Сабақ тақырыбы: Негізгі психикалық процестердің байланысы.
Сабақтың жоспары:
Негізгі психикалық процестер.
Психикалық процестер байланысы.
Теориялық мәліметтер:
1. Кез келген танымдық процесс бейнелеу және реттеу қызметін атқарады.
Бірақ бейнелеу қызметінен басым процестер (танымдық процестер) және
реттеу қызметінен басым психикалық процестерді (эмоция, ерік) бөліп көрсетуге болады.
Неізгі психикалық процестер жүйесіне (ТПЖ) келесі процестер кіреді:
түйсік және қабылдау.
зейін.
ес.
қиял.
ойлау.
сөйлеу.
эмоция.
2. ТПЖ-нің барлық құраушы блоктары үнемі өзара әрекеттесу процесінде болады және танымдық іс-әрекеттің бірлігін қамтамасыз етеді. ТПЖ өзар әрекеттсу процесінде үнемі аралық нәтижелер көрінеді.
Түйсік-қоршаған орта құбылыстарын жеке қасиеттерін бейнелейтін қарапайым процесс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның барлығын Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез келген түйсінуді қабылдауға, бүтіндей қабылдауға дейін жеткізуге болады.
Қабылдау - қоршаған орта заттарымен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі.
Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің 5 негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу-адамның сыртқы ортада бағдарлауына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.
Бақылау сұрақтары:
Негізгі психикалық процестерді атаңыз.
Негізгі психикалық процестерге сипаттама беріңіз.
Психикалық процестердің бір-бірімен байланысын түсіндіріңіз.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1.Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
1. Өзара терең сыйластық жайлаған ортадағы қатынас түрі
А. Үйлесімді В. Қайшылықты С. тәуелді Д. Бейтарап Е. дау-дамайлы
2. Екінші адамның тұлғалық бейнесін жасауға негіз болатын фактор
А. бәрінің байланысынан В. сырт пішіні С. әрекет-қылығы Д. Психологиясы Е. сөзі
3. Адамда тұрақты сақталатын қасиет
А. Ниет В. әдет С. Зейін Д. көңіл-күй Е. қажеттік
4. Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателіктің себебі
А. үстірт ақпарат В. толық мәлімет С. нақты дерек Д. жұмыс 5. Адамдардың тұрмыс-еңбек барысында тәсіл, идеялар мен болжамдар бөлісу, алмасу құралы
А. Тіл В. Ой С. Қиял Д. Зейін Е. сезім
6. Тілдесу қызметінің нәтижесі
А. болжам ой В. адамаралық қатынас С. өзгертілген өнім Д. қайта жасалған зат
7. Коммуникативті қатынас мәні
А. Сезгіштік В. өзара түйсіну С. ақпарат алмасу Д. ықпал жасау Е. ой қозғау
8. Сөйлеу құралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жүйесі
А. Тіл В. Ой С. Сезім Д. Зейін Е. қабылдау
9. Сананың белгілі жағдайда қажет объектіге бағытталуы
А. зейін қою В. Түйсіну С. Сезу Д. Қабылдау Е. тітіркену
10. Зейіннің физиологиялық негізі – доминанта принципін ашқан ғалым
А. Ухтомский В. Сеченов С. Лурия Д. Рубинштейн Е. Павлов
11. Сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделуі -
А. Сезімталдық В. Сенсибилизация С. Табалдырық Д. Синестезия Е. адаптация
12. Синестезия құбылысының мәні -
А. Жоғарылау В. Икемделу С. төмендеу Д. Қосарлану Е. өзара ықпал
13. Адам организмі талдағыштарының өзара байланыстылығын, сезімдер тұтастығын білдіруші түйсік қасиеті.
А. төмендеу В. Синестезия С. Қосарлану Д. Жоғарылау Е. сенсибилизация
14. Заттар мен құбылыстардың санада тұтас күйде бейнеленуін қамтамасыз етуші психикалық процесс -
А. Ес В. Түйсік С. Қиял Д. зейін Е. қабылдау
15. Қабылдаудың жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелдік қасиеті.
А. Апперцепция В. Константтық С. Тұтастық Д. зат тектілігі Е. иллюзия
16. Иллюзия құбылысының мәні.
А. жаңсақ тану В. дәл тану С. екіұшты тану
Д. шамалап тану Е. ауыстыра тану
17. Көздің қашықтықтағы заттарды көруге байланысты икемделу қабілеті.
А. бөліп қабылдау
В. бұрмалап қабылдау
С. тұтастай
Д. икемделе
Е. бұрмалана қабылдау
18. Өткен тәжірибеден алған іздерді жадыда қалдырып, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауға негізделген психикалық процесс
А. Елес В. Зейін С. Түйсік Д. Қабылдау Е. Ес
Сабақтың тақырыбы: Тұлға психологиясы. Тұлға қалыптасуының негізгі теориялары.
Сабақтың жоспары:
Тұлға психологиясы.
Қалыптасу теориялары.
Теориялық мәліметтер:
Фрейдизм. Көпжылдық клиникалық бақылаулардың негізінде Зигмунд Фрейд психологиялық концепцияны қалыптастырды, ол бойынша адамның психикасы, тұлғасы үш деңгейден, компоненттен тұрады: “Ол”, “Мен”, “Жоғары -Мен” деген.
Бихевиоризм. ХХғ.американдық психологиясының кескінін анықтады. Оның негізін салған Джон Уотсон (1878-1958), ол бихевиоризмнің сенімін қалыптастырды: “Психологияның пәні болып мінез-құлық болып табылады”. Осыдан аты да шығады – бихевиоризм (“жүріс-тұрыс”), оны мінез-құлықтық психология деп аударуға болады. Мінез-құлықтың талдауы объективті сипат алып сырттан бақыланатын реакциямен шектелу керек. Адамның ішінде болып жатқанның барлығын меңгеру мүмкін емес: адам “қара жәшік” тәрізді. Адамның реакцияларын осы реакциялар ескертетін сыртқы әрекеттерін, стимулдарын, жағдайларын ғана объективті меңгеріп, тіркеуге болады. Енді психологияның тапсырмасы, реакция бойынша болатын стимулды анықтау, стимул бойынша белгілі реакцияны болжау.
Б.Скиннердің мінез-құлықтық концепциясы. Мұнда ағзаның мінез-құлқын зерттейді. Жанурлар жүріс-тұрысының тәжірибелік зерттеулері мен теориялық талдауына негізделе отырып, Скиннер мінез-құлықтың үш түрлі жағдайын қалыптастырады: шартсыз – рефлекторлы, Шартты-рефлекторлы және оперантты. Соңғысы Скиннердің ілімінің ерекшелігін құрайды.
Шартсыз-рефлекторлы және шартсыз-рефлекторлы деген мінез-құлықтың түрлері стимулмен шақырылып, мінез-құлыққа жауап беретін респондент деп аталады. Мінез-құлықты талдау негізінде Скиннер үйретудің өз теориясын қалыптастырады. Жаңа мінез-құлықтың қалыптасуының басты құралы – бекіту. Жануарлардың жүріс-тұрысын меңгеру кезіндегі мәліметтерді Скиннер адамдық мінез-құлыққа аударады.
Бақылау сұрақтары:
Бихевиоризм бағытының негізін салған кім?
Бихевиоризм теориясының мазмұнын түсіндіріңіз.
Фрейдизм теориясының негізін қалаған кім?
Б.Скиннердің мінез-құлықтық концепциясының негізгі идеясы қандай?
1. Ес процесінің мәні -
А. тұтастай бейне тұрғызу В. сананың обьектіге бағытталуы
С. әсердің жеке элементтерін бейнелеу Д. өткен тәжірибе бейнесін жаңғырту
Е. жалпыланған бейне құру
2. Ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашқан ғалым- психолог
А. Крепелина В. Бергсон С. Мюллер Д. Смирнов Е. Эбингауз
3. Жануарлардағы ес дағдысының қалыптасу заңдылықтарын ашқан ғалым
А. Торндайк В. Бергсон С. Крепелина Д. Смирнов Е. Эбингауз
4. Есте қалдыруға ықпал жасаушы Павлов ашқан психофизиологиялық құбылыс.
А. шартты рефлекс В. шартсыз рефлекс С. ырықты рефлекс Д. ырықсыз рефлекс
5. Сезім органдары қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем беретін ес жүйесі. А. қозғалыс есі В. бейнелі ес С. ұзақ мерзімді ес Д. қысқа мерзімді ес
Е. әсердің тікелей әрі нақты көрінісі
6. Іс әрекет мақсатына орай ес түрі.
А. Ырықты В. Қозғалысты С. Эмоционалды Д. сөз- логикалы Е. бейнелі
7. Музыкалық шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсету шеберлігіне негіз болатын ес түрі-
А. қозғалысты ес В. мағыналық ес С. бейнелі ес Д. эмоционалды ес Е. логикалық ес
8. Эмоционалды ес түрі-
А. сөз В. көңіл күй С. Қимыл Д. бейне Е. мағына
9. Еске түсіре алмай, не танымай, қателесуде көрінетін ес процесі
А. Тану В. Қиялдау С. Жаңғырту Д. Ұмыту Е. елестеу
10. Шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған психикалық процесс
А. Елес В. Ес С. Ойлау Д. сөйлеу Е. зейін
11. Зат немесе құбылыстың жалпы мәнді, қасиеттерін бейнелейтін ой формасы.
А. Ұғым В. Қиял С. Ес Д. Пікір Е. ой қорытындысы
12. Пікір дегеніміз -
А. бір нәрсе жөнінде мақұлдау, не теріске шығару В. заттың жалпы мәнді қасиеті
С. бірнеше пікірден жаңа мән шығару Д. құбылыстың жеке элементтерін шығару
Е. зат тұтастығын құру
13. Бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы.
А. ой қорытындысы В. сөйлеу С. Елес Д. Ес Е. зейін
14. Талдау дегеніміз -
А. деректі мысал келтіру В. бірлікке топтастыру С. ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білу Д. дербес элементке келтіру Е. бүтінді жіктеу
15. Заттар мен құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай ойша біріктіру
А. Біріктіру В. Қорыту С. Нақтылау Д. Дерексіздендіру Е. талдау
16. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелерге негізделген психологиялық процесс
А. ес В. Зейін С қиял Д. Елес Е. ойлау
17. Қиялдың физиологиялық негізі
А. көшу В. Интерференция С. Қозу Д. Тежелу Е. жаңа жүйеге біріктіру
Сабақтың тақырыбы: Оқушылар ұжымындағы тұлғалар арасындағы қатынастар.
Сабақтың жоспары :
1. Оқушы үшін қарым-қатынастың маңызы.
2. Оқушының мұғаліммен қарым-қатынасы.
Теориялық мәліметтер :
Достарыңызбен бөлісу: |