72. Гидролиз константасы мен дәрежесінің арасындағы байланысты көрсетіңіз. Гидролиз процесіне температураның әсерін көрсетіңіз.
Сандық көрсеткіштері бойынша гидролиз құбылысы гидролиздену дәрежесі (һ) және гидролиздену константасымен (К) сипатталады. Гидролиздену дәрежесі деп, тұздың гидролизденген бөлігінің оның ерітіндідегі жалпы концентрациясына қатынасын айтады:
Һ = C2/C
C2 - заттың гидролизге ұшыраған бөлігі; С- еріген заттың жалпы концентрациясы.
Гидролиздену дәрежесі (һ) тұз құрамындағы әлсіз компоненттің табиғатына, температура мен тұздың концентрациясына (Стұз) тәуелді. Тұз ерітіндісін сұйылтқанда және қыздырғанда гидролиздену дәрежесі артады
Гидролиздену дәрежесі. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген CN- тұзының гидролиздену реакциясын жалпы түрде былай жазуға болады:
немесе Бұл реакцияның тепе-теңдік константасы
Сұйытылған ерітінділерде еріткіш ретінде алынатын судың мөлшері өте үлкен болатындықтан, оның концентрациясы іс жүзінде өзгермейді. Сондықтан [H2O] мәнін тұрақты деп қарауға болады. Сонда оның көбейтіндісі де К[Н2О] тұрақты болады. Осы мәнді гидролиз константасы деп атайды.
Гидролиз константасының (Кгидр) сандық мәнін КН2О және КНА шамалары бойынша жеңіл есептеп табуға болады. Cудың иондық көбейтіндісі теңдеуінен
мұндағы КH2O – cудың иондық көбейтіндісі.
[OH-] мәнін жоғарыдағы (1) теңдеуге қойса, онда
мұндағы Кқыш - әлсіз қышқылдың диссоциациялану константасы.
Осы (2)-ші теңдеу бойынша тұздың гидролиздену константасын анықтауға болады. Мысалы, қандайда бір тұздың концентрациясы С (моль/л) болсын; егер гидролиздену дәрежесі һ болса, онда тұздың Сһ молі гидролизденеді және Сһ моль HCN және Сһ г-ион ОН- түзіледі. Осыдан былайша жазуға болады:
Һ мәні 1-мен салыстырғанда әдетте өте кішкентай шама болатындықтан, және
деп қабылдауға болады
Соңғы теңдеуден гидролиздену дәрежесі:
а) КН2О үлкен болғанда, яғни температура жоғарылағанда;
б) Кқыш кіші болғaнда, яғни гидролизге ұшырайтын әлсіз қышқылдан түзілген тұздың Кқыш мәні аз болғанда;
в) концентрация С төмен болғанда, яғни ерітінді күшті сұйытылғанда гидролиздену дәрежесі артатыны байқалады.
Сонымен, гидролизге ұшырайтын тұздардың гидролиздену дәрежесін, гидролиз константасын және ерітіндінің рН мәнін мынадай формулалар бойынша есептейді:
1. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар (KCN, CH3COONa және т.б.) үшін: рН = 7 + ½ pKқыш + ½ lg Cтұз
Мұндағы KH2O – судың иондық көбейтіндісі; Кқыш - әлсіз қышқылдың диссоциациялану константасы (рКқыш = -lg Kқыш); Стұз – тұз концентрациясы.
2. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар (NH4Cl және т.б.) үшін:
рН = 7 - ½ pKнег - ½ lg Cтұз
Мұндағы Кнег - әлсіз негіздің диссоциациялану константасы (рКнег = -lg Kнег).
3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар (NH4CN, CH3COONH4 және т.б.) үшін:
рН = 7 + ½ pKқыш - ½ pKнег
Мұндай тұздардың гидролиздену дәрежесі концентрацияға (сұйылтуға) тәуелді емес.
Әлсіз компоненті көп негізді қышқылдар (H2S, H2CO3, H3PO4 және т.б.) немесе көпқышқылды негіздер (Zn(OH)2, Al(OH)3 және т.б.) болып келген тұздар гидролизге сатыланып ұшырайды.
Гидролизге температураның әсері. Температураның жоғарлауымен гидролиздің күшеюі судың эндотермиялық диссоциациясының артуымен түсіндіруге болады:
Н2О = Н+ + ОН- -57 кДж/моль
Температура жоғарылағанда бұл тепе-теңдік солға ығысады, яғни гидролиз реакциясы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |