Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдары қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланыспен байланысу ретін нәруыздардың бірінші реттік құрылымы деп атайды
Аминқышқылдары бір-бірімен пептидтік байланыстар арқылы қосылады.
Бұл байланыстар бір аминқышқылының аминтоптарының басқа аминқышқылдарының карбоксил тобымен әрекеттесуі барысында, су молекулаларының бөлінуі нәтижесінде құрылады.
Судың бөлінуімен жүретін реакция-конденсация реакциясы, ал пайда болған ковалентті көміртек-азот байланысы пептидтік байланыс деп аталады.
Нәруыздар бір-бірінен бірінші реттік құрылымды түзетін амин-қышқылдарының реттілігі бойынша ажыратылады. Ол өз кезегінде сол нәруызды кодтайтын ДНҚ (генде) молекуласы бөлігіндегі нуклеотидтердің ретіне тәуелді:
Пептидтік тізбектер бір бағытқа қарай орналасады және екіұшы болады: бірінші аминқышқылының бос амин топтарын тасымалдаушы N-ұшы және соңғы аминқышқылының карбоксил тобын тасымалдаушы С-ұшы.
Екінші реттік құрылымы .
Көптеген нәруыздар әртүрлі амин қышқылдарының СО – и – NH арасындағы сутектік байланыстар негізінде спираль жасайды.
Көптеген нәруыздар әртүрлі амин қышқылдарының СО – және – NH топтары арасындағы сутектік байланыстар негізінде спираль жасайды.
Бір орамдағы NH-топтарымен көршілес орамдағы СО-топтары арасында түзілетін сутектік байланыстар арқылы оралым ұсталып тұрады.
Пептидтік тізбектердің екінші реттік құрылымының бірнеше түрлері белгілі, олардың ішіндегі негізгілері - α-шиыршық және β-қатпарлы қабат, α-шиыршық-өзекке ұқсас берік құрылым.
әрбір амин-қышқылдары қалдығының СО-тобы NH-тобының төртінші қалдығымен әрекеттеседі.
Нәруыздың екінші реттік құрылымының типі оның бірінші реттік құрылымымен анықталады.