Құрастырған: аға оқытушы Исмаилов И


Математика сабақтарында берілетін тапсырмалар



бет18/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87731
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)

Математика сабақтарында берілетін тапсырмалар (үлгі ретінде)

  1. 1 кг қарақат 80 теңге, ал 1 кг қызанақ 20 теңге тұрады.

  2. 1 кг қарақат 1 кг қызанақтан неше теңге қымбат?

  3. 1 кг қарақат 1 кг қызанақтан неше есе қымбат?

  4. 1 кг қарақат және 1 кг қызанақ неше теңге?

  5. 2 кг қарақат және 3 кг қызанақ неше теңге?

  6. Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 3 есе ұзын. Периметрі 56 см. Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр?

  7. Екі санның көбейтіндісі көбейткіштердің біреуінен 4 есе артық. Екінші көбейткішті табыңдар.

  8. Бөлінді бөлінгіштен 29 есе кем. Бөлгішті табыңдар

9. Қыры 15 см кубтың ішіне қыры 3 см неше кубты орналастыруға болады?
10. Өлшемдері 12 см, 10 см және 6 см тік бұрышты параллелепипедтің ішіне қыры 2 см неше куб сыяды?
11. Бір күнде 14 жоғарғы сыныпқа және 8 бастауыш сыныпқа барлығы х бор таратылады. Жоғарғы сыныптардың әрқайсысына күн сайын у бор таратылса, бастауыш сыныптардың әрқайсысына күн сайын неше бор таратылады? Мұндағы х=36; у=2.
12. с метр матадан 4 жейде тігіледі, b метр матадан осындай неше жейде тігіледі? Мұндағы с=8; b=20.
13. 4 фломастер у тг. х теңгеге неше фломастер сатып алуға болады?
14. 3 кг мандарин үшін а тг төленді. 4 кг алма үшін b тг төленді. 1 кг мандарин және 1 кг алма үшін неше теңге төленді?

  1. Апайдың 800 тг ақшасы бар еді. Ол бағасы a теңгеден 2 кг кәмпит алды. Апайда неше теңге ақша қалды? Мұндағы а=320.

  2. 5 банкаға а литр май сыяды. Осындай 6 банкаға неше литр май сыяды? Мұндағы а=15.

  3. Бала 7 минутта 560 м қашықтыққа барады. Ол 3 минутта неше метр қашықтыққа барады?

18. Мысық пен күшіктің массасы а кг. Күшік мысықтан b кг ауыр. Мысықтың массасы неше килограмм?
19. 1) у м матадан 7 көйлек тігіледі. Осындай 5 көйлек тігу үшін неше метр мата керек?
2) х теңгеге 3 кг таңқурай немесе 2 кг қарақат сатып алуға болады. Таңқурай қымбат па, әлде қарақат қымбат па?
20. Сағат 14-те аялдамадан 50 км/сағ жылдамдықпен автобус шықты. 1 сағат өткен соң оның соңынан сағатына 80 км жылдамдықпен жеңіл машина шықты. Жеңіл машина автобусты сағат нешеде қуып жетеді?
21. Саяхатқа шыққан мектеп оқушылары ұзындығы 80 м колоннамен сап түзеп келеді. Колоннадағы балалар v м/мин жылдамдықпен жүріп келеді. Айнагүл колоннаның соңынан колонна басындағы досына жету үшін 100 м/мин жылдамдықпен жүгірді. Айнагүл неше минутта колонна басындағы досына жетеді? Мұндағы v =60.
22. Шаруашылық қожалығы ұзындығы 2 км 500 м, ені 1 км 300 м тік
төртбұрыш тәріздес егістік жерге бидай екті. Егістіктің әрбір гектарынан 24 центнерден бидай өнімін алды. Шаруашылық қожалығы егістік жерден неше центнер бидай өнімін алды? 1 га=10 000 м2.
А. 7800 ц; В. 7000 ц; С. 6500 ц; D. 8200 ц.
23. Екі айлақтың ара қашықтығы 48 км. Меншікті жылдамдығы 14 км/сағ катер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ өзенмен жүзіп, қанша уақытта бір айлақтан екіншісіне барып қайтады? [8]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет