Сабақ тақырыбы: Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы.
Сабақтың жоспары:
1.ЖТ дамуы, тәрбиесі,қалыптасуы ұғымдарының байланысы.
2.ЖТ қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері.
Теориялық мәліметтер :
Ал “жеке адам” түсінігі, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты.
Бұл қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттерімен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу оның табиғи, биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге байланысты. Сонымен, “жеке адам” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне жинақтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан біреуде айқын, енді біреуде күңгірттеу көрінеді. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындауы сөзсіз.
С.Л.Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады. Яғни, өз іс-әрекетін ойластыра біліп, жауапкершіліаті сезінуінің болуы; өз бетінше дербес әрекет жасай білуі.
Белгілі ғалым-философ В.П. Тугаринов жеке адам сапалық көрсеткіштері ретінде мына төмендегілерді ұсынды:
саналылық;
жауапкершілік;
еркіндік;
жеке басы қадірі;
даралық;
қоғамдық белсенділік пен саяси-идеялық бағытты қосады.
Даралық-бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Мінез бен темпераментте көрініс береді. Мұғалім даралығы-терең білімдарлығы, ой-өрісі, балаға жайлылығы мен еңбек сүйгіштігінде танылуы мүмкін.
Индивид-“жекелік. Әрбір ақыл-есі дұрыс адам “индивид” бола алады.”
Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туылған күнінен бастап дене құрылымы өзгере береді. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молаяды; көптеген тұрмыстық ептіліктер, еңбек дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгілер, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мынадан түсінуге болады: тілдік қызметінің жіктелуі адамның танымдық қабілеті артады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет арқасында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктеушілік бірте-бірте шығармашылық іске ауысады.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Өмір бойы, даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып жетілуін ҚАЛЫПТАСУ деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы-күрделі, қарама-қайшы процесс. Ол өзіне организмнің өуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсат, ұйымдасқан тәрбиені қамтиды.
Жеке адамның қалыптасуы туу сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта айрықша интенсивті жүреді де, ересек болған кезде біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Даму ұғымына организмнің өсуі мен пісіп жетілуі процесін жатқызады.
Жеке тұлғаның ерешелігі дегеніміз-ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады.
Әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірі, көзқарасы болады және соған байланысты ой-пікірлерін білдіреді. Мысалы: біреулер таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарайды.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылысты әртүрлі қабылдауы, ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түрлнрі ұқсас болуы мүмкін, ал мінез-құлқы, ісі, икемділігі, қабілеті бірдей болмауы мүмкін. Сондықтан әр адамды өзінше жеке тұлға деп қараймыз.
Адам басқаларға қарап, тәжірибе жияды. Өз қателігі, басқаның да қателігі оған сабақ. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада өзін-өзі тәрбиелеу деп атайды. Өзгелердің өнегелі ісінен үйрену, өз бойына егу өмір заңы.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері 3 бөліктен тұрады.:
оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру;
адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру
жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене
қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы 3 компонент бір-бірімен тығыз байланыста болады.
2. Адамның дамуы мен қалыптасуы туралы түрлі пікірлер мен теориялар әдебиетте орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон(427-347ж.ж.б.з.б.) және Аристотель(384-322ж.ж.б.з.б.) адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық немесе бағынушылық табиғат заңы деді. Өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше. Туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін. Ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
Преформизм (латынша-қайта құру, өзгерту)- 18ғ.биология саласында үстемдік еткен, адам дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер: адамның ұрығында-ақ болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Эдуард Торндайктің (1874-1949ж.ж.) пікірінше. Жеке тұлғаның барлық қасиеттерін (соеың ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, тұқымқуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға “көздері, тістері және саусақтары” сияқты дүниеге келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан-ұрпаққа сол қалпында берілетін және жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын “гендердің жинағы немесе батареясы”ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын бтологизаторлық жағынан түсіндіру прогматизм бағытына да тән.
Прагматизм (грекше-прагма) дегеніміз іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы Джон Дьюи (1859-1952ж.ж.).Ендігі бір көзқарастың негізін клссикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы болып есептелінген. Джон Локтың белгілі бір пайымдауынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты. Ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыатасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адам маңыздылығын кемсітеді.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бірінші орынға қойып, тәрбиенің күщін жоққа шығаратын бұл теориялар ХІХ ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыттың пайда болуына себепші болды, бұл бағыт “педология”, яғни тура аударғанда “балалар туралы ғылым”, “балатану” деген атқа ие болды. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады. Кеңестік кезде педология өкілдері бала дамуының биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойын зерттейтін жүйе құрылған болатын. Кейін мұны айыптады.
Сол уақыттарды балалардың психологиялық дамуын зерттеуде анкета және тест жүргізу сияқты ерекше сенімсіздік туғызған. Шынында да тәжірибесіз практик-педагогтар қолданған бұл әдістер сол уақыттарда көп зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі тоқтату қате болған еді. Педалогия баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл туралы өз кезінде К:Д.Ушинский айтып кеткен болатын: “Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы керек”.
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана қоймай, с.қ. ол факторлардың өзара байланысы мен олардың адамның даму процесіне ықпал ету механизмдерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші болды деп көрсетті.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәні зор екендігіне сене оытырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиға тіршілік иесі, сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол бейімділіктер оның бойыеда тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқымқуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтің “әлеуметтік тұқымқуалаушылығы” туралы ойды ұстанады. Елер биологиялық бейімділіктер адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.
Бақылау сұрақтары:
Биологизаторлық бағыт және оның өкілдері және
олардың ой-пікірлері.
Преформизм бағыты, оның өкілдері және ой-пікірлері.
Неотомизм бағыты және оның ой-пікірлері.
Жеке тұлға дегеніміз не.
Жеке тұлғаның маңызды белгілерін ата.
Даралық дегеніміз не.
Студенттердің үй тапсырмасы :
1. Түрлі бағыт өкілдерінің ой-пікірлерін білдіретін кесте құру.
2. Берілген әдебиеттен 28-30 беттерді оқу.
3. Конспект жасау.
9-апта 3,0 балл
Адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
А. қалыптасу ұғымы В. “әлеуметтендіру” ұғымы С. оқыту ұғымы
Мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру
А. білім беру В. тәрбиелеу С. әлеуметтендіру
Ғылымға адамды “Әлеуметтендіру” ұғымы келді
А. Этнопедагогикадан В. саяси экономикадан С. құқықтанудан
“Әлеуметтендіруді” адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы
А. Коменский Я.А. В. Макаренко А.С. С. Гиддин Ф.Г.
Бұл тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б.көрінеді.
А. Даму В. әлеуметтендіру С. қалыптасу
Индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы
А. әлеуметтендіру В. әлеуметтік кемелдену С. әлеуметтік бейімделу
Өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі
А. әлеуметтік кемелдену В. әлеуметтік бейімделу С. даму
Әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік
А. әлеуметтендіру түрлері В. әлеуметтендіру көрсеткіштері С. әлеуметтендіру ұғымы
Адамға әсер ететін түрлі жағдайлар
А. қозғаушы күш В. Факторлар С. процестер
“Мега” ұғымының мағынасы
А. Орташа В. Кіші С. өте үлкен
“Мезо” ұғымының мағынасы
А. орташа
В. үлкен
С. кіші
“Макро” ұғымының мағынасы
А. өте үлкен
В. үлкен
С. орташа
Белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер
А. мегафактор
В. макрофактор
С. мезофактор
Достарыңызбен бөлісу: |