Құрамындағы өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына талдау жасау


Өнім сапасына әсер ететін факторлар



бет10/16
Дата21.11.2022
өлшемі102,13 Kb.
#159226
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
рамында ы ндіріс ж мысшыларыны е бека ысына талдау жасау

Өнім сапасына әсер ететін факторлар




Факторлар




Ішкі

Сыртқы




Ішкі факторларға кәсіпорынның тиесілі сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты факторлар жатады. Олар түрлі болып келеді.



Сыртқы факторлар нарық қатынасы кезінде өнім сапасын қамтамасыз етуде үлкен әсерін тигізеді.
Бұлардың қатары көптеген түрлермен толығып отырады.

1


Техникалық. Өнім сапасына тікелей әсер етеді. Сол себептен, жаңа техника мен технологияларды енгізу, жаңа материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану бәсекеге қабілетті өнім шығарудың негізі болып табылады.

Нарық және тұтынушылар талаптары.

2

Ұйымдастырушылық. Еңбек және өндірісті ұйымдастырумен, өнім сапасына деген тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары болуы, қызметкерлердің сәйкес келген біліктілігімен, сапаны басқару мен оны сертификаттау және т.б. ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз байланысты болып келеді.

Бәсекелестік.

3


Экономикалық. Өнім шығару мен оны іске асыру шығындарымен, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету шығындарымен, баға жасау саясаты және жоғары сапалы өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін қызмемткерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартталады.

Өнім сапасы саласындағы нормативті құжаттар.



4

Әлеуметік-психологиялық. Ұжымдағы сау әлеуметтік-психологиялық хал- ахуалдың болуына, ыңғайлы жұмыс орынына, қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуына ықпал етеді.

Кәсіпорын имиджі.

Берілген кестедегі ішкі факторларға тоқталсақ, кәсіпорын өндірісіндегі кейбір мәселлерді шешкен кезде қай фактордың басым екенін анықтау қиынға


түседі, себебі олар бірін- бірі толықтырып отырады да, өнімнің сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Ал сыртқы факторлар жалпы өндірістің дамуына әсер етеді. Мысалы бәсекелестік факторын алатын болсақ, ол атап кеткен техникалық фактордың іске қослыуын қамтамасыз етеді, яғни жаңа технологияларды, жаңа құрал-жабдықтарды, жаңа материалдарды қолдану мен енгізуді талап етеді, соған дәнекер де болады. Бәсекелестік экономикалық тұрғыдан екі кәсіпорын арасындағы бақталастықты білдіреді. Сол себептен барлық ыңғайлылықтарды ескеріп, шешім қабылдауға жағдай жасайды. Бәсекелестіктің түрлері көп. Олар сала аралық және ішкі салалық болып бөлінеді. Іске асырылуы бойынша бағалық және бағалық емес болып бөлінеді.
Сонымен қатар өнімнің сапасына ықпал етуші факторлардың бірі болып стандарттау танылады. Бұл да дүние жүзіндегі ҒТП жылдамдатушылардың бірі болып табылады. Сыртқы факторлардың құрамына кіретін нормативті құжат стандарт деп аталады. Стандарт стандарттау нысанасының ерекшеліктеріне және оған қойылатын талаптарына байланысты келесідей болып келеді:

Стандарттаудың жайылу көлеміне қарай олар келесілерге бөлінеді:

    • ұлттық. Бір елдің стандарттау бойынша ұлттық органымен қабылданған стандарт.

    • Аймақтық. Стандарттау бойынша халықаралық аймақтық органмен қабылданған стандарт.

    • Мемлекетаралық. Стандарттау, метрология және сертификация саласында ортақ келісімге келген мемлекеттер арасында қабылданған стандарт.

    • Халықаралық. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйыммен (ИСО) қабылданған стандарт.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет