Диоксикарбон қышқылдар. Диоксикарбон қышқылдар мен оның туындылары табиғатта кеңінен таралған, бұған әсіресе протокатех және орсин қышқылдары жатады.
Протокатехқышқылы кристалдық зат. Хлорлы темір ерітіндісін көк-жасыл түске бояйды. Прокатехин мен аммоний карбонатын 140° С-де кыз-дырғанда оңай алынады. Сондай-ақ оны п-оксибензоин кышқылын хлорлау және содан кейін алынған қосылысты КОН қоса қыздыру арқылы алады:
Протокатехин қышқылы
Табиғатта ол бос күйінде және туындылары түрінде кездеседі. Оны көп-теген табиғи қосылыстар — катехиндер, смолалар аитоциандар — сілтілермен қоса балқытқанда береді.
Күшті тотықсыздандырғыш қасиеттері бар. Қыздырғанда пирокатехинге және СО2 ыдырайды.