Құрамында Al2(SO4)3 (C=0,004 моль/л) + Na


Комплексті қосылыстардың диссоциациялану константасы және тұрақсыздық константасының мәнін мысалдар арқылы көрсетіңіз



бет6/22
Дата24.12.2023
өлшемі10,11 Mb.
#199016
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
аналитика 3 деңгей

67. Комплексті қосылыстардың диссоциациялану константасы және тұрақсыздық константасының мәнін мысалдар арқылы көрсетіңіз.








68. Хромотография. М.С.Цвет жұмыстарына шолу жасаңыз. Қазіргі кездегі хроматографиялық әдістер жайлы толық сипаттайтын мәліметтер дайындаңыз.

Хроматография зерттелетін заттың бір-бірімен араласпайтын екі түрлі фазада әртүрлі дәрежеде еруіне, таралуына негізделген талдау әдісі. Хроматография әдісі медициналық, биологиялық, фармацевтикалық зерттеулер мен клиникалық тәжірибелерде көп қоданылады. Бірнеше минуттың ішінде-ақ хроматография әдісімен бойынша улы, ұшқыш заттардың, есірткінің, ішімдіктің қандағы мөлшеріне талдау жасауға болады.


Хроматография әдісінің көмегімен биологиялық сұйықтардағы микрокомпоненттерді анықтауға және оларды жеке компоненттерге бөліп алуға болады. Диагностика саласында хроматография әдсінің қажеттілігі күннен- күнге өсуде. Фармацевтика саласында дәрілік заттарға талдау жасауда қолданады. Хроматография әдісінің аналитикалық химияда бөлу және құрамы күрделі заттарға талдау жасауда маңызы зор.

1) Хроматография әдісінің негізі.


Хроматография әдісін 1903 жылы орыс ботанигі М.С. Цвет ашты, ол өсімдік жапырақтарының пигменттерін бөлуде хроматография әдісін қолданды. Ол «аралас ерітіндіні адсорбент бағанасы арқылы сүзгенде, пигменттер жеке әр түрлі боялған аймақ түріндегі жекелеген қабатқа бөлінетіндегі туралы» бірінші болып көрсетті.




69. Затты ерітіндіге айналдыру және анализ әдісі. Құрғақ зат анализіне тоқталып, анализдеу барысын түсіндіріп іске қосыңыз.
Құрғақ заттар анализін жүргізу үшін, әдетте құрғақ зат ретінде металдар, жай тұздар, қос тұздар, металл тотықтары, негіздер және олардың қоспалары алынуы мүмкін. Кез келген жай және күрделі заттар суда еритін және суда ерімейтін заттар болып бөлінеді.
Сондықтан зерттелінетін заттың ерігіштігіне байланысты әртүрлі анализдеу жолдарын қолданады. Құрғақ заттарды зерттеу үшін ең алдымен олардың әр түрлі еріткіштерде ерігіштігін тексеру керек. Қажет болған жағдайда қыздырады. Анықталынатын құрғақ затты еріту үшін үлгінің бірнеше түйіршігін шыны таяқшамен араластыра отырып, 10-12 тамшы дистилденген сумен шайып, өңдейді. Егер анықталынатын зат ыстық суда ерімейтін болса, онда оны алдымен 2н. сірке қышқылында, одан кейін 2н. НCl ерітіндісінде ерітіп көреді. Егер бұл қышқылдарда да ерімесе, онда концентрлі қышқылдарда (HCl, HNO3), патша сұйығында, аммиак ерітіндісінде еріту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет