Құрамында Al2(SO4)3 (C=0,004 моль/л) + Na


Анықталатын ерітіндіні немесе құрғақ затты алдын-ала зерттеу



бет7/22
Дата24.12.2023
өлшемі10,11 Mb.
#199016
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
аналитика 3 деңгей
діс т сілдер оймасы, Дилнур, Тарихх, АКТ Лекция 1, Cream Black Professional Mental Health Tips YouTube Thumbnail, Cream Black Professional Mental Health Tips YouTube Thumbnail (1)
Анықталатын ерітіндіні немесе құрғақ затты алдын-ала зерттеу
а) Жалын түсінің боялуы. Платина немесе нихром сымын сұйытылған НСl ерітіндісіне батырып, одан кейін жалын үстінде күйдіреді. Осылайша алдын ала тазаланған нихром сымын тұз қышқылының ерітінідісімен дымқылдап алып, зерттелінетін құрғақ затқа тигізіп, оның кристалдарын жабыстырып алады да, жалын үстінде күйдіреді.
Жалын түсінің боялуына қарап, зерттелінетін үлгіде қандай катиондар мен аниондардың бар екендігіне күні бұрын болжам жасайды. Мысалы, жалынның сары түсі –натрий катиондарының, күлгін түс – калийдің, кірпіш-қызыл түс – кальцийдің, кармин-қызыл түс – литий мен сторнцийдің, сарғыш-жасыл түс – барийдің, жасыл түс – бор мен мыстың немесе висмуттың, көгілдір түс - қорғасынның, қалайының, мышьяк пен сурьманың катиондары бар екендігін көрсетеді.
Ескерту. Егер ерітіндіде қандай-да бір катионның мөлшері басым болса, онда ол жанғанда жалын түсін өзіне тән интенсивті түспен бояды. Бұл жағдайда басқа катионның беретін әлсіз жалын түстері бүркеліп, анализді қиындатуы мүмкін. Сондықтан жалын түсін көк шыны немесе көк-индиго призмасы арқылы қараған жөн.
б) Құрғақ затты ыдырату. Зерттелінетін қатты затты фарфор табақшаға салып, күйдіреді (термолиз процесі). Бөлінген термолиз өнімдеріне қарап, зерттелінетін зат құрамында қандай катиондар мен аниондар бар екендігіне болжам жасалынады.
Термолиз процесін жүргізу үшін анализденетін заттың аздаған мөлшерін қыздырғанға төзімді пробиркаға немесе түтікшеге салып, жалын үстнде күйдіреді. Зерттелінетін үлгінің термиялық ыдырауы кезінде газ тәрізді өнімдер түзіліп, олардың жартысы салқын пробирка қабырғасында конденсацияланады. Конденсацияланатынөнімдер:
1 Күлгін будың бөлінуі және олардың қара кристал түрінде конденсациялануы- иодид-иондарын немесе құрамында иоды бар басқа аниондардың бар екендігін дәлелдейді;
2. Қошқыл-қоңырбудың бөлінуі- бромид- немесе құрамында бромы бар басқа аниондардың бар екендігін дәлелдейді;
3. Сарғыш-қоңыр бу-азот тотықтарын (нитриттер мен нитраттардың болуы мүмкін) дәлелдейді;
4. Газ тәрізді СО- оксалаттардың қатысуын көрсетеді;
5. СО2 газының бөлінуі – карбонаттардың, оксалаттардың бар екендігін көрсетеді;
6. Сl2 газының бөлінуі – хлорид- немесе құрамында хромы бар басқа да анионның қатысуын көрсетеді;
7. SO2 газының бөлінуі – сульфиттердің, тиосульфаттардың қатысуын көрсетеді;
8. SO3 газының бөлінуі – сульфаттардың қатысуын көрсетеді;
9. NH3 газының бөлінуі – аммоний тұздарының қатысуын көрсетеді;
10. O2 газының бөлінуі – пероксидтердің, нитраттардың, хроматтардың, дихроматтардың қатысуын көрсетеді;
11. Пробирка қабырғасында су тамшысының бөлінуі – зерттелінетін үлгі құрамында кристаллизацияланған судың бар екендігін көрсетеді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет