Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет33/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
 №25- Лекция
Тақырыбы: Абай ӛлеңдерінің идеялық –тақырыптық мазмҧны, кӛркемдік 
ерекшеліктері. 
Жоспары: 
 
-
азаматтық кӛңіл-кҥй; 
-
философиялық махаббат; 


-
ғашықтық; 
-
табиғат қҧбылыстары; 
-
оқу, білім, ағарту; 
-
тәрбие мәселелері; 
-
ақындық ӛнері туралы. 
 
Абай 35-40 жастар шамасында ӛзінің ақындық талантын таныта бастайды. 
Абай қалада айлап жатып, еліне арбалап кітап алып қайтады. Семейге айдалып 
келген, патша ӛкіметіне қауіпті деген адамдармен де кездесіп, олармен ұзақ кеңесіп, 
ішкі қоғам ӛмірінен алатын орнын дұрыс түсінді. Ол ӛлеңге жеңіл-желпі қарап, 
байларды мақтап, тілін безеп, мал үшін сатылып, ӛнердің қадірін кетіріп жүрген 
ақынсымақтарды қатты сынға алды. 
Абай ақынды ӛмір оқытушысы, үгітші, үлгі берер азамат жыршысы болуы 
керек деп білді. Ӛзі “кӛкірегі сезімді, тілі орамды” жастарға үлгі болды, оларға ақыл 
айтып, ӛлең жазудың тамаша шебер үлгілерін кӛрсетіп берді. 
Абай шебер ӛлеңді, тәтті әнді мәдениеті жоғары, білімді ақын ғана бере 
алатынын ескертіп, “Бӛтен сӛзбен былғанса сӛз арасы, ол-ақынның білімсіз 
бейшарасы” деп кӛрсетті. 
Ақындық ӛнердің мақсатын, мәнін осылай терең түсінген Абай, ӛз кезіндегі 
әдебиетке батыл сын айтты. 
Абай кезіндегі ел билеушілерге қарсы шығып, патшаның болыстық, билік 
тәртібін сынға алады. Олардың қылмыстарын бетіне басып, ел мұңын, халық тілегін 
білдіреді. Реңі кеткен қазақ елінің бейнесін айқын кӛрсете келіп, ол: 
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!... 
Ӛзімдікі дей алмай ӛз малыңды, 
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың,- 
дейді. 
Абай ӛзінің осы сияқты ӛлеңдерінде (“Болыс болдым, мінекей”, “Мәз болады 
болысың”, “Бойы бұлғаң”, “Сабырсыз, арсыз, еріншек”, “Адасқанның алды жӛн, арты 
соқпақ”, т.б) ӛткір, сыншы-сатирик ақын есебінде бой кӛрсетті. 
Абай қазақ жеріндегі теңсіздікті, тағы басқа қайшылықтарды түсіне білді. Оны 
ӛзінің бойындағы ақындық шабыттың бар күшімен жырлады. Бай мен кедейдің 
арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін кӛрді. Ӛзінің “Күз”, “Қараша, 
желтоқсан мен сол бір екі ай” деген ӛлеңдерінде қазақ кедейлері мен байларының 
ӛмірін салыстыра бейнелеп, кедейлердің аянышты халін айқын суреттеді.
Абай ӛлеңдеріндегі негізгі, елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі-қазақ 
әйелдерінің жайы, қазақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі. 
Махаббат, әйел теңдігі тақырыбы Абай ӛлеңдерінде кең қамтылып, жалпы 
адамгершілік идеясымен қабысып келеді. Абай бұл мәселелерді кӛтеруде де ӛзінің 
жаңашыл, бұқарашыл ақын екенін кӛрсетті. Ол қазақ қыздарының теңсіздікте езіліп, 
сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін кӛрді. Ӛзі бұған наразылық білдіріп, 
аянышты сезімге толы ӛлеңдерін шығарды. 
Абай творчествосынан ерекше орын алатын ендігі бір үлкен тақырып - оның 
ағартушылық идеясы. Абай - ӛнер-білім, тәлім-тәрбиеге ерекше кӛңіл аударған, ұлы 
ағартушы ақын. 
Абайдың табиғатты суреттеп жазған бір топ ӛлеңдері тек түр жағынан ғана 
емес, мазмұны жағынан да ӛзгеше. Ол ӛлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне 


отырып, ӛмір шындығын кеңінен қамтып кӛрсетеді. “Желсіз түнде жарық ай”, “Қыс”, 
“Жаз”, т.б. ӛлеңдерінде жыл мезгілдерінің әрбір кезеңін қазақ аулының ӛмір 
тіршілігіне қабыстыра суреттейді. 
Абайдың табиғат лирикаларының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі - “Желсіз 
түнде жарық ай”. 
Желсіз түнде жарық ай,
Ауылдың жаны терең сай, 
Сәулесі суда дірілдеп. 
Тасыған ӛзен күрілдеп,- 
деп басталатын ӛлеңі табиғаттың түнгі кӛрінісін, махаббаты жарасқан екі жастың 
тулаған жүректері мен жылы құшағын ұштастыра бейнелейді. 
Абай лирикалары - алуан сырлы, мазмұнға бай, адам жанын тебірентерлік 
нәзік. Ақын лирикасы - нәзік сезімді толғауымен ғана емес, сонымен бірге, ӛзінің 
әлеуметтік рухымен де, терең ойлылығымен де , асқан суреттілігімен де жаңа мәнді 
реалистік шығармалар. 
Абай А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовтың реалистік әдістерін жете меңгерген 
еді. Абай - М.Лермонтов сияқты ӛзі ӛмір сүрген қоғам озбырлығына батыл қарсы 
шыққан кекті ақын. Абайдың кӛптеген тамаша шығармалары М.Лермонтов 
творчествосындағы азаматтық әуенмен үндес. Мұндай шығармалардың қатарына 
оның: “Жүрегім нені сезесің”, “Менсінбеуші ем наданды”, “Сегіз аяқ”, “Не іздейсің 
кӛңілім, не іздейсің?”, “Талай сӛз бұдан бұрын кӛп айтқанмын”, “Жүрегім менің 
қырық жамау” т.б. ӛлеңдері жатады. Абай аудармасы арқылы Лермонтовтың 
“Тұтқындағы батыр”, “Ой”, “Альбомға”, “Қанжар”, “Дұға”, “Теректің сыйы”, 
“Шайтан”, “Асау той, тентек жиын, опыр-топыр”, “Вадим”, “Бородино” және басқа 
ӛлеңдері қазақ арасында тұңғыш тарады. 
Абай - терең ойдың ақыны. Ол әрбір шығармасын жүрек тебіренте тереңнен 
толғайды.Кемеңгер ақын ӛлеңдерін сыдыртып оқып шығып, толық түсінік алдым деу 
қиын. Әрбір ӛлең жолдарының ӛзіне үңіле, ойлана оқу ғана дегенге жеткізеді. Оқыған 
сайын бұрын оқыған Абай сӛздерінің жаңа сырын ашып отырасың. 
Шынын айтсақ, Абай- қазақ поэзиясында нағыз реалистік образ, шебер сурет, 
жаңа кӛрініс жасаған білімді, мәдениетті жазушылардың тұңғышы. 
Абай суреттеген әзірейілдей қыс, жадыраған жаз бейнелері, күн-күйеу мен жер-
қалыңдық, қалғыған тау, дел-сал дала, сыбдырлаған жапырақ, күлімдеген аспан, 
ойланған жер, ақ қардың үстінде түлкі алып жатқан бүркіт, т.б. нағыз реалистік 
әдебиетке тән шын ӛнерлік қасиет. Бұл тұстағы озық шығармалары оны сыншыл 
реализм ӛкілдері тобына қосты. 
Абай ӛлеңдері – мазмұны мен түрі біріне-бірі сай , ең асыл сӛзді поэзия . Ақын 
поэзиясы мазмұны жағынан қандай салмақты болса, түр жағынан да сондай кӛрікті. 
Абай ӛлеңінде артық сӛз, орынсыз пікір кездеспейді. Бәрі де белгілі ӛлшемге сай, 
терең ойға құрылып, етек жеңі жинақы келеді. 
Абай ӛлең теориясына қатысты бірнеше шығарма жазып, поэзияның мазмұны 
мен түріне ерекше кӛңіл бӛлген. Ӛлеңнің кӛркемдік түрі мен мазмұнының бірдей 
тартымды шығуында екенін тереңінен ұғынды. 
Буын саны жағынан да Абай бұрынғы формаларды ӛңдеп, жетілдіре түсті. 
“Сегіз аяқ”, “Сен мені не етесің”, “Бай сейілді”, “Ақылбайға”, “Кӛзімнің қарасы”, 
“Бойы бұлғаң”, “Оспанға”, “Антпенен тарқайды”, “Ыстықтан, суықтан”, “Я, құдай, 
бере кӛр”, “Қатыны мен Масақбай”, “Мен сәулем жазамын”, “Болды да партия”, 
“Жалын мен оттан жаралып”, “Тайға міндік” және басқа ӛлеңдері шумағынан 


жағынан да, буын саны, бунақтары мен ырғақтары жағынан да мүлде жаңа түр, соны 
құбылыс. 
Тайға міндік, 
Үкі тақтық, 
Тойға шаптық, 
Күлкі бақтық, 
Жақсы киім киініп.
Жоқ немеге сүйініп. 
Осы келтірілген шумақтар буын саны жағынан да соны (3, 4, 5, 6, 7 буын 
аралас), шумағы 3 жолдан келген жаңа түр. Абай 3, 4, 5, 6, 9 буынды, шалыс ұйқасты 
ӛлеңдер түрін мейлінше кӛп қолданды. Бұл түрлердің кӛбі - Абай енгізген 
жаңалықтар. 
Абай - XIX ғасыр ағартушыларының озық идеясын қазақ жеріне алғаш 
әкелуші, олардың тамаша шығармаларын ӛз халқы тіліне аударып, таратушы. 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ – 
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Абай тағлымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. (Құрастырған 
Н.Ғабдуллин). А. 1986. 
7.Абайды оқы, таңырқа...-А. 1993. 
8.Абай тілі сӛздігі. –А. 1968. 
9. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан . –А. 1993 
10. М. Әуезов. Абай жолы. –А.1988-2002 ж 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет