Байланысты: әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)
5)Берілген есептерді оларға тектес есептерге түрлендіру Тектес есептерге жататындар — шамалары бірдей тәуелділікте болатын есептер. Мысалы, тектес есептер болатындар — төртінші пропорционал шаманы табуға арналған, пропорционал бөлуге берілген және екі айырма бойынша ізделінді шаманы табуға берілген есептер, өйткені онда шамалар пропорционал тәуелділік арқылы байланысқан. Шамалардың сан мәндеріне арифметикалық амалдар қолдану жолымен бір есепті тектес есепке түрлендіруге болады.
Лақтардың суреті салынған суреттерді алыңдар. (Балалар орындайды). Шалғында 5 лақ секіріп ойнап жүрді. Олардың қасына тағы 2 лақ жүгіріп келді. (Тағы 3 суретті шығарып қояды). Барлығы қанша лақ болды?. 2-ні қостық (суреттерді көрсете сөйлейді), сонда 7 болды.
Азайтуға есептер шығаруға дайындық жиынның бір бөлігін шегеру, көбейтуге есептер шығаруға дайындық тең мөлшердегі жиындарды біріктіру, бөлуге есептер шығаруға дайындық болып табылады.
2. Көптеген арифметикалық есептер шамалармен (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт т. б) байланысты, сондықтан қандай да бір есепке жаңа шаманы енгізгенге дейін балаларды осы шамамен таныстыру керек (шамалармен таныстыру туралы қарастырамыз). Мұнда бұдан әрі жұмыс істеу үшін балаларға кейбір шамалардың мәндерін, жеке товарлардың бағасын, түрлі транспорттардың жылдамдықтарын, қалалардың немесе жақын ауылдардың ара қашықтығы т. с. с жеке дәптерге жазып отырған пайдалы.
3. Көптеген есептерді шығарғанда арифметикалық амалдарды таңдап алу осы шамалардың арасында болатын байланыстар негізінде орындалады. Оқушылар амалдар таңдап алғанда осы байланыстарға дайындалуы және жақсы түсінуі үшін нақтылы мәні негізінде есептер шығару жолымен шамалар арасындағы байланыстарды ашып көрсету керек. Мысалы, мынадай есепті шығару керек: “Әрқайсысы 30 теңгеден 4 дәптер сатып алынды. Қанша ақша төленді?”, осы есепті шығару үшін байланыс туралы білім пайдаланылады: товардың бағасын өздерінің анықтағышына жазып алады және сатып алу процесін байқайды. Бұдан кейін балалар сабақта заттың белгілі бағасы және саны бойынша оның құнын табуға арналған жай есептер құрастырады, содан кейін, көбейту амалының нақты мағынасы жайындағы біліміне сүйене отырып, оларды шығарады. Есептің шешуін қарастырып, оқушылар егер заттың бағасы мен саны белгілі болса, онда оның құнын көбейту амалы бойынша табатының байқайды. Алдағы уақытта оқушылар бұл білімдерін жай есептермен қоса құрама есептерді шығарғанда пайдаланатын болады.
4. Құрама есепті шығару бірқатар жай есептерді шығаруға барып тіреледі, сондықтан құрама есептерді шығаруға дайындық осы сияқты жай есептерді шығару болып табылады. Есептің әрбір жеке түрімен жұмыс істегенде, арнайы дайындық жұмысы талап етіледі.