3. Солтүстік және Батыс Қазақстан қола дәуірінде Қола дәуірінде Солтүстік және Батыс Қазақстандағы тайпалардың тарихи
тағдырлары бір-бірімен тығыз байланысты дамыды. Б.ғ.дейінгі ІІ-мыңжылдықта
бұл аймақта андрон мәдениетінің алакөл кезеңінің тайпалары мекендеді. Олардың
шаруашылығының негізі мал өсіру мен кетпенмен оңдейтін егіншілік болды.
Бұл өңірдің айырмашылығы қоныстарды, өздерінен бұрын тұрған ескі
қоныстардың үстіне салды. Сөйтіп Солтүстік және Батыс Қазақстанның
андроновтың қоныс-мекендері көп қабатты ескерткіштерге айналды.
Қорымдар қоныстарға жақын, айналаның бәрі көрініп туратын қыратты жерге
салынды. Олардың көбі өзен жағасын бойлай жатқан енсіз өңірге салынған ондаған
құрлыстардан тұрды. Солтүстік Қазақстанның орманды-далалы аудандарында
топырақтан үйілген обалар көп кездеседі. Сондай-ақ тігінен қойылған тақта
тастардан дөңгелете немесе тік бұрышталып қойылған қоршаулар, тас қаламалар
және қоршалған жер обалар көп тараған. Ақтөбе далаларынан бейіттік
құрлыстардың екі түрі – дөңгеленте қоршаған тас қоршаулар мен обалар табылды.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда қола ғасырындағы 150 ден аса қоныс пен
200-ге жуық қорым ашылды. Тұрақты зерттеулер жүргізу арқасында жалпы саны
300-ге жуың зираттар қазылды.