Байланысты: рамында ы ндіріс ж мысшыларыны е бека ысына талдау жасау
Қаржы нәтижелерінің динамикасына және құрамына талдау жасау
Өндірістікнегізгікапиталменкәсіпорынныңқамтамасызетілуінталдау Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс көлемін жоғарылатудың маңызды факторының бірі оларды қажетті мөлшерде және ассортименте негізгі капиталмен қамтамасыз ету және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Талдау мақсаты:
кәсіпорынды және оның құрылымдық бөлімдерін негізгі капиталмен қамтамасыз етілгенін, қортынды және жеке көрсеткіштермен пайдалану деңгейін анықтау;
олардың деңгейінің өзгеру себептерін айқындау;
өнім көлеміне және басқа да көрсеткіштерге негізгі капиталды пайдаланудың әсерін санау;
кәсіпорын мен құрал-жабдық қуатын пайдаланудың дәрежесін зерттеу;
негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін жоғарылататын резервтерді анықтау;
Ақпараттың көздері: кәсіпорынның бизнес-жоспары, техникалық даму жоспары, «Кәсіпорын теңгерімі», «Негізгі капиталдың барлығы және қозғалысы жайлы есеп», «Өндірістік қуат теңгерімі», негізгі капиталды қайта бағалау мәліметттері және т.б.
Негізгікапиталдыңжағдайынталдау Негізгі капиталдың қолда барлығы, тозуы және қозғалысы жайлы мәліметтер – бұл ұйымның өндірістік әлеуетін бағалау үшін қажетті негізгі ақпарат көзі.
Негізгі капитал қозғалысы оларды іске қосу, жаңарту, істен шығару, жою, ұлғайту коэффициенттері арқылы талдау жасалынады. Негізгі капиталдың техникалық сипаттамасын анықтау үшін іске жарамды, тозу, ауыстыру коэффициенттері саналады.
Негізгікапиталдыңпайдаланутиімділігінталдау Негізгі капитал - өндірістік ресурстардың бір түрі. Оларды пайдалану тиімділігін бағалау қайтарым және сыйымдылық көрсеткіштерін санау және талдауды болжау арқылы ресурстардың барлық түрлеріне бағалау технологиясын қолдану негізделген.
Қайтарым көрсеткіші 1 теңге ресурсқа келетін дайын өнім шығымын сипаттайды.
Сыйымдылық көрсеткіші 1 теңге өнім шығарымына келетін ресурстардың шығынын немесе қалдық қорын сипаттайды. Қалдық қор деп теңгерім бойынша есеп беретін күнге келетін ресурс көлемін білдіреді, ал шығын деп – ресурстардың ағымдағы жұмсалымын, соның ішінде негізгі капитал бойынша амортизация да жатады. Негізгі капиталдың қорқайтарымы келесі формуламен анықталады:
ҚҚo = Q / НКорт
мұнда Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі;
НКорт - негізгі капиталдың орташа бастапқы (қалпына келтіру) құны.
Қорқайтарымының өсуі бірдей барлық жағдайда дайын өнімнің 1 теңгесіне келетін амортизациялық аударымның, немесе амортизация- сыйымдылығының азаюына алып келеді, сонымен қатар тауар бағасындағы пайда үлесінің жоғарылауына себеп болады:
Aс = A / N,
мұнда Aс - амортизация сыйымдылығы; А – саналған амортизация сомасы.
Қорқайтарымының өсуі өнім көлемінің қарқынды өсуіне себеп болатын факторлардың бірі болып саналады. Бұл байланысты фактор үлгісінің мультипликативті немесе индексті түрімен өрнектеуге болады:
Q = НКорт × ҚҚo немесе IQ = Iнк
Факторлық үлгі негізінде негізгі қордың ұлғаюының және қорқайтарымы өсімінің арқасында өнім көлемінің өсімі саналады:
ΔQ = ΔQ (НКорт) + ΔQ (ҚҚo),
Негізгікапиталдыңқорқайтарымынфакторлықталдау Қорқайтарымының өсуіне келесі жағдайларда мүмкіндік туады:
егер еңбек өнімділігінің қарқыны белгілі құрал-жабдықтың бағасының өсім қарқынына қарағанда артып түсіп отырса, онда өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру, алдыңғы қатарлы технологияны қолдану, қазіргі құрал-жабдықтарды жаңғырту керек (өндірісті дамытудың белсенді жолы);
құрал-жабдықтардың жұмыс істеу уақытын ұлғайту;
құрал-жабдықтар жұмысының белсенділігін арттыру, сонымен қатар технологиялық үдерістің талаптарына сай шикізат пен материалдардың сапасын және өнеркәсіптік-өндірістік персонал біліктілігін көтеруді қамтамасыз ету керек;
жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтардың жүктемесін көбейту.
Қолда бар құрал-жабдықтардың өндіріске қатыстыруы және оның өндірісте пайдалануы келесі көрсеткіштер көмегімен анықталады:
Пайдалануға берілген құрал-жабдықтардың үлесі = Орнатылған құрал- жабдықтар / Қолда бар құрал-жабдықтар
Жұмыс істейтін құрал-жабдықтардың нақты үлесі =Жұмыс істейтін құрал-жабдықтар / Орнатылған құрал-жабдықтар
Пайдалану дәрежесі = Парктегі барлық жұмыс істейтін құрал- жабдықтар/ Қолда бар құрал-жабдықтар