Сервис және сауалу кезеңдерінің ұзақтығы мен сүттілікке қоңдылықтың әсері
В. Ф. Воскобойниковтың зерттеулеріне қарағанда қара ала тұқым сиырлары салмағының бұзаулау алдында 530-550 кг тартқаны жөн . Бұзаулау алдындағы тірілей салмағының тым төмендеуі оның сүттілігінің 300 кг дейін төмендеуінің себепші болады , ал салмағы 500 кг сүтін кемітеді . Ал суалу мерзімі 30 күн болса , ссүттілігі 20 % кемиді .
Азықтандыру мен күтіп - бағудың әсері
Азықтандыру және күтіп - бағу сиыр сүттілігіне әсер ететін ең маңызды жағдай . Көптеген шаруашылықтарда азықтандыру және күтіп - бағу жағдайын жақсарту жолымен сиыр сүттілігін 60 % арттырып та отыр .
Сүтінің мөлшері жемшөптің сапасына , әр түрлілігіне және рационның толық құндылығына да байланысты . Сондықтан сауын сиыр рационы протеин , витамин , минералды заттар мөлшеріне қарап реттеледі . Белок пен углеводтардың да өзара байланысына көп көңіл аударылады . Оның 1,5 : 1 болғаным дұрыс . Ал азық өлшемінде де 100-120 г сіңімді протеин болуы керек . Жемшөп жетіспесе сауын маусымында сауылатын сүт мөлшері де төмендеді . Ал әрі азық азайып , құнарлығы төмендеген кезде тіпті күнделікті сауылатын сүттің өзі азаяды . Сиыр тез суалады
Азықтандыру жақсарту және әрбір кг сауылған сүтке 1 : 1,2 азық өлшемін беру сиыр сүттінің мөлшерін жоғарылатуға , сондай- ақ бузаулаған сиырдың тез ширауына әсерін тигізеді .
Сиыр сүттілігіне күтіп - бағу жағдайы да әсер етеді . Суық қорада тұрған сиырдың зат алмасуы бұзылады . Күнделікті берілген азық денедегі жылу алмасуға жұмсалады . Сөйтіп сиырдың сүті кемиді . Сондықтан да қазіргі кездегі сапалы азық беріліп , жылы кешендерде тұрған сиырлар әрбір кг сауылатын сүтіне азықты аз жүмсайды .
Сиырдың бұзаулау маусымының әсері
Шаруашылықтарда жемшөп жеткілікті жағдайда сиырдың бұзаулау маусымы оның сүттілігіне көп әсер ете қоймайды . Бірақ біздің елде ауа райы бір- біріне ұқсамайтын климаттық аймақтар көп болатындықтан және олар сиыр сүттілігіне әсерін тигізетіндіктен бұзаулау маусымын ескермеуге болмайды . Әсіресе сиырдың біркелкі азықтандыра алмаған жағдайда оның бұзаулау маусымы сүттілікке әсерін міндетті түрде тигізеді .
Сондықтан егер жемшөбі жеткілікті болса , солтүстік аудандарда сиырдың қыс айларында бұзаулағыны дұрыс .
Мұндай жағдайда сауын маусымының жартысы жайылым отының піскен шағына деп түседі . Мұның бұзау өсіруге де пайдасы бар . Бұзау сүт еметін кезiн қыс айларында өткізіп , көк шыққанда жайылымда отығады , Мысалы , наурызда бұзаулаған сиырлардың санын маусымының екінші жартысы көктем айларында өтеді . Мұның өзі сиыр сүттілігіне әсер етпей қоймайды . Жыл бойы байлауда тұратын жемшөбі мол кешендерде сиырды жыл бойы бұзаулата беруге болады .
Қорытынды
Сиырдын сүттілігіне әсер ететін жағдайлар. Сиырдың сүттілігіне оның тұқым қуалаушылығы және басқа да бірнеше жағдайлар әсер етеді. Олардың бастылары: тұқымдық ерекшелігі, азықтандыру мен күту, сауылған және суалған маусымы, жасы, салмағы, сауу тәсілі және тағы басқалар, Сиырдың тұқым ерекшелігі. Жаңа тұқым шығарарда, ғалымдар алдына бір мақсат қойып, оны орындау жолында қатаң сұрыптау, байыпты жұп таңдау жұмыстарын жүргізеді. Осындай жолмен алынған асыл тұқымды сүт өнімділігі өте жоғары келетін сиырлар көптеп кездеседі сондықтан сиырдың сүтті болуы тұқымына байланысты. Мысалы, сүті көп дегенмен майлылығы төмен сиырларға голландияның қара ала, қырдың қызыл сиыры және т.б жатады. Бұл сиырлардың сүттілігі 3500-5000кг болғанмен майлылығы 3,4-3,7 процент шамасында.
Пайданған әдебиеттер
Қ.Ш.Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум; Оқу құралы - Алматы,2008.
Б.Б Ысқақбаев. Сиырды қолда өсіру оқу құралы-Алматы,Қайнар,1987-114 бет
Достарыңызбен бөлісу: |