Құрамы ұғымына түсінік беру; сөз құрамын оқытудың түрлері


БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет4/14
Дата02.02.2022
өлшемі81,25 Kb.
#117042
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ана тілі оқыту методикасы қосымша мәліметтер

БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

1-тақырып. Тіл дамытудың мақсаттары, оған қойылатын талаптар

Бұлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде басталатын сауат ашу және тіл дамыту - қазақ тілі бағдарламасы салаларының негізгі құрамдық бөлігі. Сауат ашу және тіл дамыту кезеңіндегі оқу жұмысыныңмақсаты - оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.

Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың тілін байытып, жалпы білімін кеңейту мақсатына үштастырылады.

Сауат ашу және тіл дамыту жұмыстары бірнеше ке-зеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз мақсаты, соған сәйкес жүргізілетін жұмыс түрлері болады. Сауат ашу әуелі дайындық кезеңнен басталады. Дайындық кезеңінде мұғалім жеке баланы танып, білу мақсатында жұмыс түрін ойластыру керек. Осы кезеңде дыбыстар мен әріптерді меңгертуге байланысты орындалатын жұмыс түрлеріне жаттықтыру, даярлау, үйрету жұмыстары да жүр-гізіледі. Сауат ашудан кейін ғана оқушылар жазуға дағдыланады. Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психологиялық дене ерекшеліктері жөнінде мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама мен шығарманы бірінші сыныптан бастауға мүмкіндік бар. Бастауыш сынып оқушылары мазмұндама мен шығарма жазу барысында мынадай дағдыларға бейімделеді:

1. Оқушылар оқылған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын өз сөздерімен жазып, белгілеуге дағдыланады.

Бұл дағдыны меңгермей, шығарма жазуға көше алмайды. Осы жұмыстың барысында бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер автоматты түрде оқушылардың есінде қалады. Шығарма жазбас бұрын мазмұндама арқылы бірқатар процестерге жаттығу қажет.

2. Шығармада ұсынылатын тақырыпты түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы. Мысалы: "Біз ағашты қалай отырғыздық?" тақырыбы бойынша өздерінің ағаш отырғызғанда не істегендерін әңгімелеу керектігін ажырататындай болу керек.

3. Шығарма жазу үшін материал жинау дағдысы, яғни материал жинау барысында балалардың кейбіреуі үй ішінен сұрау мүмкін. Бастауыш сынып балалары бақылай білуге, кітаппен жұмыс жасауға, суреттерді қарап, қабылдай білуге жаттықтырылып, Бұл жаттығулар бірте-бірте дағдыға айналдырылуы қажет.

4. Жинаған материалдарын жүйелей алу дағдысы. Бұл дағдыға бастауыш сынып оқушылары алғашқы кезде мазмұндама арқылы үйретіледі. Қиындықты жеңу үшін балалар алдымен дайын мәтіннің жүйесін байңап

дағдыланады, яғни қандайда бір мәтіннің белгілі бір жүйемен құрастырылатынын үғады, білген-көргендерін әңгіме етіп құрастырғанда оны жүйелеп алуға дағдыланады. Егер бұған дағдыланбаса, жинаған материалдарын қалай жазуды білмей, еш нәрсе жазбай отырып қалады, шығарма жазуға қызықтырудың орнына керісінше әсер етеді. Олардың шығармаға деген ынтасын кемітеді.

5. Оқушылардың өз ойын дұрыс білдіру деген - шығарма яки мазмұндама жазғанда белгілі тілдік норманы сақтау, әдеби тілдің ең керек элементін пайдалана білу, сөйлемдерінің бір-бірімен байланысып, тілі жатық келуі.Ал, ойын түсінікті білдіру дегеніміз - оқушының ойы дәл, анық, көкейге қонымды болуы.

Шығарма мен мазмұндама жазу барысында балалар көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Олар арқылы балалардың лексикалық қоры байып, тілдері үстарады. Дайындық жұмыстар көбіне грамматикадан өтіледі, материалға сай, оқу сабақтарында жүргізіледі.

6.Оқушының жазғандарын тексеру, түзету, жақсарту дағдысы. Бұл дағдыға үйретуде де көптеген қиындықтар кездеседі. Оқушылар шығарма, мазмұндама жазғанда көбінесе мұғалімге бірінші болып тапсыруға асығады да, жазғандарын қайта оқымайды, сөйтіп, жазған жұмыстарының бірде-бір сөзін, не тыныс белгісін, не әріп қатесін түзетпестен тапсырады. Бұл жөнінде мұғалімнің ескеркерткен сөзі де әсер етпейді.

Бұл дағдыға балаларды үйрету қанша қиын болғанымен, олар жазғандарына сын көзімен қарап, түрлі себептермен жіберген қателерін батыл түзету дағдысын бастауыш сыныптарда үйренуге тиіс.

7. Оқушының әңгімесін белгілі бір тұлғада (бастауышпен баяндауыштың бір шақтық тұлғада келуі) баяндай білу дағдысы.

Міне, шығарма, мазмұндама жұмыстарында берілетін дағдылардың бастылары осылар.

Шығарма жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білім мен ойын өз сөздерімен жарыққа шығаруға жол беру қажет.

Ш.Кәрібаев. "Шығарма жаздыру жұмысы оқытушының үнемі басшылық етіп отыруын керек қылады. Өйткені, не болса соны, кез келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, шыңдыңқа үйлестіріп, еркін меңгере алатын материалды жаздырған дұрыс", -дейді. Сондықтан мазмұндама мен шығарма мұғалімнің басшылығымен дұрыс әдіс қолданылып жүргізгенде ғана белгілі бір нәтиже береді, мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім Бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптарды жақсы білуі тиіс.

I Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынандай мақсаттарды көздейді.

1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету.

2. Оқушыларға қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сөзімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылар беру.

3. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу.

4. Оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оқай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну.

5. Оқушылардың іскерлік қабілетін арттыру.

Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір әдістемелік талаптарға сүйенеді. Ол талаптар мынандай:

1. Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалын берілген тақырыптағы негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеуі қажет.

2. Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы.

3. Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс.

4. Оқушылар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл, анық білдіретіндей етіп іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс.

5. Басы артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуы тиіс.

6. Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сөйлем өткен шаңта екінші сөйлем келер

шақта тұрмасын.

7. Оқушылардың жазба жұмыстарында кейде жергілікті ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер орын алады. Мұндай қателерден саң болу жағы есте болуы керек.

8. Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдысын оқушылар міндетті түрде меңгеру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармалары мен мазмұндамаларында бұл көрсетілгендердің бірден түгел орындалуын талап етуге болмайды. Бірақ жазба жұмыстарын жүргізген кезден бастап-ақ бірте-бірте оқушылар жоғарыда көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет