Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет36/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
 
 
 
 
 
№28- Лекция. 
Тақырыбы: Ақылбай Абайҧлы (1861-1894). 
 
Жоспары: 
1.
 
Ақылбайдың ақын ретінде қалыптасуындағы әкесі Абайдың әсері. 
2.
 
Поэмалары (”Жаррах”,”Дағыстан”, ”Зҧлыс”). 
3.
 
”Зҧлыс”- аса қою оқиғалы роман-поэма. 
 
Ақылбай – Абайдың ӛзінің баласы. Абайдың алғашқы әйелі – Ділдәдан, 
әкесінің он алты жасында туған.
Алғашқы балалық шағын және жігіттікке жеткен кезін Ақылбай ӛз әкесінің 
үйінде ӛткізбейді. Үлкен әкесі – Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның тӛртінші 
әйелі, ең соңғы тоқалы – Нұрғанымның қолында ӛседі.
Осындай тәрбиелік жағдайының есебінен Ақылбай Абайға кӛбінше іні есебінде 
қарап ӛскен. Абайдың анық ұлғайып, үлкен білім иесі, атақты ақын болған кезінде 
ғана Ақылбай оның ӛз тәрбиесіне ауысады. Бірақ жас кезі, жігіттік шағы Абайдай 
әкеден аулақта ӛткендіктен, Ақылбай орысша оқи алмай қалған. Оның оқу-білімі
ауылда оқыған мұсылманша, ескіше оқудың орташа дәрежесі болады.
Бертінде Абайдың ақындығын танып, оның мәжілісі, ӛсиеті кӛп әсер еткен соң, 
Ақылбай ӛз бойындағы ақындық күшін жарыққа шығара бастайды.
Әуелгі кездерде, қысқа ӛлеңдермен ӛз ӛнерін байқатып жүріп, кейін бірнеше 
үлкен поэма жазады. Ақылбай Абайдың ортасына араласқан соң, ән-күй, музыка 
ӛнеріне кӛп ден қояды. Ол ірі домбырашы және скрипкашы болған. Соның үстіне 
композиторлық талантын танытқандай, әдемі бір ән шығарғаны да бар.
Ақылбайдың жазып шығарған үш поэмасы болған. Алғашқысы «Жаррах» деген 
поэма, бұның тақырыбын шығыс әңгімесі – «Жеті үй» дейтін ұзақ ертегіден алған.
-
Екінші поэмасы – «Дағыстан». 
Үшіншісі – Африкадағы зұлыстар тірлігінен алынған үлкен поэма «Зұлыс» еді. 
Бірақ «Жаррах» поэмасы мүлде жоғалып кеткен. «Зұлыстың» бас жағы ғана сақталып 
қалып, барлық поэма және де жалғыз сақталған қолжазба ӛртенумен жоғалып кетті.
Біздің қолымызда енді қалған Ақылбайдың жалғыз поэмасы – белгілі 
«Дағыстан».
Поэмаларын Ақылбай ӛз ӛмірінің соңғы кездерінде шығарған. Ақындық 
талантын ірі үлгілермен кесек еңбек тудырып, таныта бастаған Ақылбай ӛзінің 


ақындық ӛнерінің жаңа ӛрлеп келе жатқан кезінде қайтыс болады. Ол 1904 жылы 
әкесі Абай қаза болғаннан кейін, соның қырқын Семей қаласына жұрт жиып беріп 
болған түні, әкесінен соң қырық күн ғана ӛмір сүріп, ӛзі де қайтыс болады. 
Ақылбайдың «Дағыстан» атты поэмасы Кавказдағы Дағыстанда болған бір 
тартыс әрекеттерді баян етеді. Ақылбай осы шығармада ӛзі қазақ ақыны бола тұрып, 
тақырыпты қазақ тіршілігінен ұзап барып, ӛзге ел тұрмысынан алып жазады. 
Абайдың антик дәуірінен «Ескендір» тақырыбын, араб ескілігінен «Масғұт» 
тақырыбын алып, ұлттық шеңберден кеңірек ӛріс іздеген дәстүрін танытады.
Ақылбай ӛз поэмасының басында Кавказ тауын баян етеді. Лермонтовтан Абай 
жасаған аудармада «Арыстанның жалындай бұйра толқын бар» Терек аталған еді.
Қазақтың Каф дегені Кавказ серек, 
Құдайым сұлу биік еткен еркек. 
Ақырын айдаһардай жүз толғанып, 
Тасты ағызып, тау жарған долы терек, - 
деп бастайды.
Солайша, ӛз поэмасының оқиғасы жүретін географиялық ортаны атап алған 
соң, дәл Дағыстанның елін мінездеп жырлайды. Олар қатал ерлігі бар, ашушаң, суық 
мінезді жұрт болып сипатталады. Ызада кекшіл, қатал, қанжар жұмсағыш 
мінездерімен Дағыстан елінің қазақтан басқаша екені айтылады. 
Содан кейін ақын Кавказдың таң атып келе жатқан кӛрінісін суреттейді. Оянған 
табиғаттың алғашқы үнші-жаршысы құмыр бұлбұл сайрап, скрипканың 
квинтасындай жіңішке нәзік күй толғантқанын сипаттайды. Динамикалық суретпен 
ӛндімелі күйде баян етілген кӛрініс ішінде атыраптың әр алуан суретін атайды.
Ақылбайдың суретшілігінде, ӛзгеше бір ӛндімелі кеңдік пен үйлескен, анық 
дәлдік бар. Әуелі таңды одан тауды, содан ары қалаларды оқушы кӛзіне біртіндеп 
кӛрсетіп кеп, ақыры бір қаланың ішінде, бір «ханның» есік алдына кӛз тоқтатады. 
Оқиға да осы арадан туып, дамып кете барады.
Сюжет құрылысында Ақылбайдың бұл поэмасы анық орыс классик 
поэзиясындағы қызықты оқиға туғызу дәстүрін шебер түрде жалғастырған. Поэманың 
басында қайғылы Жүсіп қарт кӛрінеді. Оның жүзінде жас: 
... Жуан, қалың білектей бурыл мұртқа, 
Домалап улы жасы барып жеткен... 
Қарттың жүзі жасқа, жүрегі қазалы ӛкінішке толған. Болашақ геройының осы 
халін сәл баяндап, ақын әңгімені бұл арадан үзеді де, енді осы қарт Жүсіптің дәл 
жаңағы қайғыға неден түскенін баяндауға ауысады. Содан ары поэманың барлық 
оқиға тартыстары дағдылы жолмен ӛрбиді де, ең ақырында барып, кезегімен дамып 
келген оқиға жаңағы поэманың басында қайғылы жаспен отырған Жүсіптің ӛзіне 
оралып кеп аяқтайды.
«Дағыстан» поэмасы адам образын кӛрсетуде, қызық оқиғалы тартыс 
түйіндерін туғызуда ӛте шебер қалыптанған. Бұнда Жүсіптің жас жігіт кезінен 
басталатын бір тартыс бар. Оның есебі қызғаныш болатын. Жүсіп қызғаныштың 
үстіне жазықсыз жақсы жігіт, ер, мерген Ыбырайымды қапыда ӛлтірген. 
Ыбырайымның шешесі де баласының қазасынан қиналумен ӛледі. Бірақ Жүсіпті 
қарғап ӛледі. Содан кейін ұзақ мезгіл ӛтеді. Жүсіп үйленіп, одан бес ұл туады. Және 
сол бес ұлдың ортасындағы жалғыз гүлі – Зайра сұлу ӛседі. Осылайша, Жүсіп тірлігі 
толықсып, бағына жеткен шағында баяғы ӛлген кемпірдің қарғысы енді келе 
бастайды.


Содан поэманың ішінде қызық әңгімеленген тартыстар арқылы Жүсіптің бес 
ұлы қаза болады. Ең соңында Жүсіптің қан кегін қуған қызғанышы арқылы қызы 
Зайра және ӛлімші боп жатады. 
Сол ең соңғы қалған жалғыз нәсілінің ӛлім шағында, Жүсіп кешірім сұраған. 
Бірақ махаббаты үшін шерленіп, ӛлім халіне жеткен Зайра әкесіне кешпей жатыр. 
Поэманың басында қайғылы Жүсіптің ӛкінішпен жылап отырған себебі осы еді. 
Бұл шығарма – анық ӛмірлік романтика үлгісінде жазылған. Бұрын қазақ 
поэзиясында үлгісі болмаған, ӛзгеше шығарма. Романтика тартыс оқиғаларға 
араласқан адамдардың мінездерінен, іс-әрекеттерінен айқын кӛрінеді. Ол стильдің 
ерекшелігі – адамдағы белгілі бір сезімді, мысалы, қызғаныш, кек, махаббат сияқты 
күйлерді алады да, соларды аса зорайтып жырлайды. 
Сюжеттік құрылыс пен суреттік идеяларының ӛзгешеліктері «Дағыстан» 
поэмасында анық мәдениетті романтикалық поэмалардың қалпынан аумай, бар 
талабына сай шыққан.
Бірақ осымен қатар ақынның санасында шығыстық немесе жалпы дінге нанған 
адамдардың бәрінде болатын бұлдырға нанғыштық, суевериеге бой ұрғандық айқын 
кӛрінеді. 
Осымен «Дағыстан» поэмасы ұлы ақын Абайдың ӛзі жазбаған үлгідегі 
шығарма болады. Басталу негізінде, үлгі алуда, орыс классик әдебиетіне Абайдың 
барғанындай Ақылбай да барады. Бірақ Абай орыстың анық классиктік қасиет пен 
сананы танытқан реалистік әдебиеттің ұлы дәстүрін ӛзіне үлгі етіп алса, бұның жолын 
қуған және де ізденгіш жас ақын орыстың романтикалық стиліне кӛбірек еліктеген 
болады. 
 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. - А.,1994 
7. Әуезов М. Абай Құнанбаев. –А., 1985 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет