Степняк, Бестөбе, Майқайың, Жосалы аудандарының
кеніштері алтын өндіретін
негізгі орталықтар болған.
Орталык Казакстанның ертедегі темір дәуіріне тән көрнекілік — жартасқа
салынған суреттер-петроглифтер. Олардың көпшілігі тастардың жалаңаш тегіс
беттеріне қашап салынған және жануарлардың, адамдардың әр түрлі тұлғаларын
бейнелейді. Көптеген
петроглифтер аңшылықтың, садакшылар шайқасының
күрделі композициялық көріністері, аңды жан-жақтан қамалап аулау сюжеттері.
Бұл сюжеттерден жайылып жүрген жабайы және үй хайуандарын, түйе керуендері
мен түйе жегілген қос доңғалақты арбаларды көруге болады. Жартас бетіндегі
гравюралар Ұлытау таулары өңірінен,
Қалмаққырылғаң тауларынан, Сарысу
өзенінің оң жағалауынаң, Абыралы, Шұнақ, Дегелең тауларынан, Нұраның
жоғарғы және Өлеңтінің орта ағы-сынан, Баянауыл тауларынан, Балқаш маңынан
және Солтүстік Бетпакдаланың баска аудандарынан табылды.
Достарыңызбен бөлісу: