Құрамы жайлы жалпылама мəліметтер Жер қойнауларын көзбе-көз зерттеудегі адамзаттың қолы



бет6/12
Дата01.10.2023
өлшемі149,5 Kb.
#183227
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лек 2

Жер қыртысы литосфераның беткі бөлігін құрайтын,
төменгі жапсары Мохоровичич шекарасымен шектелетін қатты
жердің ең үстіңгі қатқабаты. Жер қыртысы алуан түрлі
таужыныстардан құралған, оның литосфералық мантиядан
(перидотитті қабаттан) оқшаулану принципі өз бойынан
өткен сейсмикалық толқындар жылдамдығының Мохоровичич
Геотектоника жəне геодинамика
29
шекарасында күрт өсуіне негізделген. Жер қыртысын
құрайтын таужыныстардың ортақ мөлшерге келтірілген
тығыздығы 2,77 г/см3, оның ең астыңғы қабаты болып
табылатын базальтты қабатты таужыныстар тығыздығы
3 г/см3-тан аспайды. Ал базальтты қабатты төсейтін
литосфералық мантия (перидотитті қабат) заттарының
тығыздығы 3,1-3,3 г/см3 аралығында. Олай болса, Мохоровичич
шекарасы деңгейінде сейсмикалық толқындар жылдамдығының
күрт өсу себебін көп қиындықсыз түсінуге болады.
Жер қыртысы шартты түрде үш қабатқа жіктеледі, олар
базальтты қабат, гранитті қабат жəне шөгінді қабат деп
аталады (төменнен жоғары қарай). Астыңғы жəне ортаңғы
қабаттар «базальтты қабат» жəне «гранитті қабат» деп шартты
түрде аталғандығын ескерген жөн. Бұл қабаттарды тілгілеп
өтетін сейсмикалық толқындар жылдамдығының сол қабаттар
қимасында базальттардан (тығыздығы 2,9–3,0 г/см3) жəне
граниттерден (тығыздығы 2,7–2,8 г/см3) өту жылдамдықтарына
сəйкес келуі бұл қабаттардың осылайша аталуына себепші
болған. Алайда бұл қабаттар қимасында базальттар мен
граниттерден өзге де талай таужыныс түрлері ұшырасады, олай
болса жер қыртысының үш қабатқа жіктелуі оны құрайтын
алуан түрлі таужыныстардың геологиялық процестер
барысында өздерінің тығыздық көрсеткіштеріне сəйкес
сұрыпталу (сепарирование) нəтижесі деп түсіну қажет.
Базальтты қабат пен гранитті қабаттың жапсарласу
деңгейі Конрад шекарасы деп аталады, бұл шекараның көрініс
беру тереңдігі өзгермелі болып келеді, ол зерттелген аймақтың
геологиялық құрылыс ерекшелігіне жəне жербедер
ерекшеліктеріне тəуелді. Гранитті қабаттың беткі жазықтығы
көне платформалардың «қалқан» деп аталатын бөліктерінде
жəне қатпарлы құрылымдар ауқымында жер бетіне шығып
жатады. Шөгінді қабат тек қана көне платформалардың
«тақта» деп аталатын бөліктерінде жəне қатпарлы
құрылымдар ауқымындағы ірілі-ұсақты аймақтық ойыстар
мен ойысымдарда ғана ұшырасады. Алуан түрлі шөгінді
таужыныстардан тұратын бұл қабаттың қалыңдығы кең
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
30
аралықта өзгереді (бірнеше м-ден ондаған км-ге дейін), бұл
көрсеткіш зерттелген аймақтың геологиялық даму
ерекшеліктеріне тікелей тəуелді.
Жер қыртысы тік бағытта да, көлбеу (горизонталь) бағытта
да біркелкі емес. Оның тік бағыттағы əркелкілігі жоғарыда сөз
болған үш қабатқа жіктелуімен анықталса, көлбеу (горизонталь__________)
бағыттағы əркелкілігі «континенттік қыртыс» жəне
«мұхиттық қыртыс» деген түсініктердің енгізілуімен жəне бұл
қыртыс қималарының айтарлықтай өзгешеліктерімен
анықталады: континенттік қыртыс қимасында жоғарыда сөз
болған үш қабаттың үшеуі де «базальтты, гранитті жəне
шөгінді қабаттар) ұшырасады жəне континенттік қыртыс
қалыңдығы 35-75 км аралығында өзгереді (жазықтарда 35-40 км,
тауларда 75 км-ге дейін). Мұхиттық қыртыс қимасында
гранитті қабат мүлдем болмайды, тек қана габбро-
базальттардан жəне тереңсулық шөгінділерден тұратын мұндай
қима қалыңдығы да 10 км-ден аспайды.
Жер қыртысы қимасының тік жəне көлбеу (горизонталь)
бағыттардағы əркелкілігінің жалпылама сұлбалары 2.1- жəне
2.2-суреттерде көрсетілген.
Бір ескеретін жайт – жер қыртысын литосфералық
мантиядан (перидодитті қабаттан) бөле-жара қараудың
теориялық тұрғыдан алғанда ұтымды емес екендігі. Жер
қыртысын құрайтын үш қабат (базальтты, гранитті жəне
шөгінді қабаттар) жəне литосфералық мантияны құрайтын
перидотитті қабат төртеуі бірігіп «литосфера» деген түсінікті
беретіндігі жоғарыда айтылды. Теориялық мəселелерді жасақтау
барысында «жер қыртысы» жəне «литосфералық мантия»
деген түсініктерді бөле-жара қарамай, тұтас «литосфера»
түсінігін қолдану ұтымды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет