Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л


  С.Мұқанов “Аққан жұлдыз”. –А., 1972.  7



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
6. 
С.Мұқанов “Аққан жұлдыз”. –А., 1972. 
7.
Шоқанның таңдамалы шығармалары. –А., 1979-1989. 
 
 
 
 


 №21- Лекция. 
Тақырыбы: Шоқанның жазушылық-публицистік еңбектері. 
Жоспары: 
1.
 
Ғылыми очерктері мен кҥнделіктері. 
2.
 
Шоқанның ӛз ата-анасына, достарына жазған хаттары. 
3.
 
Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері. 
4.
 
Шоқан мҧрасының ҧлттық тарихымыздағы маңызы. 
 
Қазақ ауыз әдебиетінің жіктері мен түрлерін, оның құрылыстарын
шешендік сӛздерін, айтушылары мен сақтаушыларын Шоқан біраз қарастырған. 
Қазақтың кейбір ақындары: Сыпара, Асан, Бұқар, шал, Жанақ, Түбек, Шӛже, 
Орынбай ақындар туралы пікірлер айтқан. Шоқанның бұл пікірлері әдебиет тарихы 
үшін ӛте маңызды. 
Шоқанның әдебиет зерттеу еңбектері ӛзінің осындай ғылымдық жоғары 
маңызымен және бұқарашылдығымен құнды.Ол әдебиеттің қоғамдық мәнін, 
халықтық қасиетін, реалистік сипаттарын қастерлеуді талап етті. Оның ғылыми 
еңбектері әдебиет мәселесін кең қамтыды. „Ұлы жүз қазақтарының ескңі сӛздері, 
ертегісі”, „Ыстықкӛл саяхатының күнделік дәптері.”, „Қытай мемлекетінің батыс 
ӛлкесі және Құлжа қаласы”, „Құлжа күнделіктері”, „Қырғыз халқы туралы жырлар”, 
тағы басқа мақала, очерк хаттары әдебиетке байланысы мол шығармалар. Шоқанның 
бұл шығармалары оның талантты әдебиетші-зерттеуші ғалым екенін толық танытады. 
Аталған еңбектерінде Шоқан ӛзінің талапты публицият жазушы екенін де 
кӛрсете алды. Ӛмірден кӛргендері мен түйгендерін Шоқан ӛзіне тән шебер тілмен 
бейнелей суреттейді. оНың очерктері мен күнделіктері жай ғылыми еңбек болып қана 
қоймай, кӛркем шығарма- кӛркем публицистика дәрежесіне кӛтеріледі. Ӛзінің бейнелі 
де шешен сӛздерінің арқасында Шоқан еңбектері әңгіме, повестер сияқты оқушысын 
ӛзіне бірден тартып, баурап алады. Шоқанның еңбектерінде табиғат суреті, адам 
портреті мен олардың характері, үй-жай сипаттары кӛркем баяндалып, оқушысын 
үлкен полотноға салынған суреттер галереясына ертіп әкелгендей әсер қалдырады. 
Мысалы, 1858 жылы Құлжаға қарай аттаныс сапарын баяндай келіп, жазушы 
Алтынемел маңын, Алтау аңғарып, бұл жерлердің сұлу табиғатын сүйсіне 
суреттейді. 
Шоқан жүрген жерінің табиғатын жалаң баяндап қоймайды. Ол сол ӛлкені 
мекендейтін халықтың жайын түгел қамтиды. Жергілікті халыққа тән іс-әрекет, мінез-
құлық, әдеп, кәсіп, елдегі дау-шар, үстем тап езгісі-барлығы баяндалған. Бұл 
рчерктерден біз керуеншілерге келіп, базарлық дәметкен қарапайым қазақтар 
сұлтандардың бейнесін де кӛз алдымызға елестетеміз. 
„... Біз сұлтанның мінезінің оғаштығына таң қалдық” – деп жазады Шоқан. – Ол 
шатырға семіз қаздай байпаңдап басып кірді. Сӛйтті де тӛрге шығып отыра қап, 
мелшиіп қатты да қалды, жұрттың бәрін кӛзімен жедел шолып ӛтті де, тақпақтап:
„Жалайырда қой кӛп, Жанғазыда ой кӛп ”,- деді. Соны айтты да, тағы да мүлгіп, 
мелшиді де қалды. Осындай қызық суреттер қырғыздар тұрмысын кӛрсетуде де жиі 
ұшырайды. 
Қырғыздардың ас беруі, қонақ күту салты, ондағы кӛптеген жабайылық 
кӛріністер жай баяндалмай, әсерлі тілмен шебер бейнеленеді. 
Шоқанның күнделіктері де ӛзінің кӛркемділігімен құнды. Оның күнделіктерін 
кӛркем шығарма деуге әбден болады. Шоқанның „Құлжа күнделіктері”- осындай 


кӛркемдігімен ерекше шығарма. Оның қай бетін ашсаңыз да , кӛркем сурет ӛзіңізді 
бірден баурап алады. Осыдан болса керек, Шоқан туралы келелі пікір айтып, 
маңызды зерттеулер жазған ғалым Ә.Марғұлан Шоқанды прозашы жазушы деп 
таниды.Шоқан Құлжадағы базаршылар кӛрінісі, әрбір ұлт ӛкілінің киімдері, сырт 
келбеті, істері, сӛздері түгел бейнелі сӛзбен баяндайды. 
Құлжа табиғатының кӛрінісі, Құлжаға дейінгі жолда кездескен асулар мен 
таулы жолдар, тасты шатқалдар, ӛткелсіз ӛзендер, құнарлы кӛк алқап пен жыртқыш 
аң, улы жәндіктер жайлаған құлазыған қу дала Шоқан еңбектерінде барынша шынайы 
суреттеледі.
Шоқан-публицист жазушы. Оның мақалалары мен хаттары- қазақ әдебиеті 
туралы алғаш пікір кӛтерген маңызды еңбек. Шоқан- қазақтан шыққан, европалық 
тәлім алған жан-жақты ғалым, мәдениетті қоғам қайраткері, батыл саясатшы. 
Шоқанның досы Потанин ӛзінің естеліктерінде: „Оның ӛз бетінмен оқыған 
кітаптарының кӛптігіне, білімінің молдығына қайран қалушы едік. Мінезі де жарқын, 
кӛңілді, жүрген жері думан-күлкі болушы еді”,- дейді. 
Екінші бір досы- атақты орыс жазушысы Достоевский Шоқанға жазған бір 
хатында: „ Қазақта шын мағынасында европалық білім алған бірінші адам екеніңіз 
есіңізде болсын? Оның үстіне, тағдыр Сізді жүрегі, ақылы бар тамаша адам қылып 
жаратты”, - деп , оның бойындағы ӛзгеше күші мен талантын жоғары бағалап, елі 
алдындағы азаматтық борышын ескеріп отырған. Осы сияқты Семенов-Тяншанский 
мен Н. Веселовскиййлер де оған жоғары баға берген. оРыс дрстары Шоқанды аспан 
әлемінде жарқ етіп ағып ӛткен құйрықты жұлдызға теңеген. 
Шоқанның Европаға ерте тараған еңбектері Жоңғария туралы жазғандары 
болатын. Ғалымның „Жоңғария очерктері” мен „Алты шаhардың жай-жапсары” деген 
еңбектері 1861 жылы, ӛзінің тірі кезінде, орыстың императорлық география қоғамы 
жазбаларының үш кітабында басылған. 
Шоқанның еңбегі ағылшын, неміс, француз тілдеріне де аударылды. 1865 
жылы Лондон баспасы оның Жоңғария туралы жазғагдарын ағылшын тілінде 
жариялады. Орыстың алдыңғы қатарлы баспасӛзі Шоқан туралы ең жанашыр пікірлер 
айтып отырады. „Современник” журналы Шоқан туралы ӛз пікірін 1864 жылы-ақ 
жариялаған. 
„... Шоқан Уәлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп аталатын басқа 
халықтардың ешқайсысынан бұрын-соңды шыққан емес”, - деп жазған. 
Шоқан- жан-жақты ғалым. Ол- этнограф, географ, экономист. Сондықтан 
бұл саладағы ғалымдар да Шоқан туралы бағалы еңбектер жазып жүр. Бұл 
зерттеулердің бәрі Шоқан қалдырған мұралардың маңызды орасан зор екенін 
дәлелдейді. Әсіресе, ол- әдебиет ғылымы мен публицистиканың дамуы үшін ерекше 
еңбек еткен адам. 
 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.


6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 
7. С.Мұқанов “Аққан жұлдыз”. –А., 1972. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет