Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы 10 сынып


Нәруыздың бірінші реттік құрылымы



бет3/5
Дата29.09.2022
өлшемі4,42 Mb.
#151109
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
10сынып5сабақ. Нәруыздардың құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу.
7-сабақ. Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы, 11Мар, 13М

Нәруыздың бірінші реттік құрылымы


Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдары қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланыспен байланысу ретін нәруыздардың бірінші реттік құрылымы деп атайды
  • Аминқышқылдары бір-бірімен пептидтік байланыстар арқылы қосылады.
  • Бұл байланыстар бір аминқышқылының аминтоптарының басқа аминқышқылдарының карбоксил тобымен әрекеттесуі барысында, су молекулаларының бөлінуі нәтижесінде құрылады.
  • Судың бөлінуімен жүретін реакция-конденсация реакциясы, ал пайда болған ковалентті көміртек-азот байланысы пептидтік байланыс деп аталады.
  • Нәруыздар бір-бірінен бірінші реттік құрылымды түзетін амин-қышқылдарының реттілігі бойынша ажыратылады. Ол өз кезегінде сол нәруызды кодтайтын ДНҚ (генде) молекуласы бөлігіндегі нуклеотидтердің ретіне тәуелді:

  • Лиз-гл-ала-тр-ала-ала-лиз-гл-фен-арг-глн-гис-мет
    Полипептид түзетін пептидтік байланыс.
  • Пептидтік тізбектер бір бағытқа қарай орналасады және екіұшы болады: бірінші аминқышқылының бос амин топтарын тасымалдаушы N-ұшы және соңғы аминқышқылының карбоксил тобын тасымалдаушы С-ұшы.

Екінші реттік құрылымы .

  • Көптеген нәруыздар әртүрлі амин қышқылдарының СО – и – NH арасындағы сутектік байланыстар негізінде спираль жасайды.
  • фибрин

Нәруыздың екінші реттік құрылымы

  • Нәруыздың екінші реттік құрылымы сутектік байланыстар арқылы орындалады.
  • Көптеген нәруыздар әртүрлі амин қышқылдарының СО – және – NH топтары арасындағы сутектік байланыстар негізінде спираль жасайды.
  • Бір орамдағы NH-топтарымен көршілес орамдағы СО-топтары арасында түзілетін сутектік байланыстар арқылы оралым ұсталып тұрады.
  • Пептидтік тізбектердің екінші реттік құрылымының бірнеше түрлері белгілі, олардың ішіндегі негізгілері - α-шиыршық және β-қатпарлы қабат, α-шиыршық-өзекке ұқсас берік құрылым.
  • әрбір амин-қышқылдары қалдығының СО-тобы NH-тобының төртінші қалдығымен әрекеттеседі.
  • Нәруыздың екінші реттік құрылымының типі оның бірінші реттік құрылымымен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет