Құрастырған: аға оқытушы Өтегенова О. К


А.иррадиация В.концентрация С.қозу Д. Тежелу Е. индукция



бет11/20
Дата11.01.2017
өлшемі3,96 Mb.
#7250
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

А.иррадиация В.концентрация С.қозу Д. Тежелу Е. индукция


11. Қозу мен тежелудің ми қабығында бір жерге жинақталып, шоғырлануы

А. Иррадиация В. концентрация заңы С. Дедукция Д. Темперамент Е. қабылдау

12. Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті түсіндірген

А. . Галлен В. Лесгафт П.Ф. С. Кант И. Д. Вундт В. Е Павлов И.П.

13. Адамның жалпы мінездемесі

А. Темперамент В. Мінез С. Қабілет Д. Дағды Е. әдет

14. Әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы

А. Мінез В. Темперамент С. Қабілет Д. Түйсіну Е. қабылдау

15. Әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігі

А. Нышан В. Мінез С. Қабілет Д. Бейімділік Е. дарындылық

16. Қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық-физиологиялық ерекшелік

А. Дағды В. Талант С.дарындылық Д. Қабілет Е. нышан

17. Адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі

А. Бейімділік В. Данышпандық С. Дарындылық Д. Нышан Е. талант

18. Адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі

А. Қиял В. Қабілет С. Түйсік Д. Қабылдау Е. талант

















Тақырыптар

Бақылау түрлері

Ұпай

саны

Апта саны

1.

Кәсіби қарым-қатынас мәдениеті.










2.


Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.

Реферат

Тест

3 балл

8-апта

3.

Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы.










4.


Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру.

Тест

3 балл

9-апта

5.

ҚР-ғы білімінің даму перспективасы мен негізгі тенденциялары.










6.


Сананы қалыптастыру әдістері.

Тапсырма

Тест

3 балл

9-апта

7.

Білім беру жүйесіндегі инновациялар.










8.


Ынталандыру әдістері

Коллоквиум

Тест

3 балл

10-апта

9.

Психика және сана. Сана құрылымы.










10.


Сынып жетекшісінің қызметтері.

Эссе,Тест

3 балл

11-апта

11.

Мінез-құлық және іс-әрекет.










12.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Тест

3 балл

11-апта

13.

Негізгі психикалық процестердің байланысы.










14.


Оқушылардың танымдық әрекетке апаратын әртүрлі тәсілдері.

Реферат

Тест

3 балл

12-апта

15.

Тұлға психологиясы. Тұлға қалыптасуының негізгі теориялары.










16.


Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны.

Тапсырма

Тест

3 балл

13-апта

17.

Оқушылар ұжымындағы тұлғалар арасындағы қатынастар.










18.


Негізгі сипаттамалар және педагогикалық процестің көрсеткіштері.

Тест

3 балл

13-апта

19.

Тұлғаның ұжымда дамуы.










20.


Мектептің жылдық жоспарының мазмұны.

Эссе,Тест

3 балл

14-апта




Сабақ тақырыбы: Кәсіби қарым-қатынас мәдениеті.

Сабақтың жоспары:

  1. “Кәсіби қарым-қатынас” ұғымы.

  2. Қарым-қатынас мәдениеті.

  3. Психологиялық үйлесімділік.

Теориялық мәліметтер:






1. Қарым-қатынастың интерактивті жағы – бұл адамдардың өзара байланысын, олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде қатысады, демек, бұл адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы.

Тұлға аралық өзара әрекет адамдардың бір-біріне әрекет етуінің бірізділігі. Оны мына үлгімен көрсетуге болады: индивид А-ның қылығы индивид В-ның тарапынан кері жауап реакция шақырады, ол өзінің кезегімен, А-ның мінез-құлқына әсер етеді.



Өзара әрекет ету өзара түсінушіліксіз мүмкін емес. Қарым-қатынаста әріптес қалай қабылдайды, басқаша айтқанда бір адамның басқа адамды қабылдауы қалай іске асады, бұл қарым-қатынас психологиясында өте маңызды мәселелердің бірі. Бұл қарым-қатынастың міндетті, құрамды бөлігі ретінде қарастырылады және шартты түрде қарым-қатынастың перцептивті (тікелей сезімдік) жағы деп аталады. Мәселе, басқа адамды тану туралы болып отыр. Адамдар күнделікті өмірде басқа адамның мінез-құлқының шын себебін тіптен білмейді, білсе де жеткіліксіз біледі.

2. Басқа адам туралы түсінік өзіндік санамыздың деңгейімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты:

бір жағынан, өзің туралы түсініктің байлығы басқа адам туралы түсініктің байлығын анықтайды,

екінші жағынан, неғұрлым басқа адам толық ашылып көрсетілсе, соғұрлым өзің туралы түсінік кең қалыптасады. Адам өзін басқа адам арқылы саналы түсінеді. Өзін басқа адам арқылы түсінудің екі жағы бар: идентификация және рефлексия.

Идентификация (басқаға ұқсау) – бұл саналы немесе санасыз басқаға ұқсау арқылы адамның басқаны түсіну тәсілі. И.эмпатиямен байланысты.

Рефлексия – бұл өзінің психикалық жағдайы туралы ойлау немесе өзінің көңіл-күйін талдауға бейімділігі.

Тұлға аралық қатынастар адамдардың үйлесімділігінде байқалады.



3. Үйлесімділік бірлескен іс-әрекетті орындауда жетістікке жетуге көмектесетін қарым-қатынас үрдісінде адамдардың сапаларының тиімді ұштасуы. Үйлесімділіктің төрт түрін кездестіруге болады:

дене;

психикалық-физиологиялық;

әлеуметтік-психологиялық;

әлеуметтік идеологиялық.

Дене үйлесімділігі – бірлескен іс-әрекетті орындауда екі немесе бірнеше адамның дене қасиеттерінің үйлесімді ұщтасуында аңғарылады. Мәселен, су спортының түрлернің бірі ескек есу (байдарка, каноэ, академиялық есу) сияқты түрлерінен команда мүшелерін іріктегенде дене жағынан бірдей спортшыларды таңдайды. С.қ.спортшыларды түрлі салмақ дәрежесінде бөліп, жарыс ұйымдастырады.

Психикалық-физиологиялық үйлесімділіктің негізін анализаторлық жүйелерінің ерекшеліктері, с.қ. темпераментінің қасиеттері жатады. Бұл үйлесімділіктің түрі – адамдардың бірлескен іс-әрекетінде анализатор жүйесінде сезгіштік шешуші қызмет атқарады. Қарым-қатынаста екі әртүрлі темпераменттегі адамдар мысалы, холерик және флегматик бір-бірімен жақсы үйлеседі.

Әлеуметтік-психологиялық үйлесімділік - әлеуметтік рөлдерді жемісті орындауға көмектесетін тұлғалық қасиеттері тән адамдардың өзара қарым-қатынасы болып табылады. Бұл жағдайда мінез-құлықтарының, қабілеттерінің бірдейлігі міндетті емес, бірақ олардың үйлесімді келуі міндетті. Айтылғандардан кез келген жағдайда тек бір-біріне қарама-қарсы мінез-құлқы бар, бірдей емес қабілеттегі және басқа қасиеттердегі адамдар үйлесімді болады дей алмаймыз. Бірдей темпераменттегі адамдарда үйлесімділік болуы мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда бірліктің ыдырауының ықтималдығы жоғары болады.

Әлеуметтік-идеологиялық үйлесімділік идеялық көзқарасының ортақтығы, әлеуметтік ұстанымы мен құндылықтарының ұқсастығы болып табылады.

Идеялық жақындық, белгілі бір моральдік және эстетикалық құндылықтарға ұмтылу адамдарды жақындастыра түседі. Бұл жоғары деңгейдегі үйлесімділік.


Бақылау сұрақтары:

Тұлға аралық өзара әрекет дегенді қалай түсінесің?

Бір адамның басқа адамды қабылдауы қалай іске асады?

Өзін басқа адам арқылы түсінудің екі жағы бар. Ол қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет