Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер



Pdf көрінісі
бет45/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104
Байланысты:
растыр ан

Жетісу қола дәуірінде. 
Жетісудағы ең ірі ескерткіш Шу-Іле тауларының солтүстік-шығыс беткейінің 
етегіне орналасқан Қарақұдық қорымы. Тақта тастармен жабылған тас жәшіктерде 
балалар жасөспірімдер жерленген. Цисталарда ересек адамдар жерленген. Балалар 
мен ересектердің жерленген жәшіктері сопақшаланып немесе тікбұрышталып 
қоршалған. Барлық қаңқа сүйектер қолы-аяқтары құсырылған күйінде, бастары 
батысқа қаратылып жатыр. Балалар қабірінің бас жағына өрнек салынбаған шағын 
қыш ыдыс қойылған, ересектер қабірлерінен құмыра тәрізді үлкен ыдыстардың 
сынықтары, қола моншақтар, сабы бар қол айна кездеседі. Қабірлерден табылған 
қой сүйектері, ыдыстардағы күйген тағам қалдықтарының табылуы өліктердің 
жанына сүт, ет тағамдары қойылғандығын көрсетеді. 
Алакөл ойпатында, Онағаш атырабында әйел қабірінен табылған әшекей заттар 
сәндік бұйымдарды тағу салтын қалпына келтіруге мүмкіндік жасады. Әйел 
құлағына бір ұшында салпышағы бар үлкен сырға таққан, қолына қола білезіктер 
салған. Киіміне көптеген қола қаптамалар мен моншақтар тігілген. 


Онағаш атырабында қабірдің маңынан қоныс табылды. Үйлері екі бөлмеден 
тұратын, тікбұрышты жартылай жертөле. Қоныстың мәдени қабатынан малдардың 
сүйектері қыш ыдыстардың сынықтары және қоладан жасалған еңбек құралдары 
табылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет