Құрамы ұғымына түсінік беру; сөз құрамын оқытудың түрлері



бет7/14
Дата02.02.2022
өлшемі81,25 Kb.
#117042
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Ана тілі оқыту методикасы қосымша мәліметтер
Сұрақтар
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Тіл дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері қандай?

2. Тіл дамыту жұмысының педагогикалық және лингвистикалық

ерекшеліктері жөнінде айтыңдар?

3. Оқушылардың бірнеше шығармасын оқып, оның кемшілік,

жетістіктерін көрсетіңдер.

4. Бастауыш сынып оқушыларына берілетін шығарма тақырыптары

қалай және қандай тақырыптарда беріледі?



4-тақырып. Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан

жіберген қателерін түзету жолдары

Мазмұндама мен шығарманық түпкі мақсаты -оқушылардың ойын және тілін дамыту болғандықтан, ең алдымен Бұл жұмыстардың мазмұны мен тіліне көңіл аударылуға тиіс. Бірақ Бұл айтылғаннан орфографиялық қателерді есепке алудың керегі жоқ деген пікір тумайды. Орфографиялық қателерді түзету осы кезге дейін бірінші міндет болып келді, әлі де осылай бола бермек.

Бұл жұмыс екі түрлі әдіс арқылы жүргізіледі:

1) Балалар өзін-өзі тексеруге нақты тапсырманы орындау мақсатымен бірте-бірте үйретіледі.

2) Балалар өзін-өзі тексеруге бір-бірінің жұмысын оқып түзету арқылы үйретіледі. Бұл жұмысты мұғалім оқушылар шығарманы түзету техникасын бірсыпыра меңгерген кезде бастайды. Кішкене балалар бірінің жұмысынбірі тексеруге, яғни қолдарына қызыл сия мен қалам алып, жұмыстың қатесін тауып, түзетуге зор ынтамен кіріседі. Бірақ мұнда ескерілетін жай -кейбір баланық дұрыс жазылған сөздер мен сөйлемдерді қате түзетіп қоюынан сақ болған жөн. Ол үшін мұғалім оқушылардың жұмысты жөндеу барысына көз жіберіп қарап жүреді, қажетті жерінде көмек береді және оларға асықпай оқып шығып, қай жерінде қате барын алдымен байқап алып қате екеніне әбден көзі жеткенде барып жөндеу керектігі ескертіледі. Жұмыстарға көз жүгіртіп қарап жүргенде бір қате 3-4 балада кездескен болса, ол сөзді жөндеп жатқан баладан не себепті жөндегені сұралады. Жұмыс барысында осы сияқты тәсілдер арқылы балалар бір-бірінің қатесін түзетіп болған соң, дәптерлерді мұғалім жинап алып кетеді, балалардың түзеткендерінің дұрыс-қателіктерін қарайды, баға қояды.

Бастауыш сынып оқушыларының жазған жұмыстарында кездесетін қателіктерді жоюдың екінші амалы -ол жұмыстарға толық талдау жасау. Бұл сабақтарда балалар өз жұмыстарында кеткен қателермен танысады, мұғалім Оқушылардың жұмыстарын тексеріп болған соң, ондағы қателерді топ-топңа жіктеп, барлық жұмысты салыстырады. Балалардың көпшілігіне тән қателерді анықтап, қатені талдау сабағын да осыған орай ұйымдастырады. Мысалы, оқушылардың көпшілігі бір сөзді бірнеше рет қайталаған болса, сол қайталаған сөздер тақтаға жазылады. Балалар ол сөйлемдердің қатесін түзейді. Балалар өз жұмыстарынан осы сөйлемдерді табады, қателері болса түзетеді. Жұмысының түзетілген жері көп оқушы оны қайта көшіреді.

Оқушылырдың қателерін талдауға арналған сабақтың алғашқы 5-7 минутын мұғалім жазылған жұмысқа шолу жасауға пайдаланады. Онда кейбір балалардың жетістігі аталып, тәуір жазылған жұмыстарының біреуі тұтас оқылып, әңгімеленеді. Кейбір жағдайда мұғалім әр жұмыстың жақсы жазылған жерлерінен үзінді оқиды, мысалы, бір жұмыстың мазмұнының түсініктілігі, екінші бір оқушының ойын жүйелі түрде баяндағаны нашар жақтары айтылады.

Мұнда да мұғалім кейбір жұмыстардан мысал келтіреді, сонан кейін тақтаға алдын ала жазылып қойылған сөйлемдермен жұмыс басталады.Оқушылардың өз қателерін байқауға және оның дұрысына көз жаттықтырып, екіншілей ол сөзден қате жібермеу үшін қайта көшіріп жазудың пайдасы көп. Ал, оқушылар шартты белгілер қоюға екінші сыныптың алғашқы кезінен үйретіледі. Онда алдымен бір белгі қойылады; оқушылар бұл белгіге әбден үйренген кезде екінші белгі қойылып, оның нені білдіретіні түсіндіріледі. Белгілер осылайша бірте-бірте меңгеріледі. Оқушылардың шығарма, мазмұндама жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың үшінші жолы - қатенің түріне қарай жаттығу сабақтарын өткізу. Мұндай сабақтарда балалар өздерінің жазба жұмыстарында мән бермеген, ойланбастан жаза салғандықтан кеткен қателерін сезінеді, дұрыс жазбағандарын саналы түрде түсінеді де, кейін ондай қателерді жібермеуге тырысады.

Мазмұндама мен шығармаларда кездесетін қателерді түзету үшін дидактикалық материалдарға байланысты жүргізілетін жұмыстардың маңызы зор.

Оқушылардың жазу жұмыстарында кездесетін қателерді болдырмау жолындағы жұмыстарды тиісті дәрежеде жолға қойып, үзбей жүргізіп отырмаса, ол қателер қайталана береді де, балаларда динамикалық стереотип жасалады, яғни ми қабығында шартты рефлекстер жүйесі орнығады. Соның салдарынан кейбір қателерден олар жоғары сыныптарда да арыла алмайды.

Шығарма жұмысын талдау былайша жүргізіледі:

1) Шығарма жазған оқушылардың саны.

2) Тақырыпты дұрыс ашып көрсеткен және орфографиялық қате

жібермеген оқушылар саны.

3) Жазған шығарма жұмысының мазмұны нашар оқушылар саны:

а) жоспардың бірде-бір пункті ашылмаған;

ә) жоспар түгел қамтылмаған.

4) Стильдік жағынан қате жіберген оқушылар саны:

а) сөйлемдегі сөздердің тәртібі бүзылған;

ә) бір сөзді қатар келген сөйлемдерде бірнеше рет қайталайды;

б) сөз орынды қолданылмаған;

в) сөйлемдегі сөздердің байланысы нашар.

5) Орфографиялық, пунктуациялық қате жіберген оқушылардың саны

(әсіресе қандай ереже бойынша көп қате жіберген; көпшілігіне тән

жекелеген қателерді жазып көрсету керек).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет