Құрастырған: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет15/20
Дата11.01.2017
өлшемі3,96 Mb.
#7250
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Сабақтың тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновациялар.

Сабақтың жоспары:

  1. “Инновация” ұғымы туралы түсінік.

  2. Педагогикалық инновация.

Теориялық мәліметтер:

1. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық технологияларды біртіндеп қолдануға ұмтылғаны байқалды. Бірақта олар инновациялық әдіс-тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді анық-айқын біле алмайды.

Инновация (латын сөзі in – в, novis - жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновацияны бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

1957-1964 ж. Он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.



Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеруді ұйымдастырушыларда, т.с.с.

Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: “Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс”- дейді.

Инновациялық технологияларды қолданып, дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.

90-жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В.И., Золвязинский, Лазареваның еңбектерінде “инновация” ұғымы пайда болады. Олар “инновация” ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды.

М.М.Поташник, А.С.Лоренсов “жаңалық” дегенді құрал ретінде (яғни, жаңа әдіс, жаңа технология) ал, “инновацияны” осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.

Қазақстан мемелекетінде “инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш “инновация” ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі”-деген анықтаманы ұсынады.

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:



Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

2. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал, жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай мектептердегі бүгінгі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субъективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай, ғалымдар жаңашыл-мұғалімдер бұл мәселелерді шешу бағытында біршама істер атқаруда. Инновация дегеніміз – белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс. Педагогикалық инновация – педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.

Педагогикалық жүйе құрылымын кей ғалымдар (И.П.Подласый, В.П.Беспалько, т.б.) оқушылар тәрбие мақсаты тәрбие мазмұны тәрбие үрдісі мұғалімдер тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары түрінде қарастырады (тәрбиелей отырып оқыту жағдайында).



Білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:

Мақсат ---мазмұн---форма---әдіс----оқыту көрнекілігі тізбесі жаңа мазмұнға ие болғанда ғана педагогикалық жүйедегі жаңашылдыққа жол ашылады. Ал жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдер арқылы іске асады: оқып үйрену ---меңгеру -----өмірге ендіру ---дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылылығы, дүние жүзілік қауымдастықтығы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру міндетіміз.


Бақылау сұрақтары:

Инновация” ұғымын түсіндіріңіз.

“Инновация” ұғымына анықтама беріңіз.

Қазақстанда “инновация” ұғымын анықтаған кім?

Инновацияның түрлерін атаңыз.




10-апта 3,0 балл





Document

1. Психиканың рефлекторлық принципін алғашқы айқындаған ғалым-психолог

А. Ломов Б.Ф В.. Сеченов М.И. С. Павлов И.П. Д. Рубинштейн Л.С. Е. Леонтьев А.Н.

2. Бас ми рефлекс доғасының ортаңғы бірлігі

А. қозу және тежелу процестері В. сыртқы тітіркендіргіштер С. сыртқы қозғалыстар

3. Қандай да әрекеттің бастапқы себебі

А. табиғаттан тыс күште В. ішкі ой толғанысында С. тысқы сезімдік қозуда

Д. тума жаратылыста Е. ішкі сезімдік шарпуда

4. Психика рефлекстігі мен іс-әрекетінің психикалық басқарылуы жөніндегі идеяның авторы

А. Ломов Б.Д. В. Павлов И.П. С. Рубинштейн Л.С. Д. Сеченов И.М. Е. Леонтьев А.Н.

5. И.П.Павловтың психология ғылымына қосқан жаңалығы

А. шартты рефлекстер жөніндегі теория В. бейнелеу теориясы С. сана мен рефлекс түсінігі

6. Психикалық іс-әрекеттің негізгі физиологиялық механизмі

А. Тітіркену В. Рефлекс С. Қозу Д. Тежелу Е. уақытша байланыс

7. Екі сигналдық жүйе теориясының авторы

А. Сеченов И.М. В. Павлов И.П. С. Декарт Р. Д. Маслоу Е. Леонтьев А.Н.

8. Жануарлар әрекетінің негізі

А. екі сигнал бірдей В. логикалық жүйе С. бірінші сигналдық жүйе Д. екінші сиганлдық

9. Екінші сигналдық жүйенің көрініс құралы

А. сөз В. Бейне С. Сезім Д. Қозғалыс Е. тербеліс

10. Қоршаған дүние заттарының мидағы бейнесін туындатушы жүйе

А. бірінші, екінші сиганлдық жүйе бірлігі В. екінші сигналдық жүйе С. бірінші сигналдық жүйе Е. тітіркендіруші жүйе

11. Осы заманғы психологияның тірек категорияларын айқындаған ғалым

А. Павлов И.П. В. Рубинштейн Л.С. С. Сеченов И.М. Д. Ломов Б.Ф. Е. Выготский С.Д.

12. Зерттеу объекті адам болған барша ғылымдардың жетістіктерін біріктіріп, байланыстырушы білім саласы

А. Психология В. Кибернитика С. Антропология Д. Социология Е. философия

13. Оқу процесінде білім, ептілік, дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын негіздейтін ғылым саласы

А. педагогикалық психология В. салыстырмалы

14. Тітіркену – бұл А. барлық мәнді биологиялық әсерлерге жауап беру

В. құбылыстарды тұтас бейнелеу С. өлі дүниеге тән құбылыс Д. саналы бейнелеу

Е. адамға ғана тән құбылыс

15. Жәндік-жануарлар дүниесі кезеңіне сай психикалық құбылыс

А. сөйлеу В. Сезім С. Ойлау Д. Қабылдау Е. тітіркену

16. Жәндіктер қылығының тума беріліп, ұрпақтан ұрпаққа берілу қасиеті

А. Сезімдік В. Дағды С. Саналық Д. Интеллект Е. инстинкт

17. Төменгі дәрежелі жүйке құрылымдарына жетекшілік ететін ми бөлігі

А. ми қабығы асты жүйке В. Қарақұс С. Еңбек Д. ежелгі қабық Е. үлкен ми жарты шарлары

18. Жануардың табиғат аясында белсенді бағыт-бағдар таңдай алу қабілетін экспериментті дәлелдеген ғалымдар

А. Жарықбаев Қ В. Торндайк, Кречмер С. Аристотель, Платон Д. Абай, Шоқан

Е.. Павлов, Сеченов






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет