Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуне талдау жасау
Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады.
Еңбек ресурстарына сәйкес салада білім және еңбек дағдыларына ие қажетті физикалық деректері бар тұрғын халықтың бөлігі кіреді. Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарын жеткілікті қамтамасыз етілуі олардың рационалды пайдаланылуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейлі өнім көлемін арттыру үшін және өндіріс тиімділіктерін арттыру үшін үлкен маңызы бар. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын қамтамасыз етілуіне және олардың пайдалану тиімділігіне барлық жұмыстардың көлемімен орындалатын өз уақытылығы, жабдық машина, механиканың пайдалану тиімділігі тәуелді.
Еңбек бойынша есеп:
Табельдік есепке алумен кадрлар бөлімі деректері.
Еңбек ресурстармен кәсіпорынның қамтамасыз етілуі.
Жұмыскердің категориялары мен кәсіптері бойынша .
Нақты санын оның жоспарлық қажетімен салыстыру бойынша есептейді.
Еңбек ресурстарының біліктілігі сапалық құрамында талдау керек.
Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін онда мына көрсеткіштерді орындау керек.
жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату.
еңбек жағдайын жақсарту және жұмысшылардың денсаулығын жақсарту.
тұрмыстық-техникалық қажеттіліктерді қадағалау.
еңбек ұжымын әлеуметтік қамтамасыз ету.
Кәсіпорындағы жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату жоспарын орындау барысында мына көрсеткіштерді талдайды, жұмысшының жоғары, орта немесе орташа маманданған оқу орындарын қанша пайызы бітіргенін, кадрлар дайындау жүйесінде қанша адам немесе пайыз, квалификациясын жоғарлату нәтижесінде қанша пайыз және квалификацияланбаған қанша пайыз. Жұмысшылар квалификациясын жоғарлату жоспарын орындау еңбек өнімінің көтерілуіне және кәсіпорын жұмысына оң баға беріледі.
Жұмысшылардың денсаулығын жақсартуын қамтамасыз ету мақсатында мына көрсеткіштер қолданылады:
жұмысшыларды санитарлық құралдармен қамтамасыз ету.
санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту.
жұқтырылатын аурумен ауратын адамдардың пайыздық үлесі.
денсаулықтарын демалыс орындарда, үйде, тур. саяхаттарда емдеткендер қанша пайыз.
Еңбек ресурстарын пайдалану былайша анықтауға болады, яғни бір жұмысшының істеген күндер мен сағатына байланысты және жұмыс уақыт қорына байланысты. Мұндай талдау әрбір жұмысшының категориясы бойынша, өндіріс бойынша және кәсіпорын бойынша өткізіледі
Еңбек өнімділігін талдау.
Еңбек өнімділігін бағалау үшін жалпы, жеке және көмекші көрсеткіштер қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге орташа жылдық, орташа күндік, орташа шығатын еңбек өнімділігі жатады. Жеке көрсеткіштерге белгілі бір түрдегі өнім бірлігінің өндірісінің уақыт шығындары жатады. Көмекші көрсеткіштерге белгілі бір өнім түрін өндіруге кеткен уақыт шығыны жатады. Еңбек өнімділігінің жалпылама көрсеткіштеріне бір жұмыскердің орташа жылдық өнім өнімділігі жатады. Оның көлемі тек қана жұмысшылар өндірісіне байланысты емес, сондықтан жұмысшылар санына, өнім санына,
орындалған күндер және ұзақтығына байланысты.
Аналитикалық талдау барысында жұмыскердің орташа жылдық еңбек өнімділігі байланысты бір жұмысшының бір жылдағы істеген күндері, жұмыс ұзақтығының күндер бойынша және орташа сағаттық өнімділігі.
ГВ = Д * П * ЧВ.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіші ретінде орташа сағаттық өнімділігі міндетті түрде талданады, оған жұмыскерлердің орташа күндік және орташа жылдық өнімділік тәуелді болып келеді.
Орташа сағаттық өнімділікті талдау үшін өнімнің еңбек сиымдылығы және оның бағасына байланысты. Бірінші топ факторына техникалық өндіріс, ұйымдық өндірісі, өндіріссіз уақыт шығыны. Екінші топқа өнім өндіріс көлемінің өзгерісі, тасымалдау өндірісі жатады.
Жоспар және нақты басқа орташа сағаттық өнімділіктің тағы 3 шартты көрсеткіштерін талқылау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |