Құрамындағы өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына талдау жасау


Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі шығыстарды мойындайтын шығыстар



бет6/16
Дата21.11.2022
өлшемі102,13 Kb.
#159226
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
рамында ы ндіріс ж мысшыларыны е бека ысына талдау жасау

Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі шығыстарды мойындайтын шығыстар


Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнына енбейтін және шығыстардың кезеңдегі шығыстарына жатқызылған (есепті уақыт арасындағы жасалған шығыстар) шығыстар:

      • әкімшілік пен жалпы шығыстарды;

      • өнім өткізуді жұмсауға кеткен шығыстар;

      • проценттер бойынша шығыстар.

Өнім шығаруға кеткен шығындардың бұл шығыстардан айырмашылығы

  • бұл өндіріс көлеміне қатысты емес және өнімдерді жұмсауға немесе қызмет көрсету түрлеріне байланыссыз үнемі жұмсалатын шығын есебінде қаралады. Сондықтан мұны өнімдердің негізгі көлеміне емес, уақыт кезеңдеріне байланысты есептеу дұрыс. Субъект белгілі уақыт арасында ешнәрсе сатпаса да, сол уақытта жасалған шығыстарды көрсетеді. Есептеу және есептеме жүргізу тұрғысынан алып қарағанда, өнеркәсіптің өзіндік құнын өтеу уақытында жасаған шығыстан өзгешелігі–бұл өнім қалдығының кезеңдік шығыстарына жатқызылмайды. Бұларды есептеудің мұндай жолдары, нарықтық экономика жағдайында сақтылық принцптерінен туады. Осылайша, кезеңдегі шығыстар–қаржы–шаруашылық қызметінің есептеуінің нәтижесі болып табылатындықтан, алдымен тауар–материалдық қорлардың баланстағы субъективті активтерінің бөлімдері көрсетіліп қосылады. Содан кейіг барып, шаруашылық қаржы қызметінің есептік көрсеткіштерінің нәтижелері көрсетіледі.

Кезеңнің шығыстары жасалған есепті кезең–уақытындағы шығысқа жатқызылып, өткізілмеген өнімдердің келесі кезеңгі қалдығына да, өнімнің есебіне де енбейді. Бұл сұрақтар субъектінің нарық саясатын жүргізуге негізделген шешім қабылдауындағы маңызды мәселе.
Әкімшілік және жалпы шығыстар
Негізінен жалпы әкімшілік және жалпы шаруашылық шығыстарына мыналар жатады:

  • әкімшілік қызметкерлері мен жұмысшыларға жататын адамдардың еңбекақысын төлеу;

  • кәсіпорындар мен шаруашылықтарға қызмет көрсететін адамдардың еңбекақысын төлеу;

  • әкімшілік және шаруашылық қызметтеріне байланысты адамдардың

  • еңбекақысынан әлеуметтік және медициналық сақтандыруға байланысты заң бойынша тағайындалған норма органдары, зейнетақы қоры, еңбекке үйлестірудің мемлекеттік қорына ақша аудару.

  • әкімшілік аппараты басқамасының, субъектінің құрылымдық бөлімдеріне қызмет ететін жұмысшыларды, мұның ішінде қызмет бабындағы жеңіл автотранспорттарды ұстауға кететін шығындар мен жекеменшік жеңіл автомобильдерді қызмет бабында пайдалануға кететін шығындардың орнын толтыру.

  • техникалық басқармаларды ұстауға және олардың қызметін ұйымдастыруға, байланыс бөлімшелерін, сигнализация құралдарын, есептеу орталықтарын өндіріске жатпайтын және басқа да техникалық басқару құралдарына (жалпы шаруашылыққа арналған негізгі құралдардың тозуы, ғимараттарды жөндеуге және оны ұстауға, жалпы шаруашылыққа арналған құрал–жабдықтар мен құрылыстарға) жұмсалатын шығындар;

  • өндіру саласындағы дайындық жұмыстарына, егер ол күрделі шығынға жатпаса (негізгі қордың есебінде қаржыландырылмаған жағдайда) кететін шығындар;

  • техникалық бақылау–дирекция тобы болмаған жағдайда, салынып жатқан субъектінің дирекциясын, сол сияқты жаңа ұйымдар мен объектілерді іске қосқанда кететін шығындар;

  • құрылыс–монтаж жұмыстары мен жобалардың кемшіліктерін жоюға объектіге зат беретін қоймадан қорларды алу кезіндегі сыну, бүліну және зақымдану салдарынан, тексеру кезіндегі (заттарды бөлшектегенде) осы сияқты басқа да шығындарды тапсыру кезіндегі жұмыстардағы шарттардың орындалмауынан туындайтын шығындар;

  • банктердің қызметіне төленетін шығындар;

  • әкімшілік басқару құралдары мен оның жүйелерін құру мен жетілдіруге кететін шығыстар;

  • субъектінің штат кестесі бойынша кейбір қызметті орындауға адам қаралмаған жағдайда, жалпы шаруашылықты басқару мен ұйымдастыру жұмыстарына ақы төлеуге кететін шығыстар;

  • әкімшілік басқармасы аппараты қызметкерлерінің орын ауыстырғанда, көтермеге төленетін шығындар;

  • телефон, пошта, телеграф, баспахана, кеңсе шығындары;

  • шаруашылық жәнекәсіпорындарды ұстауға (кеңсе бөлмелерін тегін беру, қоғамдық тамақты ұйымдастыруға кететін, коммуналдық қызметтердің бағасын төлеу, т.б.)

  • жұмыс күштерін жинауды ұйымдастыруға, кадрларды қайта даярлауға, жұмысшыларды жұмыстан босатқанда төленетін өтемақылар, коммиссиялық шығындар;

  • жалпы шаруашылықтың негізгі қорын жалға алуға кететін шығындар;

  • жылжымайтын мүліктен, басқа да мүліктерден түсетін жиындар, салықтар;

  • коммуналдық қызметке, қызметкерлердің еңбегін қорғауға, өртке қарсы қызмет ұйымдастыруға, денсаулық, сауықтыру шараларын жүргізуге, директорлар кеңесін ұйымдастыруға және жалпы шаруашылыққа қарастырылған басқа да шығындар;

  • есептен тыс шығындар, қоймаларды тауарлы–материалдық байланысты және басқа да өнімге жатпайтын жоғалтулар мен шығындар;

  • негізгі еңбекақысын алғанға дейінгі еңбекке уақытша қабілеттілігін жойған жағдайда төленетін қосымшалар;

  • қолданымдағы заңға сәйкес өндіріске тікелей қатысты емес (басқару аппараты, т.б.) адамдарға қызмет көрсеткен жылдары үшін бір рет берілетін қызметақы шығындары

  • хабар қызметі және аудиторлық кеңес беруге төлеу;

  • денсаулық мекемелерін, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, сауықтыру лагерьлерін спорт пен мәдениет объектілерін, тұрғын үй қоры объектілерін ұстауға кететін шығыстар;

  • қаланы көріктендіру жұмыстарына, ауылшаруашылығына көмек көрсету, т.б. жұмыстарға жұмсалатын шығындар;

Өткізуге байланысты шығындар
Өнімді сатуда туындаған шығыстар қосылады:

  • өткізу бөлімі (сауда) жұмысшылардың еңбекақысы, өткізу бөлімі (сауда) жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдар, жекменшікті қамсыздандыру шығындары, іссапар шығындары, қор және басқа шығындарды пайдалану, негізгі қорды ұстауға және амортизацияға ақша аударуға кететін шығындар;

  • жіберілген жерден жүктерді апару, тиеу–түсіру жұмыстары;

  • сату рыногін зерттеуге және рынокке дейін тауарды апаруға (маркетингке шығындарды қосса), жарнама шығаруға әзірлеуге, көрмелерге қатысуға, жәрмеңкелерге, тауарлардың үлгілерін жасауға, контрактілерге сәйкес немесе басқа құжаттар мен келісімдерге тұтынушылар мен тікелей немесе аралық ұйымдар мен тегін және қайтаруға жатпайтын осы сияқты басқа шығындар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет