Құрамы ұғымына түсінік беру; сөз құрамын оқытудың түрлері



бет6/14
Дата02.02.2022
өлшемі81,25 Kb.
#117042
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ана тілі оқыту методикасы қосымша мәліметтер

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама жазыңдар.

2. Суреттер бойынша мазмұндама жазыңдар.

3. Көрген кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жазыңдар.



3-тақырып. Шығарма және оның түрлері

Жоғары сыныптарда шығарма жаздыру әдістемесін зерттеуші Е.Дайрабаев шығарма мен мазмұндаманық айырмашылығын айқын атап көрсетті. "Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз - белгілі тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Шығармада Оқушының өзі туралы, өнер жөнінде, оқыған немесе талдаған әдеби туынды жайындағы ойлары баяндалады. Оқушы тиісті тақырып бойынша мәтінді өзінше жазады"."Шығарма" терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде өз көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымында түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп беруін айтамыз.

Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады:

1) Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;

2) Экскурсия бойынша;

3) Өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрының спектакльдері, т.б.)

байланысты;

4) Оқушының іс-әрекетіне (ойын, еңбек, т.б.) байланысты тақырыптар.

Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті болатұрғанмен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасын белгіледік. Оқушылардың жазған шығармаларының көлемі шамамен:

I сыныпта 20 - 30 сөз.

II сыныпта 30 - 60 сөз.

III сыныпта 60-130 сөзге дейін барады.

Енді шығарманық жоғарыда көрсетілген түрлеріне жеке-жеке

тоқталайық.

1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты шығарма жұмысы. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлемді дұрыс құру дағдысын қалыптастыруда оларды үйде немесе сыныпта оқыған шығармалары мен үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлетіп, үйретудің пайдасы зор. Шығарманық бұл түрінің білімділік, тәрбиелік мәні де зор. Мұндағы ұтымды мәселенің бір үшы бала өзін қоршаған айналаға сын көзімен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, іскер мен кертартпаны, кішіпейілділік пен дәрекілікті байқайды; Бұлар жөнінде өз сезімін білдіреді.

Бұл жұмысты мұғалім алдын ала, жан-жақты ойластырып, дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Балаларды сөйлеткенде олардың сөйлемдерінің қысқа әрі түсінікті, жүйелі құрылуына назар аударған жөн. Ол үшін мұғалім жетекші сұрақ қойып отырады.

Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар естіген, оқыған әңгімелерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді және тілдік Көркемдікті пайдаланып, нәрлі ойларын еркін білдіруге әдеттенеді.Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқыған, яғни естіген әңгімелерінің мазмұны бойынша шығарма жаздыруды түрліше ұйымдастырып жүр:

1) Оқушылар оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмұнын сақтай

отырып, өз сөздерімен еркін шығарма жазады.

2) Оқыған немесе естіген әңгімелерінің үлгісіне еліктеп, өздері ойдан

шығарып жазады.

Дұрыс ұйымдастырылса, Бұл жұмыстың екеуінің де пайдасы мол. Әңгіменің мазмұнын сақтай отырып жазған шығармадаоқушылар әңгімедегі оқиғаға, қүбылыстарға өз білгендерін қосып, одан алған әсерлерін білдіреді.Бұл - оқушының шығармашылық қабілетін дамытады, тілін үстартып, ойын жүйелі баяндауға тәсілдіреді.

Шығарманық бұл түрлерін "сендер мынадай әңгіме оқыдыңдар, сол бойынша шығарма жазыңдар" деген сияқты нұсқау беру арқылы ұйымдастыруға болмайды. Бұл жұмыста мұғалім үлкен шеберлікпен, дұрыс басшылық етуі тиіс.

Оқушылар тіпті өздері жақсы білетін әңгімелерінің мазмұнын да бірден өз сөздерімен жазып бере алмайды. Сондықтан алғашқы кезде оқыған мәтіндердің мазмұны мұғалімнің көмегімен әңгімеленеді де, кейін балалар-дың өздері айтып және жазып бере алатын болады.

Мысалы: 1-сыныптың "Ана тіліндегі" "Сырғанақ" деген мәтіннің мазмұнын мысал ретінде басшылыққа ала отырып, шығарма жаздыру үшін бастапқы кезде мынадай дайындық жасалады. Мұғалім оқушылармен жақында "Анатілі" кітабынан " Сырғанақ" деген мәтін оқығандары жөнінде әңгімелесіп, сол мәтіннің мазмұнын еске түсіреді. Сонан кейін оқушыларға ескертеді: -Сендер қазір осы мәтіннің мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беруге дайындалықдар. Айбол туралы мәтінде айтылмай қалған жерлерін өз жандарыңнан қоса айтықдар. Мысалы: Мәтінде Айболдың сырғанаққа қай күні барғаны айтылған ба? Оқушылар: - Жоқ, Айболдың сырғанаққа қай күні барғаны айтылмаған, - деп жауап береді.

- Айбол төбеге сырғанақ тебуге қай күні барды деп ойлайсыңдар? (Ол сырғанақ тебуге демалыста барды).

- Айбол сырғанақ тебуге асыққан ба екен? Сендер ше? (Біз де сырғанақ тебуге асығамыз. Айбол да демалыс болуын асыға күткен шығар)

.- Ол күні ауа-райы қандай болды екен? (Демалыста күн жылы болатын).

Ал осылар жөнінде мәтінде айтылған ба? (Жоқ, Бұл жөнінде мәтінде ештеңе айтылмаған).

- Ендеше, алдымен Айболдың демалысты асыға күткені, ол күні ауа-райының қандай болғаны жөнінде сөйлем құрастырайық (Айбол демалыстың болуын асыға күтті. Демалыста күн жылы болды).

- Айбол сырғанаққа бармас бұрын не істеді? Сендер не істейсіңдер?

Бірден шығып жүре бересіңдер ме?

- Жоқ, біз алдымен киінеміз, сонан соң шанамызды аламыз.

- Олай болса, Айбол да солай істеген шығар, Бұл жөнінде әңгімеде бар

ма? Оны қалай айтсақ екен?

- Ол жылы киініп, шанасын алды. Төбеге барды.

- Онда кімдер бар екен? (Онда сырғанақ тепкен балалар көп).

- Айболға ойын қызықты болды ма екен? Қалай ойлайсыңдар? (Ойын

қызықты болды.)

- Айбол үйге қандай сезімде оралды?

(Айбол үйге көңілді оралды).

Алдымен осы мәтіннің мазмұнын оқушылар еркін ауызша айтады.

Оқушылардың әңгімесі:

"Қыс қызығы басталды. Айбол демалыс күнін асыға күтті. Демалыста күн жылы болды. Ол жылы киініп, шанасын алды. Төбеге барды. Онда сырғанақ тепкен балалар көп. Ойын қызықты болды. Айбол үйіне көңілді оралды.

Экскурсия бойынша шыгарма жұмысы.

Бастауыш мектепте сабақ беріп жүрген мұғалімдер, көбінесе шығарманы табиғат құбылыстарына, жыл маусымдарына байланыстыра жаздырады. Бұл, әрине дұрыс та, өйткені, табиғат құбылыстарын балалар күнбе-күн кәріп, байқап жүргендіктен, өздері білетін таныс нәрсені баяндау оларға көп қиындық келтірмейді. Мысалы, қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки тебу, аққала соғып, кісі жасап ойнайтын ойындары, т.б. туралы шығармажаздыруғаболады. Бұл құбылыстардың қайсысы болсын - шығарма жаздыруға болатын тақырып.

Біз жыл маусымдарына байланысты табиғаттағы өзгерістер, табиғатқа және өндіріс орындарына экскурсия нәтижесінде жиналған мағлұматтарды жинаған материалдарын қорытуды экскурсияға байланысты шығарма деп топтастырдық. Өйткені, даладағы егістік шаруашылық, т.б. еңбекті, табиғаттағы өзгерістерді балалар экскурсияға шығу арқылы немесе айналаға жіті қарап, зер сала отыру арқылы бақылайды. Мысал: Қыста ағаштардың бүтағының жапырағы түсіп әрінен айырылып, көктемде олар жанданып, жапырақ сала бастайтынын, қыста мал пішенде тұратынын, ал көктемде жайылымға шығатынын, т.б. байқайды. Бұл өзгерістердің себебін білу арқылы балалардың дүние танымы кеңейіп, білім қоры артады. Сонымен қатарбалалар өндіріс орындарындағы еңбекпен де экскурсия жасау арқылы танысады. Мүның барлығы шығарма жазуға қажет болып есептеледі. Бірақ шығарма жазу дағдысына тәсілмеген, бастауыш мектеп балалары, әсіресе 1-2 сынып оқушылары бақылау арқылы жинаған материалдарын өз беттерімен бірден жазып кете алмайды.

Сондықтан оларға мұғалімнің көмегі керек, 1-2 сыныптардағы

шығармалардың барлығы дерлік мұғалім-нің басшылығымен өткізілетін

үйрету шығармасы болып есептеледі.

Оқудың алғашқы күндерінен бастап-ақ мұғалімдер балалардың көңілін табиғаттағы өзгерістерге аударып, оны байқап жүруді үйрете бастайды, кейін бірте-бірте балалар байқаған белгілерін дәптерлеріне түсіруді, табиғат күнтізбесін жасауды үйренеді. Мұндай жұмыстар бірде балаларды ауа райын, желдің бағытын, Бұлттың аспанда бар-жоғы сияқты әңгімелер арқылы өтсе, көл жағасына немесе өндіріс орындарына экскурсияға шығарылып, әңгіме өткізу арқылы ұйымдастырылып отырады.Балаларды экскурсияға шығарып, онда алған әсерлерін әңгімелеп жазып беруге үйрету жұмысы мектептерде түрлі-түрлі ұйымдастырылып жүр.

Мұғалімдердің бір тобы экскурсияның болатын күнін, мезгілін балаларға күні бұрын хабарлаудан бас тартады.

Олар балалардың көңілі алаң болады деген оймен ешбір ескертусіз, балаларды бірден далаға алып шығып, ағаш шөп, өсімдіктердің өзгерісін өзі айта бастайды да, содан соң сұрақ-жауапқа көшеді.

Ал мұғалімдердің екінші тобы экскурсияның жоспарын алдын ала жасайды: балалармен не жөнінде әңгіме өткізілетіні, онда әсіресе, не нәрселерге көңіл аудару керектігі, экскурсиядан қандай қорытынды шығарылатыны ойластырылады. Тіпті, экскурсияда балаларга қанша сөз үйретілетіндігі де алдын ала анықталады. Сонымен қатар балаларга, экскурсияға қай күні, не мақсатпен баратындары, онда не көретіндері, не

нәрселерге көңіл аудару керектігі, не жөнінде сұралатыны күні бұрын ескертіліп, сол экскурсияға алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Осы екі әдістің екеуі де эксперимент арқылы сыналған. Бақылау нәтижесі соңғы әдістің тиімді екенін көрсетті. Экскурсияның мақсаты, көңіл аударатын мәселелері белгілі болған соң, балалар өз беттерімен де бақылай жүреді және не істейтіндері мәлім болған соң, шуламай, әрқайсысы әр жаққа бытырамай, ұйымдасқан түрде жүреді, қолайсыз жағдайларға да үшырамайды.

3)Өнер салаларына байланысты шығарма жұмыстары.

Көркемөнердің түрлі саласына байланысты, яғни сурет өнері, кино скульптура, т.б. бойынша шығарма жаздыру бақылау менбайқауғасүйенеді. Өнердің бұл салаларымен танысу, әсіресе, суретте бейнеленгендерді талдап, таразылау - бастауыш сынып оқушылары үшін өте күрделі де ауыр еңбек. Өйткені, суретші баяндап отырған сырды ұғыну кішкене балалар үшін оқайға соқпайды.

Балаларды әр саладағы Көркемәнерді түсіне білетіндей, жан-жақты дамыған мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу үшін, Көркемәнердің әр саласымен таныстыруды бастауыш сыныптан бастау керек.Өнер саласына байланысты шығарма жүргізу, біріншіден, педагогиканық бақылау мен байқау принципіне негізделсе, екіншіден, көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушының кәру сезіміне ойына әсер ету арқылы тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Суреттерді пайдалану жөнінде де әдістемелік әдебиеттердің барлығында бірыңғай нұсқау берілген:

1) Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

2) Оқушыларға берілетін бағыт.

3) Суретті оқушылардың байқап, қарап шығуы.

4) Суреттің мазмұнын анықтау.

5) Оқушылардың сұрақтарына мұғалім жауап береді.

6) Суреттің мазмұны мұғалімнің сұрауы негізінде баяндалады.

7) Суреттің мазмұнын ашатын жоспар жасау.

8) Дайын жоспар бойынша суреттің мазмұнын оқушылардың өздері

айтып беруі.

9) Сөздік жұмыстары.

10) Дайын жоспарға сүйеніп, шығарма жазу.

11) Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай, осы аталған жұмыстардың бәрі немесе кейбір түрлері ғана орындалуы мүмкін.

Сурет бойынша жаздырылатын шығармада мынадай жағдайлар ескеріледі.

1) Балалар сурет бойынша жұмыс жасауға алдын ала дайындалған жағдайда және оларға ұсынылған суреттің мазмұны толық талқыланса ғана тиісті нәтиже күтуге болады.

2) Сурет бойынша шығармажаздыру жоғары сыныптарда да (4-сыныптан бастап) жүйелі түрде бастауыш мектепте берілген дағдыға негізделе жүргізілуі тиіс.

Кинофильмдер бойынша шығарма жұмыстары: Қазіргі кезде бастауыш мектептерге арналған 100-ден астам қысқафильм-әңгімелер мен фильм-очерктер бар. Олардың тақырыптары да алуан түрлі. Бұл фильмдер оқушыларға жыл мезгілдері, жан-жануарлар, балалар өмірі, ауыл мен қала өмірі, т.б. туралы Көркем тілмен баяндап береді.

Бұларды мұғалім тарих, табиғаттану, анатілі, оқу, тіл дамыту сабақтарында пайдаланады.

Тіл дамыту жұмыстарында фильмдердің қандл й түрлерін көрсетуге болады:

1) Қысқа метражды Көркем фильм. Мазмұны алуан түрлі фильмдерді мұғалім балалардың жас шамасына лайықтап, іріктеп алады. Фильмнің мазмұны балаларды ұйымшыл болуға, қажырлылыққабаулып,

еңбексүйгіштік пен отаншыл ұлтшыл рухта тәрбиелеуге тиіс екені еш уақытта естен шықпауға тиіс.

2) Табиғатты суреттейтін фильмдер. Бұл фильмдер балалардың тілін дамытумен қатар, оларды байқағыштыққа тәрбиелейді. Мұғалімнің сұраулары арқылы балалар фильмнің қажетті жерін салыстыра отырып, ондағы өзгерістерді байқайды, ол байқағандарын әсерлі тілмен көркемдеп айтып беруге талпынады.

3) Мультфильмдер. Түрлі ертегілер, күнделікті өмір негізінде жасалған мультфильмдерді балалар қызыға қарайды; олардың мазмұнын үғып, түсінеді. Кішкене балалар мұндай фильмдерді нақты шындықтың көрінісі ретінде қабылдайды.

4) Диафильмдер. Бұл фильмдерді қазақ бастауыш мектептерінде кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Өйткені, мұндай фильмдерді көрсету үшін арнаулы киноқондырғылардың қажеті жоқ, ал фильмоскопты барлық мектептің сатып алуына болады.

Мектептерде кино көрсету арқылы шығарма жаздыру жұмысы мынадай жағдайда өтеді.

1) Фильм көрсетілер алдында мұғалім кіріспе әңгіме өткізеді;

2) Фильм көрсетіледі (мұғалім түсіндіріп түруы қажет);

3) Фильмнің мазмұны талқыланады;

4) Фильм қайтадан көрсетіледі (мұнда мұғалім қайтадан көрсетудің

тиімділігін ескере отырып, оны қалай көрсетуді ұйымдастырады);

5) Сөздік жұмысы;

4) Оқушының өз іс-әрекетіне байланысты шығарма жұмыстары.

Оқушылардың өздері туралы және олардың тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде жазылатын шығарма жұмыстарын біз оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма деп топтадың.

Бұл топқа енгізілген шығармалар тақырыбы балалар үшін тартымды, өйткені мұнда балалар өздері істеген істері жөнінде жазады. Мысалы: балалардың еңбек әрекетіне байланысты "Біз ағашты қалай отырғыздық", "Мен үйде кеше не істедім?", "Мен мамама қалай көмектестім?","Біз қалайкезекші болдық?", "Мен құсңа қалай ұя жасадым?", "Мен киімдерімдіқалай тазалаймын?", "Жексенбі күні қалай сырғанақ тептік?", т.б тақырыптарға шығарма жаздыруға болады. Шығарманық Бұл түрін балалар өз беттерімен жинаған материалдары бойынша жазады: мұнда балалардың ойнаған ойындары немесе үйде, мектепте, қалада айналысқан істері жоспармен ұйымдастырылмайды. Мәселен, балаларға: кеше үйде қандай жұмыс істегендерің жөнінде жазыңдар деген тапсырма берсе, олардың әрқайсысы өзі істеген жұмыстарын, т.с жазады. Шығарманық бұл түрін үйден жазып келуге тапсыруға да болады. Бұл топтағы шығармалар сипаты, мазмұны жағынан алуан түрлі болып келеді; бастауыш сынып оқушыларына не үнайтынын, оларға не жақын екендігін шығарманық осы түрінің қорытындысынан аңғаруға болады, балалар сөйлемді өз қалауынша құрап, ойын еркін білдіреді, шығарманық Бұл түрі оқушылардың қаншалықты шығарма жазу дағдысының қалыптасып, тілінің дамығандығын байқау мақ-сатында жүргізіледі.

Оқушылар 2-сыныптан бастап қабырға газетіне мақала жазып үйренеді.3-сыныптан бастап туысына немесе жолдасына хат жаздырып үйрету керектігі көрсетілген.

Қысқа түрде хат жаза білу шығарманық ең маңызды түрі болып саналады.3 -сыныпта хаттың ең қарапайым, жай түрі үйретіледі. Хат жазу үшін тақырыпты өздері күнде кәріп жүрген оқиғалардан алуы керек. Мысалы:

"Біздің бөлме қандай?", "Біздің мектеп", т. б.Хаттың ерекше түрі - құттықтау ретінде жазылатын хат. Олар мереке қарсаңында жазылады. Балалар хатты жолдастары мен туыстарына ғана жазып қоймайды, сонымен қатар басқа мектептердің оқушыларына да жазады.

Сонымен шығарма мен мазмұндама жұмыстарын дидактикалық принципке сүйеніп, жүйелі түрде жазды-рылады. Шығарма мен мазмұндаманы түрлендіре жүргізу оқушылардың белсенділігін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет