Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad
1137528, 1153299
 
 
№26- Лекция. 
Тақырыбы: Абай поэмалары және қара сӛздері. 
 
Жоспары: 
1.
 
Абай қара сӛздерінің жанрлық тҥрлері. 
2.
 
Олардың тақырыптық- мазмҧндық сипаты. 
3.
 
Абай қара сӛздерінің тілі, стилі. 
Ақын творчествосынан елеулі орын алатын шығармаларының бір саласы- оның 
поэмалары. Олар: „Ескендір”, „Масғұт және Әзім әңгімесі”. Бұл- ақынның 
лирикадан- оқиғалы, кӛлемді шығарма жазуға ойыса бастаған кезеңін танытатын 
маңызды еңбектер. Абай ӛзінің поэмаларында да жоғарыда кӛрсетілгендей 
әлеуметтік, адамгершілік идеяларын кӛтерді. Мысалы, ӛзінің „Ескендір” поэмасында 
Александр Македонскийдің озбырлыған, соғысқұмарлығын, дүниеқорлығын 
әшкерлейді. 
Абайдың „Масғұт” поэмасы да- жаңа идеяға негізделген шығарма. Ақын ӛз
поэмасының негізгі кейіпкері Масғұтты адамгершілік үшін күрескер етіп кӛрсетеді. 


Абайдың аяқталмай қалған „Әзімнің әңгімесінің” сюжеті бізге араб ертегісінен 
„Мың бір түн” қаhарманы Шахризада хикаяларының бірінен мәлім Хасан зергердің
әңгімесіне ұқсайды. Ақын хикаяны түгел баяндамайды. Тек алданған жас зергердің 
оқиға тарихын беретін жайлары ғана алынады. Сондықтан Абай ертегінің сюжетін 
ғана қайта жырлап бермейді. Мұнда да ақын ӛзінің адамгершілік идеясынан туған
пікірлерін уағыздау мақсатын кӛздейді. Пушкиннің орыс әдебиетінде
романтикалық мектептің негізін қалағаны сияқты Абай да ӛз айналасына тілектес 
ақындар топтады. Шәкәрім (1858-1931), Ақылбай (1868-1904), Мағауия (1870-1904), 
Әсет Найманбай ұлы (1864-1923) сияқты ақындарды тәрбиелеп шығарды.Бұл жас 
ақындар Абай бастаған романтикалық поэма жанрын ілгері дамытты. Қазақ 
әдебиетінде бұрын болмаған жаңа поэмалар туғызды.
Абайдың қара сӛздері мен нақылдары- ақын творчествосының елеулі саласы
ӛлеңдерімен мазмұндас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды 
шығармалары. Сонымен бірге, әдеби жаңа түр, алғаш кӛрінген проза, публицистика. 
Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы. 
Абай қарасӛзге бет бұруы ойламаған жерден ойға алған кездейсоқ емес, 
керекті, заңды бетбұрыс еді. Таланттың ӛзін туғызатын тарихи әлеуметтік жағдай, 
халықтың қалың ортасының керегі болса, оның творчестволық ізденістеріне бастау да 
сол. 
Кӛңіліндегі кӛрікті ойдың ӛңін қашырмай халыққа жеткізу, ӛнеге қалдыру, 
ақыл айту, оны терең толғантты, қиялы қанағаттанып, шабыт биігіне кӛтерілді. 
«Ақыры ойладым,- дейді Абай,- осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ 
қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішішен керекті сӛз тапса, жазып 
алсын, я оқысын , «керегі жоқ» десе, ӛз сӛзім ӛзімдікі». Осы ойға кіріскен Абай , 
ӛзінің кӛтерген мәселесін ұзақ желіге құрып, оқиғасын кӛркем бейне арқылы ашуды 
мақсат қылмайды. Ол ӛзінің айтпақ болған ойларын, ӛлеңдерінде кӛтерген 
мәселелерін кӛлемі шағын, мазмұны бай, сӛзі орамды, тілі ӛткір қарасӛздер арқылы 
қысқа ғана әңгімелеп береді. 
Жанрлық іздену жолында ол шығыстың ғылыми трактат, тастих ретіндегі 
шағын үлгілерін, Жәмидің қарасӛзді ғаклияларын есте ұстағаны даусыз. 
Абайдың қарасӛздерін негізінен прозаның шағын түрі деп атау керек.Абайдың 
қарасӛздерінде шағын прозаның мынадай түрлері бар: 
1.
Ӛсиет ғақлияға Абайдың адамгершілік мораль, мінез-құлық туралы 
мысал жӛнімен келетін ӛсиет мазмұнды эссе ретіндегі сӛздері және 
діни ғибрат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады. Олар: «Он 
үшінші», «Жиырмасыншы», «Жиырма сегізінші», «ОТыз сегізінші» 
сӛздері деуге болады. 
2.
Тастих (утверждение) немесе философиялық трактат. Бұған Абайдың 
философиялық ойларын, дүниеге кӛзқарастарын білдіретін ғылыми 
пікірлер айтқан эсселері жатады. Мысалы, «Жетінші сӛз» «Он 
жетінші сӛз », «Қырық үшінші сӛз», «Қырық бесінші сӛз». 
3.
Нақыл тұспал сӛз. Қарасӛздердің ішінде „Отыз жетінші сӛзде” 
афоризмдері кӛп. 
4.
Әңгіме, кеңес ретіндегі диалог, монологтарында Абай кейде екі 
адамды не адам мүшелерін сӛйлестіріп, кеңестіреді. Мысалы: 
„Тӛртінші”, „Бесінші”, „Сегізінші”, „Тоғызыншы”, „Онынышы”, „Он 
екінші”, „Он алтыншы”, „Он тоғызыншы”, „Жиырма бесінші”, 


„Жиырма жетінші”, „Отыз бірінші”, „Отыз екінші”, „Қырқыншы” 
сӛздері. 
5.
Публицистикалары: «Бірінші», «Екініші», «Үшінші», « Он тӛртінші», 
« Жиырма тӛртінші», «Жиырма алтыншы», « Жиырма тоғызыншы», « 
Отыз үшінші», « Отыз тоғызыншы», « Қырық бірінші», « Қырық 
екінші» сӛздер және «Біраз сӛз қазақтың қайдан шыққаны туралы» 
мақаласы. 
Абай қазақтың болыс, билерін, байларын келеке етті, елдегі қырсыздық, 
еңбексіздік, надандық, діншілдік тағы басқа жағымсыз істерді сынай сӛйлеп, «
Алтыншы», «Он бірінші», « Он тӛртінші», « Жиырма екінші», « Жиырма 
тоғызыншы», « Қырық бірінші» сӛздерінде публицистиканың сын-сатира, эссе, 
очерк, мақала, памфлет жанрларын әдебиетке әкелді. 
Қысқасы, бұл сӛздер арқылы Абай ӛз заманының ірі бұқарашыл 
публицисі болды. Ол қазақ жазба әдебиетінде публицистикалық прозаны 
бастады. Қазақ публицистиканың басы болды. Абай публицистикасы ӛз 
кезінің келелі мәселелерін кӛтереді. Феодалдық қоғамның кертартпа салт-
санасына қарсы сын айтты. Ӛнер-білімге үндеді. Кӛрші орыс елінің мәдениетін 
үлгі етті. 
Абайдың прозасы- қиял прозасы емес, ӛмір прозасы. Ол-обьективтік 
шындықтың шешендік қорытындысы, ғылымға негізделген терең ой 
тебіреністер, адам мінезін бейнелейтін әсерлі әңгіме, деректі эссе, кӛркем 
публицистика, насихатшыл дидактика. 
Абайдың қарасӛздері тек жанры- прозалығы жағынан ғана маңызды 
шығарма емес, сонымен бірге, ол ӛзінің тілі, стилі жағынан да аса маңызды 
еңбектер. 
Абайдың қарасӛздерінің қалың кӛпшілікке тән стильдік ерекшеліктерінің 
бірі-лаконизм (белгілі ойды қысқа, анық , нақты етіп айтып беретін қасиет). 
Абайдың қарасӛздеріндегі екінші бір стильдік ерекшелік, ол – нақыл сӛзділік 
(афористичность). Тағы бір ӛзгешілігі, оның үгіт-ӛсиетшілдік мазмұнына 
лайық публицистикалық дидактизм. Абай шығармаларының негізгі стильдік 
ӛзгешеліктері- оның идеялық-мазмұнынан ӛрістейтін жаңалықтар. 
Абай –музыкалық шығарма жазған композитор. Оның бізге жеткен 
кӛптеген әсем әндері бар. Ақынның музыка саласындағы ӛнерін А. Жұбанов 
ӛзінің «Замана бұлбұлдарында» (1963 жыл) кең талдап, танытқан болатын. 
Қазір Абайдың екі күйі де табылып отыр. Олар: «Май» және «Тор жорға» 
күйлері.
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 


7.
Абай тағлымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. (Құрастырған 
Н.Ғабдуллин). А. 1
986. 
8.Абайды оқы, таңырқа...-А. 1993. 
9.Абай тілі сӛздігі. –А. 1968. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет