Құрамы ұғымына түсінік беру; сөз құрамын оқытудың түрлері


-тақырып. Бастауыш сыныптағы диктант, оның түрлері



бет3/14
Дата02.02.2022
өлшемі81,25 Kb.
#117042
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ана тілі оқыту методикасы қосымша мәліметтер

2-тақырып. Бастауыш сыныптағы диктант, оның түрлері

Диктантты есту факторына негізделген жаттығу жұмыстарының бірі деп атау керек. Бастауыш сыныптардадиктанттың есту, түсіндірмелі, терме, еркін, бақылау, өздік және шығармашылық тәрізді түрлері қолданылады. Ал жаздырылатын материалдың сипатына қарай 1-сыныпта әріп диктанты, буын диктанты, сөз дик-танты дейтін түрлер де пайдаланылады. Бұл балалардың әріп жазуды қалай үйреніп келе жатқанын белгілі буындардың құрамында неше әріп, қай әріптер бар еке-нін, буын жасап тұрған не әріп екенін, қалай түсінетіндігін байқау үшін, кемшіліктерін қолма-қол түзетіп, дұрыс бағыт беру үшін жүргізіледі. Сонымен, Бұл диктанттардың оқушылар білімін байқау, бақылау, үйрету мәні бар.

Диктантқа қажетті қағидалар

Мәтінді таңдағанда, мынадай қағидаларға сүйену керек:

1. Диктант тексі мазмұны жағынан оқушыларға түсінікті, тәрбиелік мәні бар және әдеби тілдің талаптарына сай болуы керек.

2. Екінші, бақылау диктанты әр түрлі жанрдағы шығармалар үзінділерінен құрастырылуы қажет. Егер белгілеген мәтін үзіндісінде сөз саны мөлшерден аз болса, онда мәтінге мөлшерге сөйкестендіріп бірнеше қосымша сөйлемдер қосуға болады.

Тоқсандар

I тоқсан


II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

2-сынып 20 - 25 сөз

25 - 30 сөз

30 - 35 сөз

35 - 40 сөз

3-сынып 40 - 50 сөз

45 - 50 сөз

50 - 55 сөз

55 - 60 сөз

4-сынып 60 — 65сөз

65 - 70 сөз

70 - 75 сөз

75- 80 сөз

3. Диктант мәтінінің құрамындағы сөздердің бәрі оқушыларға түсінікті болуы керек. Егер түсініксіз және сирек қолданылатын емілесі қиын сөздер үшырасып қалса, ондай сөздер түсіндіріліп, тақтаға жазылады.

4. Диктант мәтінінің емле қиындығы орташа дәрежеде болады. Мәтін құрамындағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлем құрылыстары өтілген бағдарлама материалына сай сұрыпталады.

5. Диктант мөтінінде әрбір өтілген ережеге байланысты кем дегенде 2-3 орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері болуға тиіс.

Жазба жұмыстарының нормалары

Бағасы


1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып

"5"Қатесіз 1 қате Қатесіз 1 әріп қатесі каллиграфия

Қатесіз Қатесіз

"4 "2 қате 1 -2 түзету

1-2 қате 1 түзету 1 қате Ітүзету 1 қате 1 түзету

"3"3 қате,2-3түзету

3 қате 1

түзету


2 қате 1

түзету


2 қате Ітүзету

Ескерту: 1-сыныпта шығарма, мазмұндама берілмеген, бірақ Бұл жұмыстарға дайындық жұмыстарын жүргізуге болады.1 -сыныптың аяғында оқушы 15-17 сөз жаза алатындай болуы керек.Қатемен жұмыс Есепке алынбайтын қателер

1) Бағдарламада көрсетілген ережелерден жіберілген қателерден өзге осы

сыныпта орфография мен тыныс белгісінің ережелері оқытылуына

байланысты жіберілген қателер есепке кірмейді.

2) Бастауыш мектептерде және осы сыныпқа арналған оқулықтың жаттығуларында кездеспеген сөздерден жіберілген қате есепке алынбайды.

3) Байқаусыздан жаңсақ жазылған сөздердегі қате есепке кірмейді:

келмейді - кемейді, болыпты - бопты, т.б.

Алайда, қателерді жаңылып жазылған дей беруге болмайды. Оқушының жаңылып жазған сөзін оның дұрыс жаза алатынын көз жеткенде ғана қатеге есептемеу керек. Егер де жаңылып жазылған жағдай үштен асып кетсе, онда оларды емле қатесі деп санайды.

4) Екі түрлі жазылып жүрген сөздердің бір түрі жазылса, немесе екі түрлі қойылып жүрген тыныс белгісінің біреуі қойылса, онда диктант тексіндегі жазуға дәл келмей тұр деп, қатеге есептеуге болмайды. Мысалы: қазір-кәзір, өйткені-үйткені, т.б. Егер де диктантта қате жазылған сөз не тыныс белгісі қайталанып келсе, онда олар бір қатеге есептеледі.

Өрескел қателер

1) Орфография мен тыныс белгісінің өтілген ережелерінен жіберілген қателер.

2) Игеріп алуы қиынға соқпайтын ережелерге байланысты жіберілген қателер.

3) Сөздерді тасымалдаудан жіберілген қателер.

4) Дефис арқылы жазылатын сөздерден жіберілген қателер. Мысалы: қоссөздер, демеулік шылаулар, қысқарған сөздерге дефис арқылы жалғанатын қосымшалар.

Жеңіл қателер

1) Диктант өткізген кезде оқытылып бітпеген және әлі өтілмеген ережелерге байланысты.

2) Күрделі жалқы есімдердің бас әрпін дұрыс қолданбау, сол сияқты әріптерді дұрыс таңбаламау.

3) Үтір, тырнақшаларды дұрыс қолданбау (сөзді, сөз тіркестерінің үтір, тырнақшаларын бір жағына ғана қойып, екінші жағына қоймай кету)

4) Төл сөзден кейін келген автор сөзінің алдынан, сызықшанық алдынан үтірдің орнына нүкте қойып қою.

5) Бір ережеге байланысты жіберілген бірнеше қате (үш және оннан да көп қате) болса, онда оқушының бір ғана ережені нашар білетінін ескерту қажет. Тыныс белгісінен де бір ғана ережені нашар білетінін ескерту қажет. Тыныс белгісінен де бір ғана ережені білмегендіктен, жіберілген қатені жеңілге жатқызған жөн.

Грамматикалық ойындар

"Қай әріпті жоғалттым?" ойыны.

Бұл ойын бірінші сыныпта әліппеден а, ә, и, й, у, ц, ө, о әріптерін үйренгенде; екінші сыныпта қазақ тілінен дыбыс пен әріп оның ішінде жуан және жіңішке дауыстылар: ы, і, у, у, и, й, я әріптерінің жазылуын өткенде;

үшінші сыныпта и, й, я, ю әріптерінің емлесі, сондай-ақ э, е, в, х, һ, ч, щ, ц

әріптері бар сөздерді қайталау кезінде пайдаланылады.

Ойынға бір әрпі қалдырылып кеткен сөздер бар бір-неше карточкалар жасалынады. Карточкалардың суреттегі заттың атын білдіруге арналған түрі төмендегідей болады.

Ал жеке сөздерг еарналған карточкалар кіта..., б...лық, ...ғаш сияқты болып дайындалады. Жоғалған әріптер карточкаларын жаеағанда сөздердің басынан, ортасынан, немесе соңынан әріптер қалдырылады. Карточкалар сыныпттағы 5-6-дан келетіндей мөлшерде, әр тақырыптың мазмұнына қарай жасауға тиіс. Ойынға ең алдымен суретті карточкалар қолдану қажет."Қай әріпті жоғалттым?" ойыны сабақта жаттығудың бір бөлімі ретінде

4-5 минут көлемінде жүргізіледі. Сондай-ақ мектепте күн ұзағына болатын топтарда, мектеп интернаттарында, сыныптан тыс уақыттарында да ойнауға болады.

Ойын төртібі: а) әріптері кем карточкалар сыныптағы оқушыларға үйлестіріліп беріледі. Ойынға қатысушы әрбір оқушы өзіндегі әріптерден керектерін алып, әр сөздегі жоқ әріптердің орнына қоюға тиісті. Мұғалім

белгіленген уақыт ішінде оқушылардың орындаған жұмыстарын көріп шығады, қай оқушының қалай орындағанына талдау жасайды. Қолына берілген карточкалардың жоғалған әріптерін түгелдей дұрыс тауып қойған оқушы ойында үтқан болады; ә) Ойынның екінші түрінде екінші сыныптар екі топңа (вариантқа) бөлінеді. Тақтаға әр топтың орындауына арналған карточкалар ілініп қойылады. Ойынға қатысушы оқушылар өз топ-тарына

берілген карточкалардың жоғалтқан әріптерін тауып, сөздерді дөптерлеріне толық етіп жазып шығады. Мұғалім орындалған жұмыстарды қарап, қай топтан қанша оқушының дұрыс орындағанын анықтайды. Қай топтың қатесі аз болса, сол топ ұтады.

"Қай буынды жоғалттым?" ойыны \/Орфографиялық талдау

Бұл қазақ тілі сабағында жүргізілетін басқа жұмытармен қатар жасатылады. Ол әсіресе, грамматикалық талдау және диктант жұмыстарына байланысты жүреді. Емлелік талдау (және диктант) үш жолмен жасалады.

1. Баспа мәтінді талдау.

2. Мұғалім тексеріп берген оқушылардың жұмысын талдау.

3. Мұғалім берген тапсырманы талдау.

Бірінші түрде талдау жасағанда, оқушыларға -"Неліктен осылай жазылған?", екінші түрде "Неліктен осы түзетілгендей етіп жазу керек?", сұрақтарын қою үшінші түрде де тиімді. Емлелік талдау әр сабақ сайын біршама уақыт жүргізіліп отырылады. Бұл жұмыс оқушылардың дәптерін тексерумен де байланысты жүргізіледі. Оның да әдісі түрліше: мұғалім оқушы дәптерін тексеріп, қателерін түзетіп береді де олардан осылай түзеп жазудың дұрыстығын түсіндіріп беру талап етіледі. Егер мұғалім оқушының жіберген қателерін түзетпей, оларды түрліше белгімен (астын сызу, т.б) көрсетіп қойған болса, онда оқушылардан қате жіберген сөзді

қалайша дұрыс жазуға болатынын сұрап, дәлелдеткізеді. Осындай міндеттерді орындау оқушының әуелде шала түсінген ережелерді қайта ойланып, толық түсінуіне пайдалы мүмкіндік туғызады.

Қатеден сақтандыру жұмысы

Бұл оқушыларды сауатты жазуға үйретудің тиімді төсілдерінің бірі. Бұл жұмыстың кейбір жолдары мыналар: Оқушы озін мұғалім алдында еркін

сезінуі. Оқушы өз бетімен жазу жұмысын орындап отырғанда өзіне түсініксіз ұғымды, не жазылуы қалай екенін кәміл біле алмай отырған объект туралы мұғалімнен қысылып-қымсынбай сұрап алуы тиіс.- Оқушылар түрліше, өсіресе орфографиялық сөздікті пайдалану арқылы кептеген емлесі қиын создердің дұрыс жазылу жолдарын біледі.

- Емлесі қиын сөздердің дұрыс жазылу үлгісі сынып қабырғасына ілініп қойылады.

- Оқушыларды сауатты жазуға үйрету жаттығулары ауызша және жазбаша тілді дамытып, байланыстырып сөйлеуге дұрыс жазуға үйретуде үтымды пайдаланылуы тиіс.

Тест (фонетикалық талдау) Дыбыс және әріп.

І-нұсқа


1. Мына сөздердің дауысты дыбыс (жуан, жіңішке) әріптерін теріп жаз,

қыс, суық, боран, түман, үсік, әйнек, ирек.

а) дауысты дыбыс әріптері...

ө) жуан дауыстылар...

б) жіңішке дауыстылар...

2. Сөздерді буынға боліп жаз: Құралай, аңқу, жаз, қуаныш,

өнерлі.

3. Буынға бөлінген дұрыс сөздерді (+) белгісімен бел-гіле:

о-қу-шы, оқ-у-шы, Оқу-шы, о-қушы.

4. Дұрыс тасымалданған созді тауып (+) белгісімен

белгіле:

кезекші: кезекші, кезе-кші, к-езекші, кезек-ші,

5. Берілген создерге дыбыстық талдау жаса.

Адам, ерік, ырыс, кіріс.

II нұсқа

1. а-ә, о-ү, ү-ү, ы-і дыбыстарын салыстырып, сөздерді тексер, дұрысына (+)

белгісін қой. Ақ, он, ұқ, ұшақ, жібек,тиын,отын; ән, үн, ұшақ, жібек, тиін,

отын.


2. Берілген сөздерден дауыссыз дыбыстың әріптерін

тауып, көп нүктенің орнына жаз.

Балмүздақ, гүлдесте, ғарышкер, данышпан, жаңбыр.

Қатаң...


Ұяң...

Үнді...


3. У әрпінің жазылуы. Көп нүктенің орнына әріпті қой

(ү,у,ұ)-...ыз г...іл қа...ыз шы...ыл ...ық ...ақ та...ық ш...ақ

4. Сөздердің дұрыс жазылуын тексеріп, дұрысына (+) белгісін қой.

Бұу сушы улы оқу бекіу жуу. Бу сүушы ұулы оқыу беку

жүу.

5. И, Й әріптерінің жазылуы. Дұрыс жазған сөздерге



(+) белгісін қой.

жи ймек кійін қыйын биыл жй имек киін қиын бйыл

III нұсқа

1. Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Кіта..., мекте..., клу..., қа..., тала...

2. Б, п дыбыстарының жазылуы. Дұрыс жазылған сөздерге (+) белгісін

қой:

доп ұшыб тоб



доб ұшып топ

3. с-з, с-ш дыбыстарының жазылуы. Сөздерді дұрыстап жаз:

Қасса- бапшылық жүссе-қашша- құшша-4. Л, р дыбыстарының жазылуы. Дұрыс жазылған

сөздерге (+) белгісін қой:

лақ лай рас ілек ылақ ылай ырас лек

5. Я,ю дыбыстарының жазылуы. Сөздерді дұрыстап

жаз.

Айақ- түйақ- қиа- айу-Айу- үйа- қиар-тойу-Сұрақтар мен тапсырмалар:



1. Бастауыш сыныптағы диктант, оның түрлерін ата.

2. Диктант түрлеріне сипаттама бер.

3. Диктантқа қойылатын нормалармен жұмыс жаса.

4. Қатені түзету жолдарын көрсет.

3-тақырып. Бастауыш сыныптарда ана тілі, қазақ тілі пәнінен тестік жұмыстар

Оқушылардың білімін тексеруге, балалардың дең-гейіне қарай тапсырма беріп білімін бағалауға тестің орны зор. Мысалға, Ана тілі, Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына тарау, тақырып бойын-ша өткізілген тестер оқушыларды өтілген тапсырмалар-ды қайталап жүруге, өлеңді жаттап, оны кім жазғанын, не туралы екенін, мәнін-мағынасын есінде сақтауға мүмкіндік береді. Баланы ізденуге, ережелерді ұмыт-пауға

жетелейді. Қазақ тілі бойынша дауысты-дауыс-сыз, бірыңғай жуан, үнді дыбыстардың айырмашылық-тарын, сөз таптардың ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтайды.

Сонымен қатар:

- Баланық білімін ашады;

- Деңгейін көтереді;

- Өзінің бір нәрсені білетініне сендіреді;

- Ойландырады;

- Ойын салыстырады;

- Өзіне-өзі баға береді;

- Жауапкершілікті болады;

- Сабаққа қызығады.

Осындай әр сыныпта өткізілген тест жұмыстарының бірнеше түрін төменде көрсете кетейін.

Ана тілі 1-сынып

I нұсқа

1. Қазы-қарта, жал-жая, қай малға қатысты айтылған?

а) Қой ә) Түйе б) Жылқы

2. Қазақтың суырып салма аңыны: а) Абай ә) Жамбыл б) Ахмет

3. Қазақтың түңғыш ғалымы:

а) Ыбырай ә) Шоқан б) Қастеев

4. "Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқатап болар-сың" қай мәтіннен алынған?

а) Не тәтті? ә) Әке мен бала б) Оқымысты бала

5.Жер-су атын тап:

а) Жайық ә) Айнүр б) Қүлагер

6. Ықылас болса, төзім де болады. Қай мәтінге қа-тысты айтылған:

а) Жүзім ә) Екі соқа б) Өнерлі жігіт

7. Қатар шапқан қос түлпар:

Ай астында қазақ үй.

а) Жазғытүрым ә) Ел таңба б) Біздің ту

8. "Адам болам десеңіз" кімнің өлеңі?

а) Ахмет ө) Жамбыл б) Абай

9. "Жерді босқа қопарма, ол да - сенің анаң" мәтінінің

атын тап:

а) Әке мен бала ә) Төзім б) Жер-ана

10. "Шырағым, ержетерсің

Шыңдалсаң шыңға жетерсің". Кімге берілген бата?

а) Абай ә) Ыбырай б) Шоқан

11.Қазақтың "БұлБұләншісі" атанғанөнші: а) Шара ә) Күләш

б) Роза

12."Кел, балалар, оқылық!" Кімніңөлеңі? а)Ахмет. ә)Ыбырай б)әл-Фараби

13.Шоқанның досы кім?

а) Сотников ә) Мысық б) әл-Фараби

14. Абылайдың шын аты кім?

а) Әбілмансүр ә) Сабалақ б) Қабанбай батыр

15. Бес қарудың бірі:

а) Шоқпар ә) Мылтық б) Қамшы

16. Қазақтың үш биінің бірі:

а) әл-Фараби ә) Әйтеке б) Абай

17. Жылқы атын тап:

а) Тайбурыл ә) Мойнаң б) Шара

18. Түйе атасы не деп аталады?

а) Зеңгібаба ә) Ойсылқара б) Сексеката

19. Қазақтың түңғыш ғарышкері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет