шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі
66 м, ал биіктігі 6 м болды.
Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс болды және
оның тұрғызуға көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті тас
одан 15 шақырым ен, жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс
жағындағы 40 шақырым жердегі Қарағайлы орманнан тасып әкелінген. Басқа да
көптеген «патша» обалары сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы,
жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп
қазған, қима төбесінің оңтүстік-батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де,
осылайша қабірдің ішіне кірген.
Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің
ассиметриялы – ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші
салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі
қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған.
Олардың арасында қорамсақтарды сәнделген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі
қаптырмалар /14 дана/, басы бүрулы бүркіттердің /9 дана/, шиыр-шықтала
бүктетілген қабыланның /29 дана/ бедерлі мүсіндерді, жұқа қаңылтардан қиып
жасалған қабандардың мүсіндері /12 дана/, балық бейнесі, перуза тас өткермеленіп,
майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс
түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар.
Шілікті обасы б.э.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлар аралығында жатқызылады. Бұл
Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі «патшалық» оба және
Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал
өсіруігі тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң
стиліндегі бірқатар көркем туындылар /аяқтары бүгулі бүғы, шиыршақтала
бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер/ сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы
үлгілеріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: