өздері оқып алғаннан кейін, бірнеше бала оларды дауыстап қайта оқып, әр сөздің мағынасын айтып беруі керек. Одан әрі сөздің буын, дыбыс құрамының әр түрлі болатынын білдіру керек те, енді сөздің түбірі, қосымшасы болатынын білдірген дұрыс. Түбірдің негізгі мағына білдіретін сөз бөлшегі, қосымшаның түбірге жалғанып, оған мағына үстейтіні, түбірдің мағынасын өзгертетіні, сөз бен сөзді байланыстыратыны біртіндеп түсіндіріледі. Гүлдер далаға көрік берді сияқты сөйлемдерді көшіргеннен кейін, ондағы сөздерді оқушыға қосымшасыз айттырып көру керек. Сондай салыстырулар нәтижесінде оқушылар қосымшалардың не керегі барын, сөзге қосымшалардың керектігін, жалғауға тиісті екенін аңғарады. Немесе домбырашы – домбыра, балықшы – балық, қой –
Достарыңызбен бөлісу: |