Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет38/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
 
№30- Лекция
Тақырыбы: Шәңгерей Сейіткерейҧлы Бӛкеев (1847-1920). 
 
Жоспары: 
1.
 
Ӛмірі туралы мәлімет. 
2.
 
Лирикалық ӛлеңдерінің идеялы-тақырыптық мазмҧны. 
3.
 
”Сардар сегіз” тарихи дастаны. 
Шәңгерей Сейіткерейұлы ақтаңдақтар қатарына ілініп, кӛп жылдар бойы 
халқымыз кӛз жазып қалуға айналған кӛрнекті ақынымыздың бірі – XIX ғасыр қазақ 
әдебиетінің ірі ӛкілі, ӛз дәуіріндегі ақындық ӛнерде ӛзіндік үлесі, ӛшпес орны айқын 
қайталанбас қаламгер. Сонымен бірге ол – қазақтың жазба әдебиетін ӛркендету, оның 
озбырлығы мен кӛркемдігін жетілте түсу жолында елеулі еңбек еткен шын мәніндегі 
профессионал жазушы да. Бірақ, жетпіс жылдан астам тарихы бар кеңестік 
мәдениетіміздің назарына жете ілінбей, шығармасы кӛмескі қалпында қалып, 
орынсыз кінәлар тағылып, тарихи бағасына ие бола алмаған асыл сӛздердің 
авторының бірі – осы Шәңгерей. 


Ол адам жанының құпия сырларын аша-ақтара жыр шерткен ең сезімтал лирик, 
қазақтың адамгершіл, сыршыл, мәнді де мәнерлі поэзиясының аты әйгілі ақыны. 
Шәңгерей Сейіткерейұлы – заманымыздың тұлғалы жазушысы. Ол қазіргі Орал 
облысы, Орда ауданында, Жасқұс деген жерде 1847 жылы дүниеге келген, тарихқа 
аты мәлім Жәңгір ханның немересі.
Шәңгерейдің ӛзі де, әкесі де хандық құрған адамдар емес. Сейіткерейдің ӛмірі 
ұзақ болмаған. 1852 жылы дүние салған. Бірақ, Шәңгерей ағайын-туыстарының 
қамқорлығы арқасында жетімдік кӛрмей ӛскен. Оның ата дәулеті де аз болмаса керек. 
Сондықтан, хан сарайындағы тәлім-тәрбиені жас кезінен-ақ алуға мүмкіндігі мол 
болған. Тумысынан талапты жас айналасындағы ӛмірді ӛз кӛзімен кӛріп, кӛңіліне 
тоқи да білсе керек. Бала шағынан басталған тәлім – сарай маңындағы мектептер мен 
мешіт-медреселерге қатысып, оқуға жалғасады. Ордадағы «Ай белгілі ақ мешіт» - жас 
Шәңгерейдің тәлім алған, алғашқы сауат ашқан жері.
1917 жылы Шәңгерей ӛзінің бар байлығы мен қоныс-мекенін тастап, Тайпақ 
ауданы, Тӛбе тӛбесіндегі туыстарына келеді. Қаратӛбеге қарасты Ақбақай деген 
жерде, сүзек ауруынан 1920 жылы қайтыс болады.
Ол ӛз кезіндегі білім-ғылым жолына жеткізетін дүниеәуи мектептен оқып 
жетілген. Әуелі, Астрахань реальное училищесінде, одан кейін Орынбор кадет 
корпусында оқыған. Ӛз тізгіні ӛзіне тигеннен кейін білімді, зиялы орталарда 
болыңқырап, ӛзінің дүниетанымын кеңейте түскен. Сартау, Самар, Орал, Қазан, Уфа 
шаһарларында жергілікті ұлықтар қатарында қызмет те атқарған. Бізге жеткен 
мәлімет бойынша, ол Самарда Мировой судья (бітім, келісім-кеңесші билігін 
жүргізуші) жұмысын атқарған. 
Патша тарапынан ӛзіне дворяндық атақ алып, мекен-жайға лайық жер бӛлдіріп, 
ӛзінің меншігін белгілеп, сол жерінде білгенін, ойына келгенін жасап, адамгершіл 
істер атқарған. Тәуелсіз ӛмір кешіп, еңбекке, ӛнерге негізделген жаңаша тұрмыс 
құрып, шаруа кәсібінің жүйесін жасамақ болған. Сол кездегі орыс помещиктерінің 
имениесі, хуторлары оған үлгі болса керек. Әсіресе, Л. Н. Толстойдың Ясная 
Полинадағы меншікті шаруашылығының үлгісін қатты ескерген. Үй салдырып, село 
тәртібінде мекен-жай, қора-қопсы жасап, мал, егін шаруашылығымен айналысқан. 
Қарамағындағы ел-жұрттың керектерін әкелтіп, дүкен ашып, айырбас базарларын 
жақындатқан. Бала-шағалары үшін мектеп ашып, әуелі ӛзі бастап оқытқан. Кейін 
білімді оқытушылар жалдаған.
Елдегі аттары әйгілі ақын, жыраулар мен әнші, күйші музыканттар Бӛкей 
ордасына, Шәңгерей мекеніне соқпай ӛтпейтін болады. Олардың кейбірін айлап 
ұстап, ӛнер үйренер жас қауымға үлгі етеді.
Шәңгерейдің орыс, батыс мәдениетімен де, әдебиетімен де жете таныс адам 
болғанын бізге дейінгі зерттеушілердің бәрі де айтып келді. Әсіресе, оның орыстың 
XIX ғасырдағы классик жазушыларын, олардың ішінде лирик ақындарын сүйсіне 
оқып, оған еліктеп, кейбір үлгілерін қазақ тіліне аударып кеткені тағы шындық. 
Пушкин, Лермонтов, Фет, Тютчев, т.б.
Шәңгерейдің ақындық талғамы, қоғам ӛміріне қояр талабы, дүниетанымы ӛзі 
тұстас қазақ ақындарынан ӛзгеше еді десек, бұл ӛзгешеліктердің түп тӛркінін біз 
аталмыш орыс, Европа мәдениетінен, әдеби кӛріністерінен, ӛнер ӛрнектерінен 
табамыз.
Шәңгерейдің шығармаларына арқау боларлық ортақ бейне – оның ақындық 
«мені». Ол барлық шығармаларында ӛзінің жайын, ӛмір жолын дүниеге келгеннен 
кейінгі бастан кешкендерін айтар ойын ұштастыра отырып, образдар арқылы терең 


толғайды. Кейде ӛз атынан сӛйлей отырып, оны басқа бір жанама хайуанат ӛміріне 
немесе соның тағдырына, әдет-мінезіне, іс-әрекетіне ауыстыра бейнелейді. Ақынның 
бұлайша суреттеулері аллегориядан гӛрі, кейіптеуге, салыстырмалы бейнелеулерге 
ұқсас. Ол айтар ойларын қаз қалпында туралап баяндаудан гӛрі бейнелі сурет жасауға 
әуес. Жазушының мақсаты нағыз кӛркемдікке ұмтылу, шын мәніндегі кӛркем сӛз 
ӛнері туындысын жасап, соны қазақ әдебиетіне енгізу болатын. Ақынның бұл 
қадамдары нәтижесіз болған да жоқ. Шәңгерей әдебиетімізге шын мәнінде бейнелі, 
пернелі, сұлу суретті поэзиясымен жаңалық қосқандардың бірі болды. 
XX ғасыр басындағы орыс поэзиясында реалистік әдебиет ӛкілдеріне қоса, 
романтизм ағымы ӛрге басады. Оған жалғас кӛркемӛнер, әдебиет туралы жаңа 
кӛзқарастар пайда боп, мүлде ӛзгеше ағымдар туындайды. Айталық, акмоизм, 
футуризм, натурализм, импроссионизм, иможенизм, т.б. ағымдар эстет жазушыларды 
туғызады.
Аталмыш ағымдардың пайда болуының тарихи әлеуметтік себептері болды. 
Әдебиет – кӛркемӛнердің негізгі бір түрі деп есептеген акмоизм ағымының ӛкілдері, 
эстеттер – «әдебиет - әдебиет үшін», «кӛркемӛнер – кӛркемӛнер үшін», - деген қағида 
ұсынып, әдебиеттің тек жалаң сұлулықты, табиғатты, махаббатты жырлауын мақсат 
етті. Дворяндардан шыққандар деп аталатындар ішінен Ф. И. Фет, А. А. Тютчев деген 
күшті ақындар шықты, бұларға қазақтың Шәңгерей, Бернияз, Мағжан сияқты 
ақындары еліктеді. Асылы, аталмыш қазақ ақындарының рухани талғамдарына 
жоғарыда сӛз болған орыс ақындарының туындылары сай келіп, олар поэзияның 
кӛркемдігін, сұлулықты жырлау міндетін бірінші орынға қойды.
Шәңгерейдің қоғамдық мәселеге қалам тартпауының себебі, жоғарыда аталған 
орыс ақындарының тікелей ықпалы екені сӛзсіз. 
Біз жоғарыда ақындық «Мен» Шәңгерей шығармаларының жібек арқауы, ӛлең 
ӛрімдерінің ӛзегі сияқты тартылғанын ескерткенбіз. Ақын «Мен» деген сӛзге 
философиялық мән беріп, оны дүниенің ӛзгерісіменғ дәулеттің тұрақсыздығымен, 
ӛмірдің ӛткіншілігімен байланыстырады.
«Кімсің» - деп біреу сұраса, 
Ӛзім болып «Мен!» деген. 
«Мен» - деген кетсе дүниеден, 
Ӛзім болып «Менмін» деп, 
Жауап берер қай адам?! 
Шәңгерейдің шығармалары – терең ойлы, ұшқыр қиялға толы туындылар. 
Адамның ақылы, ойы шексіз, қиялы қанатты болатынын шебер бейнелейді. «Таудағы 
тас ұядан» атты ӛлеңінен мысал келтірелік.
Таудағы тас ұядан, 
Лашындай сарыққан қиядан. 
Шалқып сӛзім шығады, 
Ойласам, пікір-қиялдан,
Аспалап қиял кетеді. 
Шәңгерейдің лирикалары – махаббат сезімі дүниесін кең қамтитын 
шығармалар. Ӛз ӛмірінің деректеріне негіздей немесе ӛзіне меншіктей отырып, 
құмарлық мәселесін құштарлана жырлады. Жеке басының құмарлығынан бастап, 
махаббаттың жастарға тән ӛзегін ӛртер жан азаптарын толғады. Осылайша 
махаббатқа деген ӛз талғамын қалыптастырды. Бұл мәселеде ол ӛз тұстары – Біржан 
сал, Ақан серілермен үндесті.


Әрбір ақын сияқты Шәңгерей де ӛзінің туған жеріне, ӛскен ӛңіріне деген 
махаббатын танытқан. «Қайран жерім», «Кӛлторғай», «Кӛлборсы», «Нарын туралы» 
толғаулары айтылмыш мақсаттарға арналған.
Шәңгерей сауық-сайран қуып, тек қана серілік ӛмірді уағыздаған ақын десек, 
ол да біржақты болар еді. Ақын жігерлі жастар айналысар ӛнер жолдарын нұсқайды. 
Техникасы ілгері, ӛнерлі елдердің жетістіктерін үлгі етіп, оқуға, ғылымға баулиды. 
«Ғылым», «Эдиссон» атты ӛлеңдер де жазады.
Шәңгерей шығармалары ӛзінің суреткерлігі, образдылығымен ерекшеленеді. 
Ақын лирикалары адам бейнесін, кескін-келбетін, сыр-сымбатын оның кӛңіл-күйіне, 
ішкі дүниесіне ұштастыра бейнелеуге шебер. Сүйген сұлу, асыл жар сияқты 
арулардың сыр-сымбаты, табиғаттың тамаша құбылысы, тамылжыған кӛктем, 
жадыраған жаз, шалқар кӛл, жасыл жапырақ суреттері – нағыз шебер қыл қаламынан 
туғандай бояуы қанық, үлкен ойға жетелейді.
Ақын ӛлеңдері ӛзінің құрылысы жағынан қазақтың үйреншікті қара ӛлеңі мен 
толғау термелері үлгісінде келгенмен, ӛзіндік сӛз қолданысы, ұйқас, ырғақ, шумақ 
формалары бар шығармалар. Жазба әдебиетке тән анафора, эпифора сияқты сәнді 
жолдар да аз емес. Поэтикалық тілінде де ӛзіндік ӛрнектер, дәстүрлі образдардың 
қолданыс ӛзгешеліктері кӛп кездеседі.
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Досмұхамедов Х. Аламан. –А., 1991 
7. Ысмайлов Е. Ақындар. –А., 1956 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
“Сырдария” университеті 
“Филология ” факультеті 
“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы 
“XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті” пәні бойынша 050117 мамандығының 
студенттері үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет