Байланысты: әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)
Қарастырылып жатқан түрдегі есепті шығара білу біліктілігін қалыптастыруға әдістемелік нұсқаулар 1)Есептің берілген шартына сұрақтың қойылысы немесе берілген сұрақты өзгерту Мұндай жаттығулар берілген мәліметтер мен ізделінді шама арасындағы байланыстар туралы білімдерді жалпылауға көмектеседі, өйткені мұнда балалар қандай да бір мәліметтер бойынша нені білуге болатынын тағайындайды. Мысалы, оқушыларға мына есептің шартына әр түрлі сұрақтар қоюға ұсыныс жасалады: «Бір жәшікте 60 алмұрт, екіншісінде 14 алмұрт бар» Оқушылар мынадай сұрақтар қоюына болады:
- Екі жәшікте қанша алмұрт бар?
- Бір жәшіктегі алмұрттардың саны екінші жәшіктегі алмұрттан неше есе артық (кем)?
- Екі жәшікте де алмұрттар тең болу үшін бір жәшіктен екінші жәшікке қанша алмұртты ауыстырып салу керек?
Көптеген жағдайларда кейбір шектеулер енгізген жөн. Мысалы, есеп бір амалмен, екі амалмен т. с. с шығарылатындай етіп сұрақ қою керек. Кейбір есептерді шығарғаннан кейін балаларға есептің сұрағын өзгертуді ұсынған пайдалы. Мысалы, оқушылар мынадай есепті шығаратын болсын: «Екі автобус Тараз мен Жетысайдан бір мезгілде біріне –бірі қарсы жолға шықты. Тараздан шыққан автобус сағатына 68 км ал, Жетысайдан шыққан автобус сағатына 75 км жүреді. Егер Тараздан Жетысайға дейінгі қашықтық туралы сұралатындай етіп сұрақты өзгертуді ұсынуға болады. Оқушылар мынадай сұрақтар қоюларына болады: Автобустар Тараздан (Жетысайдан) қандай қашықтықта кездескен? Кездескенге дейін әр поезд қандай жол жүрген? [4].
- Кездескеннен кейін баруға тиісті жеріне жеткенге дейін автобус қанша жол жүруі керек?
- Жетысайдан шыққан автобус екінші автобуспен кездескенге дейін одан қанша километр артық жол жүрген? т. с. с