Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
бет47/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104
Байланысты:
растыр ан

Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан 
Мәдениет сипаттамасы 
Б.д.д.I мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазакстан — болжамдардың бірі 
бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы 
қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ кауымының өзіндік 
жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті — Орталық және Алдыңғы 
Азияның мәдениеті мен енері жетістіктерінің бірегей синтезі. 
Оба корымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте 
кезде Қазакстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенін 
көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген 
өзендері мен басқаларының аңғарларында кәптеген тас және топырак обалар 
шоғырланған. Олардың кебісі жүздеген темпешіктері бар үлкен молалы жер болып 
табылады. Мәселен, Жуантөбе қорымы (Іле езенінің сол жақ жағалауы) — 300 
обадан, Берікқара қорымы (Талас өзені) 500 төмпешіктен тұрады, Кетпен-Төбе 
алқабында (Солтүстік Қырғызстан) 700 обадан тұратын қорымдар бар. Бұларда 
және Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар 
әр түрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында қалыптасқан. 
Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары дейтіндердің көп 
жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және 
Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық 
ландшафт А. Н. Бернштамды «патша сактары мен усундер» нақ Жетісуды 
мекендеген деген корытындыға келтірген. 
Б.д.д.V ғасырға жататын Бесшатыр корымынын сақ «пирамидаларынан» 
бөренелерден тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде 
табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан 
салынған ең ежелгі сәулет енерінің бірегей ескерткіштері. 
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» 
обасындағы ақсүйек сактың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран 
қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуык 


қаптырма мен қалақша арқылы әшекейлеген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі 
«аң» стилінде орындалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы 
ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы 
ықтимал. 
Берікқара қорымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топографиялық 
зерттеу мүндағы үлкен обалардың топырақ үйінділері тастан каланған шеңбер
төрт бүрыш, жол, құйрықты жұлдыз сиякты нәрселер түріндегі әр алуан 
тұлғалардың қайран қалдырарлыктай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді. 
Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болған діни және әлемнің шығуы туралы 
ғарышнамалық түсініктерін керсеткеніне күмән жоқ. 
Оңтүстік Қазақстандағы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезінің материалдық 
мәдениетін Оңтүстік Түгіскен және Үйғарақ корымдарының обаларынан көруге 
болады. Табылған алуан түрлі олжалар — қару, үй тұрмысына қажетті заттар және 
алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагеттердің материалдық мәдениетінің деңгейін 
сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат 
әбзелдеріндегі аңдардын бедерлі бейнелері ерекше ынта туғызады. Ал шағын 
обалар — катардағы кауым мүшелерінін жерлену ескерткіштері (ал олар 
ақсүйектердің ескерткіштеріне қарағанда әлденеше есе көп) шаруашылык және мал 
табыньшың тұр құрамы туралы, аймақтағы ежелгі мекендеушілер өмірінің тұрмыс 
салты туралы күнды мәліметтер береді. 
Қорымдардьщ материалдарын көптеген кездейсоқ табылған олжалар мен 
көркемдік кола бұйымдар көмбелері: қазандар, кұрбандық ыдыстары, 
шырағдандар, еңбек құралдары, қару және ер-тұрман заттары едәуір толықтыра 
түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен аңдардың, кейде адамның бедерлі және 
мүсінді бейнелерімен сәнделген. Олар сактардың құю техникасы мен көркемдік 
мәдениетінің жоғары, Жетісу мен Оңтүстік Қазакстанның ертедегі темір дәуірінде 
Орта Азия мен Қазақстандағы металлургия өндірісінің ірі орталығы болғанын 
дәлелдейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет