Қарастырылатын негізгі мәселелер: 1. Мәліметтер қорын құру және өңдеу.
2. Сұрау. Таңдамаға сұранысты құру
Негізгі ұғымдар. Әрбір Access мәліметтер базасының құрамында бір немесе бірнеше кестеледен тұратын байланысқан объектілер суреттеледі.Өрістер объектінің атрибутына немесе қасиетіне сәйкес құрылады. Әрбір өріс үш элемент арқылы сипатталады:
1) Өріс - өріс аты, кестеде қайталанбауы тиіс;
2) Мәліметтер типі - өрістегі мәліметтер типі;
3) Сипаттама - өріс қызметіне түсініктеме беру;
Access – тің ішінде 8 түрлі мәліметтер типі пайдаланылады, олар:
Мәтіндік – ұзындығы 255 символға дейінгі мәтіндік информацияны сақтау үшін қажет;
МЕМО өрісі – 32000 символға дейінгі көлемдегі мәтіндерді сақтай алады. Оның ерекшелігі - өрістегі информациялар басқа бір жерде сақталып, ал өрістің өзінде сол информациялардың қайда орналасқанын анықтайтын көрсеткіштер сақталады;
Сандық – сандық мәлеметтерді сақтау үшін қажет. Осы типтегі өрістің көлемін бірнеше нұсқалардан тадауға болады: бүтін, көп разрядты бүтін, жылжымалы нуктелі.
Бүтін сандар – 32768 бен 32767 аралығында, көп разрядты бүтін сандарр – 2147483648 бен 2147483647 аралығында және жылжымалы нүктелі сандар 1.401298Е-45 пен ...402823Е38 аралығында анықталған болу тиіс. Нақты енгізілетін өріс үшін санның бөлшегінің көлемі де берілуі мүмкін;
Дата / уақыт – күн / ай /жыл /форматында мерзімді және сағат: минут: сикунд pm не am (pm – 12.00- ден кейін, ал am – 12.00- ге дейін) форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет. Бұл типтегі өріс форматын алдын ала таңдапмалған дұрыс. Өріс форматының мүмкіндіктері: Күннің толық форматы( мысалы, 3.01.03 09: 00: 12);
Қысқа форматы ( мысалы, 12.07.01); Орташа форматы ( мысалы, 31- окт- 03); Ұзын форматы( мысалы, 21 майа 2001г.);
Ақшалай – ақшалай көрсетілген информацияларды енгізу үшін қажет. Жалпы, оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен. Осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. Өріс форматындағы тізімін қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың үлгісін беруге долады. Өте үлкен сандардың дәл мәнін сақтау үшін (+/- 900 триллион) жиі қолданылады;
Санауыш – жазбалар реттік нөмірін анықтауц үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет (бұл өріс мәндерін теруге, өзгертуге болмайды);
Логикалық – логикалық мәліметтерді (Иә/Жоқ, 0/1, Ақиқит/Жалған, т.с.с.) сақтау үшін керек;
OLE - Windows қолданбалы программаларынан алынған OLE технологиясын сүйемелдейтін құжаттарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындадағы мәліметтер тізімінінен таңдап алынады. Қай формат таңдалса,да, кестеде логикалық өріс жалаушалармен кескінделеді. Жалаушаны тышқанмен шертіп «Иә» мәні b белгісін орнату арқылы, ал «Жоқ» мәні өрісті бос қалдыру арқылы енгізіледі.
Бұдан басқа, «Жалпы» ішкі бетінде өрістің бірсыпыра қасиеттер жиыны беріледі, «Алмастыру» ішкі бетінде басқару элементінің типі көрсетіледі. Олар Access өрістердің 11 түрлі сипаттамаларын, яғни қасиеттерін көрсете алады. Енді өрістердің негізгі қасиеттерін қарастырып шығайық:
Өрістің ені мәтіндер үшін алдын ала келісім бойынша 50 символ болып алынған, сандық өрістер үшін мына типтердің біреуі алынады: Байт, бүтін сан, ұзартылған бүтін сан, жылжымалы нүкте ені 4 немесе 8 байт, репликация коды;
Формат – қағаздағы және экрандағы информация түрін анықтайды;
Енгізу қалқасы – онда мәліметтердің енгізілу түрін анықтайтын формат көрсетеледі,
Қолтаңба – формалармен басылымдарға арналған өрістер сипаттамасы (өрістер аты ретінде қолданылады);
Алдын ала бекітілген үнсіз келісім мәні – өрісте автоматты түрде бірден мәндер, бірақ оларды кесте немесе форма режимінде өзгертуге немесе жаңадан енгізуге болады,
Мәнге қойылатын шарт – Access-тің енгізілген мәнге реакциясын анықтайтын логикалық өрнек;
Қате туралы хабарлама – өрістегі информация мәнге қойылған шартты қанағаттандырмаған жағдайда шығатын хабарлама;
Міндетті түрде толтырылатын өріс – өріске мән беру қажеттілігін анықтайды;
Индекстелген өріс – мәліметтер іздеуді жеделдету үшін осы өріс бойынша тиндекс құру қажет пе, жоқ па соны анықтайд.
Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгелен аспайтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.
Microsoft Acceess программасын іске қосыңыз.
Miсrosoft Access терезесінде мәліметтер базасын ашу (открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұраныс құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгісін екі рет шертсеңіз, сонда үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады.
Кесте қосу терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.
Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Көлемі, Бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.
Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонда кестеден көлемі 500 – ден аспайтын кітаптар іріктеліп алынады.
Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға <150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана іріктеліп алынады.
Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №2 зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесіне енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде – бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыздар.
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту.
Қарапайым сұраныс (Простой запрос) режимін таңдау.
Алынған мәліметтерді қарап шығу .
Тапсырма 2
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Қарапайым сұраныс режимін таңдау.
Белгілі бір өрістерінде қайталанып келетін мәндері бар кестені таңдау (Маркасы, Түсі өрістері секілді).
Қарапайым нәтижелік (итоговый) сұраныс жасау. Ол үшін сұхбаттасудың екінші қадамында Қорытындылар (Итоги) батырмасын басу.
Ашылған сұхбаттасу терезесіндегі сандық өрістер үшін қорытынды мәндерді есептеуді енгізу).
Алынған мәліметтерді қарап шығу керек .
Бастапқы кесте үшін “Жазбаларды санау” (“Подсчет записей”) қатарына жалауша қойып қорытынды сұраныс құру қажет.
Алынған мәліметтерді қарап шығу керек .
Тапсырма 3
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
Сұраныс құруға қажетті кестені таңдау.
Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсету.
Белгілі бір өріс мәліметтерін олардың өсуі бойынша реттеп сұрыпталатындай етіп орналастыру.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту, мысалы, Түсі өрісі үшін “ақ” мәнін көрсету.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Немесе (Или) қатарын қолданып, жазбаларды кестеден таңдау шартын күшейту, мысалы, Түсі өрісі үшін “ақ” мәнін, ал Маркасы өрісі үшін “Жигули” мәнін көрсету.
Сұраныс сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осы сияқты әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
Тапсырма 4
Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
Сұраныс құру үшін екі немесе одан да көп байланысқан кестелерді таңдау.
Бірнеше кестелерден таңдап ала отырып, осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсетір шығу.
Өрістердің біреуіне сұрыптау шартын енгізу.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту.
Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.