Жұмыс уaқыты - бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі
Жұмыс уақытының ұзақтығы:
қалыпты (аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс);
артылған;
толық емес.
Жұмыс уақытына мыналар жатады:
дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар) уақытының кезеңдері, еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларында көзделген үзілістер;
жұмыскер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты;
мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер; үйдегі кезекшілік, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да кезеңдер
Жұмыс уақытын қысқарту төмендегі тұлғалар үшін бекітіледі:
1. он сегіз жасқа жетпеген жұмысшылар:
он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;
он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын.
ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы қызметкерлерге - аптасына 36 сағаттан аспайтын;
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге - аптасына 36 сағаттан аспайтын.
Толық емес жұмыс уақыты:
толық емес жұмыс күні;
толық емес жұмыс аптасы;
күнделікті жұмыс уақытының нормасын бір мезгілде азайту (жұмыс ауысымы) және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту.
Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін Еңбек Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмайды.
Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының), сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеуге міндетті.
Жұмыс аптасының түрлері:
Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы;
Бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы.
Күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс ауысымы):
Еңбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.
Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалады.
Өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі
Түнгі уақыт сағат 22.00 - 06.00 аралығы болып саналады.
Түнгі уақыттағы жұмысқа:
он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер;
жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер жіберілмейді.
Үстеме жұмыстар:
әрбір жұмысшы үшін тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге тәулігіне бір сағаттан аспауы тиіс;
айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс;
Үстеме жұмысқа жұмылдыру тек жұмысшынының жазбаша келісуі арқылы, басқа жағдайда Еңбек Кодексі бойынша жүзеге асырылады.
Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі:
елдің қорғанысына қажетті жұмыстарды өндіруде, сонымен қатар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен өндірістік апаттардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жұмыстар кезінде;
суқұбырлары, газқұбырлары, жылуқұбырлары, энергияқұбырлары мен басқа да жүйелердің қалыпты қызметін бұзатын басқа жағдайларға жол бермеу;
ауысымдағы қызметкер келмеген жағдайда, егер жұмыс міндетті түрде адам ауыстыру арқылы үзіліссіз жүруді талап етсе жұмысты жалғастыу кезінде.
Үстеме жұмысқа мыналар жатпайды:
жүкті әйелдер;
он сегіз жасқа толмаған қызметкер;
мүгедектер.
Жұмыс уақытына мыналар кіреді:
Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.
Жұмыскердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде орындаған не олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақытпен тіркей алмайтын кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |