жеткізушілердің несиелері бойынша пайыздарын төлеу;
мүлікті жалға алу және басқалар бойынша пайыз шығындарын төлеу;
Өзіндік құн құрамындағы өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына талдау жасау
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы
шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТС/Q
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС). а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
МС= ТС/ Q
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.
МС= VС/ Q
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өнімнің бірлігіне өзіндік құнды анықтау.
Өзіндік құнды есептеуге қажетті ақпарат кәсіпорынның бухгалтер-
лік құжаттарынан, жабдықтаушылар шоттрынан, еңбекақы есептерінен, материадарды жіберуге жарналардан, шығындық ведомостволардар және т.б. алуға болады.
Өнім бірлігіне өзіндік құнды толық есептеу алдында белгілі уақыт кезеңіндегі өнім өндірісіне жалпы шығындарды білу қажет.
Жалпы шығындар тікелей және қосымша болып бөлінеді.
Тікелей шығындарға өнімге қосылған материалдар құны, жұмысшылар еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруларғааударымдар. Бұл шығындарды шығарылған өнім немесе өнім топтарына тікелей қатысты қылуға болады.
Жанама шығындар-бұл фирманың қызмет етуіне қажетті шығындар: құрал-жабдықты ұстау бойынша шығындар, арендалық төлемдер, коммуналдық қызметтің бағасы, коммерциялық шығындар, өнім өндірісі процесінде жұмысбасты емес персоналдың еңбекақысы, несиелер бойынша пайыздар және т.б.
Шығындарды осылайша бөлу қызмет түріне тәуелсіз әр типті кәсіпорында қолданылады. Қызмет түріне тек өзіндік құн құрылымындағы тікелей және жанама шығындар арасындағы пропорция ғана тәуелді болады.
Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеуге мысал ретінде ТОО «АСЕЛЬ» фирмасының бір батон өндірісіне жіберілетін шығындарды есептеуі қарастырылады:
Тікелей шығындар 1.Шикізат және материалдар
Нанның бірлігін өндіруге қажетті шикізат пен материалдардың калькуляциясы кезінде онымен байланысты шығындардың барлығы есепке алынады; мүмкін болатын жоғалтулар мен бүлінулер, сонымен қатар сәйкес көліктік дайындау шығындары.