Байланысты: әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)
Қызықты логикалық есептер 31 оқушы бақылау жұмысын жазды. Асылбек бақылау жұмысында 6 қатеге жол берді және ешбір оқушы Асылбектен артық қате жіберген жоқ. Бірдей қате жіберген үш оқушының табылуы мүмкіндігін дәлелдеңдер.
Он бала 44 қарбыз жинады. Олардың әйтеуір екеуінің бірдей қарбыз жинағанын дәлелдеңдер.
Мектепте 5 төртінші сыныптар бар. Олардың әрқайсысында 27 оқушыдан оқиды. Бір айда туылған кемінде екі оқушының бар екендігін дәлелдеңдер.
Бір үйде бір мектептің 14 оқушысы тұрады. Бұл мектепте 13 сынып бар. Осы үйде тұратын бір сыныпта оқитын кемінде екі оқушының барын дәлелдеңдер.
Азиза оқитын сыныпта оны да қосқанда 22 оқушы оқиды. Осы сыныптағы қайсыбір төрт оқушының ақпанның бір күнінде туылғандығын дәлелдеңдер.
Сыныпта 38 оқушы оқиды. Олардың ішінде бір айда туылған төрт оқушының бар екенін дәлелдеңдер.
18 оқушы 100 саңырауқұлақ терді. Қайсы бір екі оқушының бірдей саңырауқұлақ жинағанын дәлелдеңдер.
Мектепте 29 сынып, 1000 оқушы бар. Осы мектепте оқушыларының саны 35 оқушыдан аз болатын сынып бар ма?
Бір сыныптағы 40 оқушының ішінен жылдың 12 айының бірінде ең кем дегенде 4 оқушы туған күнін атап өте ме?
Орманда 4000 қайың ағашы бар. Әр қайың ағашында қауырсындарының саны 2000 - нан аспайтын бір ғана құс отыр. Орманның ішінде қауырсындарының саны бірдей құс отырған екі ағаштың бар екендігін дәлелдеңдер.
3 «Ә» сыныпта 78 тақпақты жатқа білетін 27 оқушы оқиды. Осы сыныпта кемінде 5 тақпақ білетін оқушының бар екенін дәлелдеңдер.
Бір үйде бір мектепте оқитын 23 оқушы тұрады. Осы сыныпта кемінде 5 тақпақ өлең білетін оқушының бар екенін дәлелдеңдер.
Мектептің 30 сыныбында 880 оқушы оқиды. Осы мектепте 30 оқушыдан кем емес сынып бар ма?
Мектепте 400 оқушы бар. Осы мектептің кемінде екі оқушысы өздерінің туылған күндерін жылдың бір күнінде атап өтуі мүмкін бе?
Басты көшенің бір жағындағы барлық үйлер 1- ден 19 - ға дейінгі тақ сандармен, ал қарсы жақтағы барлық үйлер 2- ден 14 - ке дейінгі жұп сандармен белгіленген. Басты көшеде неше үй бар?
Біздің көшенің бір жағындағы үйлер 1 - ден 39 - ға дейінгі тақ сандармен, ал қарсы жақтағы үйлер 2 - ден 34 - ке дейінгі жұп сандармен белгіленген. Біздің көшеде барлығы неше үй бар?
Асқар көлге үш күнде бір рет, Үсен - бес күнде бір рет, ал Дархан – төрт күнде бір рет шомылуға барады. Олар бүгін кездесті. Енді олардың үшеуі неше күннен кейін көлге шомылуға бірге барады?
Жәшікке 85 өріктен аз өрік салынған. Оларды 2 немесе 5 балаға теңдей етіп, бөліп беруге болады, ал 6 балаға бөліп беруге болмайды. Жәшіктегі өрік қанша?
Ұл бала мен қыз бала 143 метрлік қашықтықты қадамдап өлшеді. Сонда олардың іздері 20 рет беттесті. Қыз баланың қадамы 55 см. Ұл баланың қадамының ұзындығы қандай?
Балықшылар аумен су қоймасынан 60 балықты ұстап, оларға белгі соғып, қайтадан суға қойып жіберген. Келесі күні балықшылар аумен 80 балық ұстаған, олардың ішінде 5- і белгіленген балықтар болып шыққан. Осы берілген мәліметтерге қарап су қоймасындағы балықтардың санын анықтаңдар.
500 жәшікке алмалар салынған. Жәшікке 240 алмадан артық алма сыймайтыны белгілі. Кемінде үш жәшіктегі алмалардың саны бірдей екендігін дәлелдеңдер.
Әлияның сөмкесінде жаңғақтар бар. Жаңғақтарды үш, төрт және бес балаға тең бөліп беруге болады. Балалардың саны 5 болса, олардың әрқайсысы аз дегенде қанша жаңғақтан алады?
Түзу бойында бірнеше нүкте орналасқан. Содан кейін екі нүктенің арасына тағы да бір нүктеден қойып шыққан. Дәл осылайша бірнеше рет қайталап болған соң түзу бойындағы нүктелерді санап шыққан. Сондағы нүктелердің саны 2010 - ға тең болуы мүмкін бе?