76) Ішкі комплексті қосылыстардың түзілуін сипаттаңыз. Сапалық анализдегі органикалық реагенттерге мысал келтіріп көрсетіңіз.
Комплексті қосылыстар деп орталық ионнан және оған координацияланған лигандылардан тұратын күрделі қосылыстарды атаймыз. Комплексті қосылыстарға жоғары стехиометрия тән. Мысалы: K4[Fe(CN)6],
[Cu(NH3)4]Cl2, K[Ag(CN)2]. Жақша сыртында орналасқан катиондар мен аниондар комплексті қосылыстардың сыртқы сферасын құрайды. Комплексті қосылыстардың сыртқы және ішкі сфералары иондық байланыс арқылы байланысқан, ал ішкі сферадағы комплекс түзуші ионымен лигандылар электроваленттік байланыста (донорлы-акцепторлы, ковалентті, сутекті). Сондықтан, комплексті қосылыстардың ішкі және сыртқы сфераларға ыдырауы күшті электролиттер диссоциациясы сияқты толық өтеді, ал ішкі сфераның ыдырауы әлсіз электролиттердің иондануына ұқсас, яғни бұл процесс қайтымды, және өте аз мөлшерде жүреді.
Ішкі сферада комплекс түзуші ион немесе орталық атом және оны қоршаған топтар – лигандалар орналасады.
NH3 F
| |
[H3N - Cu – NH3]SO4 ; K[ F- В –F]
| |
NH3 F
Орталық атом ролін көбінесе, өтпелі d – элементтері атқарады. Ал лигандалар қышқыл қалдықтары, бейтарап су, аммиак немесе басқа да молекулалар тобы т.б. бола алады.
К3[Fe(CN)6]
Координациялық саны – 6-ға тең;
Лиганда ретінде цианид ионы – CN-;
Комплекс түзуші ион – Ғе;
Калий сыртқы сфераны құрайды;
Орталық атоммен байланған лигандалардың жалпы санын координациялық сан деп атайды.
Кесте 1
Координациялық сан
|
Комплекс түзуші
|
2
|
Ag+, Cu+
|
4
|
Cu2+, Zn2+, Hg2+, B3+, Al3+, Pt2+
|
6
|
Fe2+, Fe3+, Co3+, Pt4+, Cr3+, Al3+, Zn2+, Ni2+
|
Достарыңызбен бөлісу: |