздік жұмыстарды орындау мен еркін әрекет етудің жоғары көрсеткіші байқалады. Ал, дәстүрлі формада білім алатын студенттердің мақсатты айқын қою, статусқа бағдарлану, табандылық көрсету сияқты негізгі тұлғалық сапалары қалыптасады. Дәстүрлі формада оқитын студенттердің қашықтықтан оқитын студенттермен салыстырғандағы негізгі айырмашылығы өзін-өзі реттеу барысында анық байқалады. Онлайн оқитын студенттер «икемділік», «мобильдік» дәрежесі бойынша жоғары көрсеткішке ие, сондай-ақ оларда өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі, өзгелермен жабық түрде бәсекелестікке түсу сияқты белгілер анықталды. Қашықтықтан оқитын студенттерінің сыртқы және ішкі жағдайларға сәйкес жылдам икемделу, өзін-өзі реттеу көрсеткіштері жоғары. Онлайн оқыту студенттердің жетістікке жетуге деген мотивациясының қалыптасуына тиімді жағдай жасайды, алайда білім алушының жеке тұлғалық сапаларының дамуына әсерін тигізбейді. Жетістікке жету мотивациясы бойынша дәстүрлі формада оқитын студенттерде: үнемі қозғалыста болу; мақсаттарды айқын қою және өз-өзіне деген сенімділік; статусқа бағдарлану, табандылық және өз-өзін бақылауда ұстау т.б байқалды. Ал, онлайн оқитын студенттерде өздік жұмыстарды орындау мен еркін әрекет ету дағдылары бойынша жоғары нәтижелер алынды. Педагогикалық-психологиялық зерттеу материалдарын талдау кәсіби құзыретті маман тұлғасын даярлауда оқу мотивациясының жетекші рөл атқаратындығын көрсетті. Қазіргі цифрлық білімдік ортада қашықтықтан оқыту технологиясын тиімді пайдалану алдыңғы қатарға шығып отыр. Сондықтан да, дәстүрлі формада білім алатын студенттер мен қашықтықтан оқитын студенттердің мотивациялық ерекшеліктерін салыстырмалы талдау онлайн оқыту жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Эмпирикалық зерттеу нәтижелері дәстүрлі және қашықтықтан білім алатын студенттердің мотивациясының қалыптасуында бірқатар айырмашылықтар болатындығын көрсетті. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қашықтықтан оқитын студенттердің мотивациясының құрылымында диплом алу және кәсіпті меңгеруге бағытталған мотивтер жетекші мәнге ие болады. Қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттердің жетістікке жету мотивациясы төмендейді, сәйкесінше, сәтсіздіктен қашу мотивациясы жоғарылайды. Онлайн білім алу студенттердің тайм-менеджментті игеруін, соңғы нәтижеге қарай бағдарлануын талап етеді. Онлайн оқитын студенттерде сыртқы және ішкі жағдайларға сәйкес жылдам икемделу, өзін-өзі реттеу көрсеткіштері жоғары. Сондай-ақ, олардың мотивациясы бәсекелестікке ұмтылуға негізделген. Аталған мотивация негізінен әлеуметтік өзара әрекеттестік нәтижесінде қалыптасады. Қашықтықтан оқитын студенттердің жетістікке жетуде маңызды болып саналатын тұлғалық сапалары төмен деңгейде қалыптасады. Ең негізгісі, қашықтықтан оқитын студенттерде тапсырманы өзбетімен орындау мен еркін әрекет ету және өзін-өзі бақылау жоғары деңгейде жүзеге асады. Зерттеу жұмыстары аясында мотивациядан бөлек, студенттердің өмір сүру жағдайы мен тұрмысына қанағаттану дәрежесін бағалау жұмыстары іске асырылды. Осы фактордың кәсіби іс-әрекетке оңтайлы бейімделу арасындағы корреляциялық байланыстың бар-жоқтығын анықтауға да мән берілді. Төмендегі 25-ші кестеде және 22-ші суретте студенттердің өмір сүру жағдайы мен тұрмысына қанағаттану дәрежесін бағалау нәтижелері берілген.