Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Батыс Қазақстанның саврамат-сармат мәдениеті



Pdf көрінісі
бет57/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104
Байланысты:
растыр ан

Батыс Қазақстанның саврамат-сармат мәдениеті 
Ареал. Ескерткіштер топографиясының ерекшеліктері. Ертедегі темір 
ғасырының ескерткіштері Батыс Казақстанның ұлан-байтақ жерінде аймақтың 
гидрографиялық және табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сәйкес тіпті де біркелкі 
орналаспаған. Жалпы алғанда, олардың мейлінше ірі өзендер (Жайык, Елек, Жем, 
Сағыз) ағып жатқан, ылғалдылығы жоғары, демек, малдың жайлауымен 
адамдардың өмірі үшін жаксы жагдай бар солтүстік далалық аумаққа көп 
шоғырланғаны байқалады. Аймақтың сазды және кұмды Атырау шөлейті бар 
оңтүстігі мен Ақтөбе облысының, оңтүстік бөлігінде, Маңғыстау облысының 
тастақ шөлейтінде көненің көздері азырак. Ескерткі-штердің көпшілігі — 
обалардағы қабірлер, бұл орайда топырақ үйінділері жер бетіне шығып жатқан 
тастары аз Батыс Қазакстанға ғана дағдылы болып келеді. Аймақтың қалған 
аудандарындағы обалары тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген. Бүкіл 
аумақта обалардан баска іс жүзінде жерден казылған қабірлер белгілі, олар әсіресе 
жел эррозиясына ұшыраған құм топырақты жерлерде жиі кездеседі. Атырау 
облысының оңтүстік-шығысындағы теңіз жағалауы аудандарында (шамамен 
Сарықамыс поселкесінен Құлсары поселкесіне дейінгі аралықта) әдеттен тыс 
үлгідегі ескерткіштер таралған, бұл жерде қиылып өтетін жер балшықты сорлар 
бөліп жаткан сазды-топырак төбелердің тұтас тізбегі болып табылады. Жел 
жалаңаштап тастаған дөңестердің беттерінде адамдар мен жануарлардын 
сүйектері, керамика сынықтары мен езге де заттар жатыр, олар түрлі кездерде 
жерден қазылып, қираған зираттар мен уақытша тұрақтардан шығып қалған. 
«Бэрдендері» деп аталып кеткен жақын үлгідегі ескерткіштер Қазақстан шегінен 
тыс жерлерде, Астраханның Еділ бойындағы шектес аудандарында да мәлім. 
Айтпақшы, сырттай қарағанда бэр дәуіріндегі ескерткіштер таралған осы екі бөлек-
бөлек ауданды Каспий маңы ойпатының жағалау өңірі қосып жатыр, онда да 
көбінесе ертедегі темір ғасырынан келе жатқан жердін жоғары қабатынан табылған 
материалдарға бай. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет