Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
 
 
 
 №24- Лекция. 
Тақырыбы: Абай Қҧнанбайҧлы(1845-1904). 
Жоспары: 
1.
 
Шығармашылық ӛмірбаяны. 
2.
 
Абай мҧрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. 
3.
 
Ақын ретінде қалыптасуына ықпал еткен ҥш арна. 
 
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, ӛнері мен 
әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев - ӛз ұлтының 
реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың 
озық деңгейіне бағыттап, ӛз кезінің шындығын дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды 
шығара білген прогресшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, 


оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап 
беріп, елінің әдебиет кӛшін зор мақсатқа меңзеді. 
Дана ақын 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, 
Шыңғыс тауында туған. 
Абайдың әкесі – Құнанбай - ӛз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі, зерек ел 
ағасы, ірі тұлға. 
Абайдың жас кезіндегі кӛңіл сергітіп, жүрегін жібіткен жылы құшақ кіші пейіл 
анасы – Ұлжанның мейірімді кӛңілі, кӛпті кӛрген әжесі Зеренің қойыны. Оқу жасына 
жеткеннен бастап, Абай ауыл молдасында, үйде оқыды. Сегіз жасар Абай ӛзінің 
зеректік қабілетімен әке кӛзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген 
ой салады. Міне, осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі 
Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, 
мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері 
дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге оқуға түседі. Осы 
медресе имамы Ахметризаның қарауында оқиды. Абай бұл медресе оқуын да 
меңгеріп, үздік кӛзге түседі. Абай молдадан оқып жүріп, ӛз бетімен кӛп ізденеді. Сол 
кезде кӛп тарап жүрген Орта Азия және тәжік, парсы халықтарының ұлы ақындары-
Науаи, Низами, Фердаусилер шығармаларымен танысады. 
Семейде болған аз жыл ішінде Абай тек медресе маңын, діни қауымды танып 
қойған жоқ. Абайдың сезімтал, жас, ынталы жүрегі оған қаланы тегіс танытты. Ол 
қала халықтарын, оның мәдениеті, тұрмыстарын күнкӛріс тіршіліктерін, даладан 
ӛзгешеліктерін, тағы басқа жақтарын түгел танып, зердесін ӛсіреді. Қала халқының 
бойындағы игі қасиеттерді Абай сол оқушы кезінің ӛзінде-ақ таниды. Аздаған уақыт 
орыс мектебіне қатысып, сабақ алады. Мұғалім жалдап, үйден де оқиды. Сӛйтіп, 
орысша оқуға жан сала кірісіп, сол тілдің қиындылығына қарамастан, еңбектене 
жүріп, біраз хабар алады. Орыстың тілін, жазуын меңгеру арқылы Абай ӛзіне кең 
дүниенің есгін ашып, мол қазынаға қолын жеткізгендей болады. Енді, ол қалалық 
кітапханадан шықпай оқып, білімге бой ұрады. 
Осылайша, қала ӛмірін танып, жаңа дүниенің есігін тауып, ішіндегі нәрді тата 
бастаған оқушы Абайды әкесі Құнанбай оқудан айырып, елге алып келеді. Енді ол 
Абайға ӛз “ӛнерін” үйренуді ұсынады. Ел билеу ісіне баулу мақсатымен оны ру 
арасы, ел іші дау-жанжал, айтыс-тартысына қосады. 
Абай осы қалыппен қыр қазағы, әке кӛмекшісі болып қала берген жоқ. Ер жете 
келе, ӛз бетімен қалаға қайтып оралып, жиі келіп жүрді. Абай классикалық 
әдебиеттерді оқыған сайын кӛзі ашылып, ӛмірдің, қоғамның сырларына түсіне 
бастайды. Абайдың медреседен кейінгі оқу жолы осындай ӛз бетімен іздену, үйрену 
дәрежесінде болды. Алыстан араласқан Абай ӛзіне жаңа орта-тың жол тапты. 17-18 
жастан 28-29 жасқа дейінгі Абайдың ӛмірі осындай ӛз бетімен іздену, ал ел ӛмірін 
зерттеу, халық даналығы мен батыс әдебиетін меңгеру жолында ӛтті. Кӛбіне үйде 
отырып, кітап оқып, ӛз ойларын жазып, оқығандарынан халық арасында әңгімелер 
айтып, ӛз қалауымен жүріп, іздене түседі. Осылайша, Абай тек отыз жастан асқан соң 
ғана ӛз кӛңіл қалауымен қызмет етеді. Абай осы кездерден кейін творчестволық 
қызметпен де айналыса түседі. 
Ал, ер жетіп, ақыл тоқтатқан кезден бастап Абай жат тіл қолданып, жеңіл сӛз 
айтудан аулақтай береді. Ол саралап сӛз жиып, салмақпен тіл қатып, байсалды ой мен 
терең пікірлер қозғап отырады. Ӛз халқының тіл байлығын сарқа пайдалану мақсатын 
кӛздейді. 


Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге тамаша әдеби еңбектері арқылы 
жетті. Абай қалдырған бұл мұралар ӛз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды
сол кездегі қазақ қоғамының шын сырын ашты. Абайдың шығармалары - ӛз дәуірінің 
келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін, мазмұнға бай, ізгі ойға толы, шебер 
тілді кӛркем туындылар. 
Абай шығармалары қолдан кӛшіріліп, қолжазба күйінде не жатқа айтылу 
арқылы ғана таралды. Ақын ӛлеңдерін шағын жинақ ретінде 1909 жылы Кәкітай 
Ысқақов бастырған еді. Ал одан кейін 1917 жылы Құрманов дегеннің редакциясы 
бойынша Абайдың таңдамалы ӛлеңдерінің шағын жинағы Орынборда басылып 
шыққан-ды. 
Россия географиялық қоғамы Абай туралы мәліметтерді ерте кезден-ақ бере 
бастады. 1906-1907 жылғы “Хабарларында” ақынның суретін және ол туралы мақала 
жариялады. 
Абайтану қазір ӛз алдына бӛлек бір ғылым болып қалыптасты. Бұл ғылымды 
негіздеудегі аса кӛрнекті ғалымымыз М.О.Әуезовтің еңбегін ерекше атап кӛрсету 
қажет. Ол қазақтың классик ақыны Абайдың кӛркем образын жасаумен қатар, терең 
ғылыми-зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін салды. Ақын 
шығармаларын жинастырып, оның тұңғыш толық жинағын шығарды, Абайдың ӛмірі 
мен творчествосы туралы фактілерге бай, ғылым тұжырымдары дәйекті де терең
кӛлемді монография жарияланды. 
Абайды зерттеу ісі қазір тек қазақ ғалымдарының ғана шұғылданар ісі болмай, 
бүкіл Одақ ғалымдарының тӛл ісіне айналып кетті. Абай шығармаларының басқа 
тілде басылулары мен ақын жайында шыққан жеке мақалалар мен кітаптар оны қалың 
қауымға бұрынғыдан да танымал ете түсті. 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ – 
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Абай 
тағ
лымы
. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. (Құрастырған 
Н.Ғабдуллин). А. 1986. 
7.Абайды оқы, таңырқа...-А. 1993. 
8.Абай тілі сӛздігі. –А. 1968. 
9. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан . –А. 1993 
10. М. Әуезов. Абай жолы. –А.1988-2002 ж 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет