Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Ертедігі темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
бет54/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   104
Байланысты:
растыр ан

 Ертедігі темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан
Обалар мен қоныстар хронологиясы. 
Солтүстік Қазақстанның ертедегі темір 
дәуірі ескерткіштерінің хронологиялық негізіне заттай құрал-саймандарға — 
металл бұйымдарға, ең алдымен қару-жарақ, еңбек кұралдарына, сондай-ақ 
керамикаға салыстырмалы-типологиялық талдау жасау нәтижелері алынған. Қоныс 
ескерткіштерінің хронологиялық айқындамалары мен мәдени керек-жарақтарының 
ең басты өлшемі керамика болып табылады. Солтүстік Қазақстанның төрт 
қонысынан алынған ыдысты статистикалық жағынан өңдеу оның мерзімін 
анықтауға және оған салыстырмалы талдау жасауға сенімді негіз берді. 
Сақтар заманының алғашқы кезеңі (б.д.д.VIII—VII ғғ.) обаларының негізгі 
тобы жебе ұштарының жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Мәдени топтастыру 
кестесін жасау кезінде жаратылыстану ғылымдарын тарта отырып, салыстырмалы-
типологиялык талдау жасау жолымен б.д.д.VII ғасырда болған мәдени үлгілерді бір 
ғасырға дейінгі дәлдікпен анықтау мүмкін болды. 
Оларды негізге алып, обаларды уақыты жөнінен бөлуге болады. Жебелердің 
ұштары бойынша ең ертедегі обалар қатарына екі оба жатқызылады, олар: Бірлік-
2,5-оба; Бірлік, 1-оба. Біріншісінің мерзімі қос қалақшасы бар ұңғылы және қысқа 
үш қалақшалы, үш қырлы алты жебе ұшының болуымен белгіленеді. Б.д.д.VII 
ғасырдың езінде-ақ басы мен жүзі біршама өзгеше түрде болған екі қалақшасы бар 
ұңғылы ұштардың ежелден келе жатқанына баса назар аударылды. 
Қоладан жасалған қысқа жебе ұштары Казақстанда қола дәуірінен белгілі 
болатын, сондықтан олардың мерзімінің ертедегі деп көрсетілуі күмән туғызбауға 
тиіс. Обадан соңғы қола кезіне тән ыдыстар табылды. Табылған екінші жебенің 
уақыты дөңгелек ұзын нысанда сүйектен жасалған төрт бұрышты үңғылы 
ұштармен анықталады. Бұл жебе ұштары табылған құрал-сайман-дардың өзге 
заттарымен ұштастырылғанда олар скифтерден бұрынғы уақытқа тән кешенді 
кұрайды. Бұған ұқсастары Солтүстік Қара теңіз өңірінің киммерийлер молалары 
мен Аржан обасының материалдарынан белгілі. 
Б.д.д.VII ғасырға жататын төрт қорған мыналар: Алыпқаш, 1, 13-обалар; 
Покровка, 1-оба; Бектеңіз, 3-оба. Алыпқаштағы 13-обаның жиынтығы жарқын, 
анықтығымен ерекшеленеді. Ол жебе ұштарының алты түрінен тұрады, б.д.д.VII 
ғасыр үшін олардың ұштасуы тұрақты болып табылады. 


Жебе ұштарының типологиясы алдыңғы сақ заманының әскери қабірлерінің 
жарқын кешендерін ашып көрсетті. Олардың жерлеу құрал-саймандарына жебе 
ұштарымен бірге хронологиялық көрсеткіш бола алатын пышақтар жатады. Бұлар 
— бір жүзі бар, алқымы шеңберлі немесе сабы қомақты, ұшы өткір жалпақ 
пышақтар. Олардың түрлері Қазақстан мен Орта Азияның аумағында қола 
дәуірінен белгілі. Төрт қырлы шүйдесі бар, ұңғылы, жалпақ уатқышты қола қалып 
қызықты олжа болып табылады. Қарудың мұндай түрінің мерзімі сақтар 
заманының алғашқы кезеңіне сәйкес келеді. 
Бұл кезеңге тән сақ обаларының шеңбері оған ернеуі және сыртында ілмешегі 
бар дөңгелек қола айнадан тұратын кешендердің енгізілуі есебінен кеңейе түседі. 
Қазақстанның бес кешенінде айналар ертедегі үлгідегі жүген жиынтығымен бірге 
табылды. Бұл — тікбұрышты үзеңгі мен тіреуішке қоса, тесіктері екі қатар 
жасалған өзекше тәрізді орамы бар қола ауыздық. Ауыздықтың көне заманға 
жататындығын айқын корсететін белгі өзекшелеріндегі шығыңқы, «езуіне» құйып 
жасалған «ойык» түріндегі өрнек болып табылады. Солтүстік Кавказ кешені 
бойынша мұндай өрнегі бар ауыздықтар б.д.д.VIII—VII ғасырлардан кейін 
таралған жоқ. 
Бұл кезеңге үш қоныс жатады. Қарлыға-1 және Бөркі-2 қоныстарының заттай 
құрал-саймандарының арасында қоныс мерзімін дәл анықтайтын бұйымдар 
кездеспеді. Керамикалык, кешеннін орманды-дала еңірі ескерткіштерінде 
ұқсастары бар. Қоныстардың уақытын анықтау үшін біз жанама сипаттағы 
мәліметтерге жүгінуге мәжбүр болдық. 
Керамикалық кешендері бойынша Қарлыға-1 және Бөркі-2 қоныстары бәйіт 
мәдениеті ескерткіштерінің тобына жатады. Оның аумағы Тобыл-Есіл өзендерінің 
аралығындағы орманды-дала өңірін қамтиды. Бәйіт мәдениетінің хронологиялық 
шеңбері (б.д.д.VIII—V ғғ.) салыстырмалы мерзіммен белгіленген. Төменгі шегі 
(б.д.д.VIII—VII ғғ.) соңғы қола дәуірінің Тобыл өңіріндегі қоныстары тұрғын 
жайларының ойпатындағы бәйіт және крест керамикасының бірге жату 
фактілерімен көрсетілген. 
Солтүстік Қазақстанның дала бөлігіндегі ертедегі темір ғасырының басындағы 
тарихи жағдайды Кеңөткел-10 конысының материалдары көрсетеді. Ескерткіштер 
жиынтығын құрайтындар: қола пышақтар, біздер, түйреуіштер, сүйек 
бұйымдардың фрагменттері, алуан түрлі тас құралдар (кел-саптар, үккіш тақталар, 
үсақтағыштар, үнтағыштар, қайрақтар). Зат кешені құрамының сипаты қонысты 
кола дәуірінің ескерткіштерімен жақындатады. 


Қола пышақтар алқымы сақина сиякты және сабы айқын аңғарылмайтын 
жалпақша екі түрлі болып келеді. Солтүстік Казақстан материалдарына қарағанда, 
олардың көп таралған уақыты — б.д.д.VIII—VII ғғ. Қоныстан Батыс Сібір 
үлгісіндегі қола дәуір кельттерінің өрнектеріне ұқсас ойып жасалған сызықтармен 
әшекейлеген сүйек кетпеннің фрагменті табылды. 
Кеңөткел-10 қонысының маусымдық тұрақ емес, ұсталық өнердің едәуір 
тұракты орталығы болуы әбден ықтимал. Мұны жанама түрде болса да күлдің 
тығыз, калыңдығы 0,6—0,8 метрге дейін жететін қалың қабаты және қола 
бұйымдардың табылуы дәлелдейді. Тас құрал-саймандардан табылғандары: 
қайрақтар, тасмола мәдениетінің обаларына тән тастан жасалған құрбан шалатын 
орындардың фрагменттері. 
Сонымен, Кеңөткел-10 қонысы Қазақстанның далалық өңірінде табылған сақ 
дәуірі қоныстарының алғашқысы болып табылады. Ескерткіш материалдарына 
алдыңғы дәуір кешендерінің де, одан кейінгі уақыт кешендерінің де ұқсастары бар. 
Кенөткел керамикасынан көрінген өрнек дәстүрі едәуір өміршең болып шыкты. 
Б.д.д.IV—II ғасырлар ыдыстарының өрнегін әр түрлі ойыстыру, шұқыршалар, 
қыстыру сипаттайды. 
Жерлеу ескерткіштерінің келесі хронологиялық тобы б.д.д.VI—V ғасырларға 
жатады. Оның өзегі қабірлерде екі қалақшалы, ұңғылы бірлі-жарым даналарын 
сақтай отырып, үш қалақшалы және үш қырлы ұңғылы жебе ұштары бар обалардан 
тұрады. Бұл қабірлердің құрал-саймандарынан - алқымы бар пышақтар, металл 
қоспасынан жасалған көбелек тәрізді ойығы мен мүйіз тәрізді алқымы бар темір 
қанжар табылды. Олардың бірінен (Алыпқаш, 2-оба) қола жапсырмалы белдік 
кездестірілді, оған ұқсас белдіктердің Орталық Қазақстандағы Тасмола 
обаларынан, Алтай мен Тува обаларынан табылғаны мәлім. Бұл заттардың тобы 
мерзімін б.д.д.VI—V ғғ. деп белгілеуге сенімді негіз береді. Бір топ обалар 
бүйірлерінде тұтқалары бар қола айналардың болуына қарай сол хронологиялық 
кезеңге жатқызылды. Жалпы алғанда, айналардың бұл түрінің мерзімі б.д.д.VII—
IV ғғ. деп белгіленеді. Алайда олардың арасында неғұрлым ертедегі үлгілері де 
бар. Олардың басым көпшілігі б.д.д.VI—V ғасырлардағы обалардан кездестірілді 
(Сарғара, 1-оба; Бектеңіз, 5-оба; Ақшиат, 2-оба). 
Б.д.д.V—IV ғасырлардағы обалар тобы қару-жарақ жөнінен айқын 
ерекшеленеді (Бірлік, 6-оба; Бағанаты, 1-оба; Амангелді, 14-оба, 2-қабір; Өрнек, 2-
оба). Олардың мерзімін белгілеу негізіне темір қанжарлар, ат әбзелдері, жебелердің 
ұштары алынды. Өрнек атырабындағы 2-обада темір қанжар мен пышақтың сол 
кезең үшін кәне үлгілері жеткілікті мөлшерде бар. ¥шы қайрақ тас сияқты және 


бұрышы морт сынған тар алқымды қанжар ертедегі сарматтардың кем дегенде 
б.д.д.IV ғасырда таралған қаруының өтпелі түрлеріне жатады. Жебелердің темірден 
жасалған қысқа ұштары да сол кезеңге жатады. 
Б.д.д.III ғасырда жебелердің ұштарын қоладан жасау аяқталады. Қола және 
темір кешендерінің арасында қоладан, темірден, сүйектен жасалған жебе ұштары 
түрлі мөлшерде болатын кешендер де бар. Мерзімін белгілеуге жебенің ұңғылы 
қола ұштары пайдаланылды. Бөркі-1 зиратынан табылған жебелердің темірден 
жасалған кысқа ұштарының уакыты сармат жебелерінің типологиясы бойынша 
белгіленді. 
Керамикаға типологиялық талдау жасау б.д.д.IV—II ғасырларда көп таралған 
үлгілерді анықтап берді. Бұл — ең алдымен түбі дөңгелек керамика. 
Екі қоныс — Бөркі-1 және Ақтау қоныстары б.д.д.IV—II ғасырларға жатады. 
Бөркі-1 және Ақтау қоныстары мерзімінің ертеректегі деп көрсетілуін (б.д.д.V—III 
ғғ.) керамикалық кешен ғана емес, сонымен қатар Ақтау қаласының қираған 
орнының мәдени қабатынан жебелердін үш қола ұшының табылуы да растайды. 
Олардың екеуі — ішінде ұңғысы бар үш қырлы, үшіншісі — біз тәрізді әдеттен тыс 
қысқа үш қалақшалы. Егер алғашқы екеуі б.д.д.IV—III ғасырлардың 
қорамсақтарына сай келетін болса, жебенің коладан жасалған қысқа ұшының 
болуы Ақтау қалашығы б.д.д.V ғасырда-ақ болуы ықтимал деп топшылауға 
мүмкіндік береді. 
Б.д.д.II—I ғасырлардағы обалар тобының хронологиялық шеңбері қару-
жарақтың көрнекі жиынтығымен белгіленді. Қоңырсу атырабындағы 1-оба б.д.д.ІІ-
І ғасырлар кезеңінің бас кезіне жатады, одан ортаңғы сармат мәдениетінің 
айқындаушы элементі болып табылатын шығыршықсапты қанжар табылды. 
Жалтыр көлі жанындағы оба кешенінің мерзімі б.д.д.II ғ. — біздің 
заманымыздағы I ғ. шегінде белгіленеді. Оның мерзімі орамасыз, тік тұткалы темір 
қанжар арқылы анықталды. Көлемі үлкен жебелердің темірден жасалған қысқа 
ұштары да сол кезге жатады. Сүйек бұйымдар жиынтығы - ұршық пен біреуінін, 
беті дөңгелек ернекпен безендірілген екі қалакша назар аудартады. Сүйек 
қалақшалар жебелердін ұштарының қасынан тік тұрған күйінде табылды. Мұндай 
бұйымдар ертедегі темір ғасыры мен орта ғасыр ескерткіштерінде кездеседі. 
Этнографиялық материалдарға қарағанда, олар садақ аткқн кезде қолды адырнаның 
соққысынан қорғаған қол қалқан болуы мүмкін. 
Қару-жарақ жиынтығы бойынша, бұл хронологиялық топқа енгізілген екі 
обаның мерзімін б. з. б. I ғ. — біздің заманымыздағы I ғ. деп белгілеуге болады. 


Бұлар — Сарғары аңғарындағы 3-оба мен Жабай-Покровка қорымындағы 32-қабір. 
Төменгі мерзімін темір қанжарлардың үлгілері көрсетеді. Сарғары атырабындағы 
3-обадан табылған қанжарда қаусырмалардың болуы оның ортаңғы сармат 
заманына жататындығын дәлелдейді. 
Обаның екеуінде де темір қанжарлардан басқа күрделі түрде жасалған садақтар 
мен ұзын семсерлердің сүйек жапсырмалары ұшырасты. Қарудың бұл түрлерінің 
пайда болуы біздің заманымыздың шебімен байланыстырылады. Б.д.д.II ғасырда 
Азия далаларының шығыс аймақтарының ежелгі ғұн-сармат дүниесі бойынша ұзын 
семсерлер Орталық Азияның салт атты жауынгерлерінің құралдарына айналып та 
үлгірген еді. 
Біздің заманымыздағы II—IV ғасырлар кезеңінің үш обасы зерттелінді 
(Покровка, 2, 4-обалар, Красный яр). Олардың жерлеу мүлкіне қос сулықты темір 
ауыздықтар, ат жүгенінің бөлшектері, құрамы күрделі садақтардың сүйек 
бастырмалары, халцедон сапты ұзын семсер, тікбұрышты қалқаншалы кола тоға, 
ішіне алтын жалатылған ұсақ шыны моншақтар кіреді. Ертедегі сармат және Орта 
Азияға тән бұл бұйымдардың уақытың хроноло-гиялық жағынан біздің 
заманымыздағы II—IV ғасырлары деп сеніммен айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет