Қолданылуы. Фталь қышқылы техникада көбінесе фталь ангидриді түрінде қолданылады.
Өндірілетін фталь ангидридінің жартысына жуығы фталь қышқылының метил, этил, бутил және жоғарғы алкил эфирлерін өндіру үшін пайдаланылады, олар синтетикалық полимерлер, әсіресе поливинилхлорид үшін пластификатор есебінде қолданылады. Диметилфталат әсері күшті репеллент болып табылады.
Фталь ангидридінің елеулі мөлшері полиэфир смолаларын өндіру үшін пайдаланылады, олардың ішіндегі ең қарапайымы глифталь (глицерин мен фталь ангидридінің конденсациялануы мен алынады) болып табылады.
Балқымайтын смола
Фталь ангидриді бірқатар бояу өндірісі үшін бастапқы зат қызметін атқарады.
Изофталь және терефталь қышқылдары 1950 жылдан техника-лық маңызға ие болды.
Терефталь қышқылы мен этиленгликольдің полимерлік эфирлерінің метилтерефталатты этиленгликольмен алкоголиздеу арқылы алынуының іс жүзінде үлкен маңызы бар. Полиэтилен терефталаттан тоқылған талшықтарды лавсан (терилен немесе дакрон) деп атайды. Фотография үшін мөлдір пленкалар кронар деп аталады:
N, N1 - Диметил-N, N1 -динитрозотерефтальамидті көбік пластмассалар және кеуекті резеңкелер алу үшін пайдаланады. Ол қыздырғанда азот және метилтерефталатқа ажырайды: