10 жастан 20 жасқа дейінгі жасты «қой жасы», «қотан жасы» деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың «ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау» сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау, сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған.
20 жастан 30 жасқа дейінгі жасты «жылқы жасы» деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел танып, жер танып, жылқының жиырмаа қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да батыр болу талабы қойылады. Ұрпақтарды жасына қарай талап қойып тәрбиелеу тәрбиенің жұғымдылығын арттырады. Ар- намысты, атақ –даңқты жеке басы мен өз мүддесін жоғары қоюдай ұлы мұрат, асқақ арман орнатуына тамаша негіз қалайды.
Қазақ отбасында тәрбие мына бағыттарды (Ш.Ахметов) қамтыды:
- тәрбие басы – әдептілікке үйрету;
- мейірімді бала тәрбиелеу;
- тіл алғыш, елгезек бала тәрбиелеу;
- адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеу;
- білгір болу, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның
сөзін тыңдату, «Ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол» дегенді бойларына сіңіре беру;
- үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйрету-басты міндет;
- «Кісі айыбын бетіне баспа» дейді. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп кісілердің табиғи кемдігін көрсетпе деген сөз; Ел қорғаны батыр болу, халық алдында қызмет ету, өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді
03
Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (2007), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы Заңы» (2002). Үкіметтен қолдау тапқан бұл құжаттарда үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал, ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы қажетті жағдай болып отыр. Отбасы мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, кұқық, әдептану, тарих т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамалар кезіктіруге болады. Олай болса, отбасының бірнеше анықтамаларына тоқталайық. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Отбасы» – өзіне, «неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ»– деген анықтама берілген. Оның мүшелері тұрмыстық ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан.
Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт. Неке–отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлізайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата– анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе–бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар -отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді
Отбасы тәрбиесі– нақты отбасы жағдайындағы ата-ананың басқа туысқандарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру жүйесі. Бала бойында жақсы мінез-құлықтарды сіңіруде ата-ананың, үлкендерінің жеке бас үлгі-өнегесі ерекше рөл атқарады. Бала оларға қарап, еліктеп өседі. Кейбір ата-ананың балаға айтар өсиеті мен күнделікті тіршіліктегі іс-әрекеті, мінез-құлқы сай келе бермейді. Балаға өтірік айтпа, ұрлық істеме, біреудің ала жібін аттама, кісіге қиянат жасама дей отырып, ата-ана немесе отбасының өзге мүшелерінің өзі осы қылықтармен айналысса, бала тәрбиесіне теріс әсер етері сөзсіз.
Бала тәрбиесіне байланысты қазақ халқының салт-дәстүрлері
Балаға ат қою Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды.
Бесікке салу Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды
Тұсау кесу Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл–бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.
Тоқым қағу
Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде
«Тоқым қағар» тойы жасалады. Жиналғандар домбыра
тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты ойынсауыққа айналад
Назарларыңызға рақмет!
reallygreatsite.com