Химиялық қасиеттері. Ароматик қышкылдар май қатарының қышқылдарына да тән барлық реакцияларға қатынасады. Карбоксил тобы арқылы осындай жолмен қышқылдардың әртүрлі туындылары алынады.
1. Карбонаттарға немесе сілтілерге қышқылдардың әрекететуімен тұздар алынады.
2.Эфирлер — қышқыл мен спирттің қосындысын минералдық (әдетте күкірт қышқылы) қышқылдың қатысуымен қыздырғанда алынады:
C6H5 – COOH + НОС2Н5 ↔ C6H5 – СООС2Н5 + H2O Бензоинэтил эфирі Егер – орто – қалыпта орынбасарлары болмаса, онда карбоксил топты эфирлендіру алифатик қышқылдардағыдай оңай өтеді. Егер орто-қалыптың біреуі бос болмаса, эфирлендіру жылдамдығы күшті кемиді, ал егер орто-қалыптың екеуі де бос болмаса, эфирлендіру жүрмейді (кеңістіктік тежелу).
Бензоин қышқылдың орто-орыналмасқан эфирлерін күміс тұздар мен галогеналкилдердің реакциясы арқылы дайындауға болады. Олар кеңістіктік тежелудің себебінен гидролизденуге қиын түседі. Сутектен гөрі үлкен топтардың карбоксил топтары көміртек атомының айналасындағы кеңістікті толтыруы соншалық, эфирдің түзілу немесе сабындалуы кезінде аралық күйге өту қиындайды.
3. Хлорангидридтер қышқылдарға хлорлы тионил немесе бес хлорлы фосфордың әрекет етуімен алынады: