Кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділгімен қызмет атқаруға экономикалық бағытталуы тікелей оның рентабельділігімен байланысты.
Рентабельділік – бұл кәсіпорынның табыстылық деңгейінің қатынастық көрсеткіші, ол қызметтердің түрлі бағыттарының (өндірістік, коммерциялық, инвестициялық және т.б.) табыстылығын, толықтай алғанда кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттайды.
Рентабелділіктің пайдадан айырмашылығы шаруашылық етудің нақты нәтижелерінен көрінеді, яғни тұтынылған ресурстардың тиімділік қатынасын көрсетеді. Пайданың абсолютті соммасының көрсеткіші кәсіпорынның жақсы немесе нашар жұмыс атқарды ма, яғни орындалған жұмыстардың көлемі белгісіз болып қалады. Пайданың орындалған жұмыстар көлеміне қатынасы тек есепті кезеңдегі нәтижелерді салыстыра отырып, есепті жылдағы кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін бағалауға, рентабелділік деңгейін сипаттайды сонымен қатар басқа салалар кәсіпорынның ішінен талдау жасалынып жатқан кәсіпорын орынын анықтайды. Рентабельділік көрсеткішін кәсіпорын қызметін бағалау және инвестициялық саясаттағы жәнебаға белгілеудегі құрал ретінде пайдаланады.
Толықтай, рентабельділік – бұл ресурстарды пайдалану дәрежесі мен шығындар деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің қатынастық көрсеткіші.
Рентабельділік көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:
рентабельділіктің көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
табысты бөлу бағыттарын пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
табыстың өсу резервтерін анықтау;
кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
рентабельділіктің әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Рентабельділіктің көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметін тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.
Рентабельділік коэффициеттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын рентабелін қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Рентабелділік коэффициентіне талдау жүргізушілер:
басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті рентабельді жеткілікті үрде ала-алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
рентабельді болжау әдісі;
шешім қабілдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Рентабельділік көрсеткіштерін төмендегілерді сипаттайтын 3 топқа біріктіруге болады:
шығындарды өтемі;
сатудың табыстылығы;
капитал және оның бөліктерінің табыстылығы.
Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы жүргізіледі:
Өнімнің рентабельділігі (Рө) – бұл рентабельділік көрсеткіштері тиімсіз бұйымдарды өндірістен алып тастау мен өнімнің жаңа түрлерін шығару мен енгізу, әр түрлі бұйымдардың пайдалығына бақылау кезінде, ішкі шаруашылық талдаулық есеп айырысулар кезінде рациоеналды түрде қолданылады. Өнімнің рентабельділігі келесі формула бойынша есептеледі:
Рө = (Пө/Өө) * 100 %
Мұндағы Пө - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен пайда, тг.
Өө - өткізілген өнімнің толықтай өзіндік құны, тг.
Рентабельділік көрсеткішінің келесі түрі – сату рентабельділігі келесі формуламен есептеледі:
Рс = По / Т * 100 %
Мұндағы, Т - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен түсім.
Берілген коэффициент өткізілген өнімнің бірлігіне қанша пайдадан келетіні көрсетеді. Көрсеткіш өсімі болып өндіріс өнімінің тұрақты шығындары кезіндегі өнімге бағаның өсуі немесе тұрақты баға кезінде өндірістегі шығынды төмендету табылады.
Өнімнің рентабельділігі мен сату рентабельділігі көрсеткіштері өзара байланысты және барлық өнімдерге және әр түрлерінің өндіруге кеткен ағымды шығындардың өзгеруін сипаттайды.
Капитал рентабельділігі көрсеткіштері:
А) меншік капиталының рентабельділігі (Рмк)
Рмк = (Пт/Км)
Мұндағы, Пт – таза пайда
Км – меншік капиталдың орташа көлемі
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік капиталы бірлігіне қанша пайда келетінін, меншік капиталдың пайдалану тиімділігін сипаттайды.
Меншік капитал рентабельділігі көрсеткішінің өзгеруі мысалы, биржадағы кәсіпорын акцияларының бағасы төмендеуінен немесе өсуінен болуы мүмкін.
Б) Инвестициялық капитал рентабельділігі – Ри
Ри = Пт/Кик * 100 %
Мұндағы, Кик – инвестициялық капиталдың орташа көлемі
Көрсеткіш ұзақ мерзімге салынған капиталды пайдалану тиімділігін сипаттайды.
В) Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділігі - Рнк
Рнк = Пк / Б орт * 100 %
Мұндағы, Пк – кәсіпорын пайдасы
Б орт – барлық кезеңдегі баланстық орташасы
Берілген коэффициент кәсіпорынның барлық капиталын пайдалану тиімділігін көрсетеді, яғни кәсіпорын мүлігін пайдалану тиімділігінің жоғарылауы туралы коэффициенттінің мәнінің өсуін куәландырады.
Айналым активтерінің рентабельділігі – Р айн
Р айн = (Пк / АА орт) * 100%
Мұндағы, АА орт – айналым активтивтерінің орташа көлемі
Капитал мен активтердің орташа көлемі бухгалтерлік баланстың берілгендері бойынша анықталады.
Негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің рентабельділігі
Р айн емес = Пк / A айн емес орт
Мұндағы А айн емес орт - негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің кезеңге көлемінің орташасы
Қазіргі жағдайда рентабельділік өсімінің маңызды факторы болып кәсіпорынның ресурсты қорландыру (жинау) жөніндегі жұмыстары табылады, олар өзіндік құнның төмендеуі мен пайданың өсуіне әкеледі. Қазіргі кезеңде ресурстарды үнемдеу өте тиімді әрі арзанға түседі
Өндірістің рентабельділігінің және пайдалығының өсуіне басты жағдай болып өзіндік құнның төмендеуі табылуы керек.
Қорытындылай келе рентабельділік көрсеткіштеріне талдау жасай келе, келесі сәттерге аса назар аудару қажет:
Рентабельділік ұйымның стратегиясынан тікелей тәуелді, белгілі бір деңгейдегі пайданы талап ететін, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік деңгейі. Тәуекел қаншылық жоғары болса, кәсіпкерлік ұйым соғұрлым жоғары пайда табады.
Рентабельділік көрсеткіші алымы мен бөлімін бағалау есепті кезеңдегі кәсіпорын қызметінің шынайы нәтижесінен көрінетін пайда мен бірнеше жылдар қатарынан құрылатын активтер құны есебінен айқындалады.
Уақытша аспектілердің ықпалы келесідей түрде байқалады, басқа ұзақ мерзімді инвестициялар және жаңа технологияларға көшу есебінен ағымды кезеңде ликвидтілік көрсеткіштері төмен болуы мүмкін, бұны жағымсыз сәт ретінде қарастыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |