Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер



Pdf көрінісі
бет48/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104
Байланысты:
растыр ан
1-ші сабақ Бір өлшемді массив, ОБӨЖ, Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика, Weston · SlidesMania.pptx
Бесшатыр қорымы 
Бесшатыр қорымы Іле өзенінін оң жағасында, Шылбыр қойнауьшда 
орналасқан. Ол 31 обадан турады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршык тас және 
топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары 
үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 
метрден 105 метрге, олардын биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып 
отырады; орташаларында тиісінше — 25-38 м және 5-6 м; кішілерінде — 6—18 м 
және 0,8—2 м. 


Сирек кездесетіндері болмаса, қазылған обалар бүрындары тоналып кеткен 
болып шыкты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін белгілеуге болатын тамаша 
материал (қанжарлар, жебелердің ұштары) ғана емес, сонымен қатар қабір үстіне 
орнатылған іргелі курылымдардың ерекше бағалы, жаңа үлгілерін де берді. 
Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Үйінді төбесі қиық 
конус тәрізді, жалпақ төбесінін диаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы табаны 
жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген, бул - орасан зор үйінді орнатқан 
ІІоколь секілді болып кәрінеді. Үйіндінің солтустік және онтүстік жақтарында 
төменге қарай түсетін ордың (ені 2 м) ізі байқалады. Үйіндінің айналасынан 5—7 
метр қашықтықтан тас дуал өтеді (ені 2 м және сақталып қалған биіктігі 50—60 
см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және 
үлкен қой тастардан қоршау түрінде турғызылған дөңгелек құрылыстар салынған. 
Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас 
бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашап салынған. Обаның солтүстік-
шығыс жағында тағы да осындай жеті қоршау бар, олар оңтүстік-шығыстан

солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Олардың жанынан қыш ыдыстардың 
көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың тұтқалары кездеседі: Қазылған 
қоршаулардың кепшілігінде тайыз жерден қулыс дақтары табылды, екеуінен сүйек 
қалдықтары, керамиканың сынықтары мен моншақтар шықты. Сірә, қоршаулар 
табыну мақсатына арналып, отқа табынуға және құрбан шалу ғұрпына байланысты 
болуы ықтимал. 
Бесшатырда үш үлкен оба: Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары, 
орташа үш оба мен барлық усақ обалар казылды. Бірінші Бесшатыр обасының 
диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жағынан — 8,93 м, Оба таспен жабылған. 
Үйіндінің түп жағына тас неғүрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпак. Үйінді 
үш кабат. Ең үлкені 
— 
екінші кабаты, ол қалыңдығы 8,5 метрден 13 метрге дейін 
жететін топырақпен қиыршақ тастан тұрады. Төменгі қабатының астында Тянь-
Шань шыршасының өңделген тұтас беренелерінен салынған үлкен ағаш кұрылыс 
табылды. Сағана үйілген топырак астына жерленген адамның үстіне тұрғызылған 
қорған бар, бүл түгелдей жер бетіндегі кұрылыс. 
Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі құрылыс болып 
табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады, олар: дәліз (дромос), қабірдің алдыңғы кірер 
аузы және жерлеу бөлмесі. Сағананың барлық бөренелері жақсы өңделген: 
бұтактары мен бұдырлары тегістеліп шабылып, қабығы аршылған. Бөлменің 
қабырғасын 
құрайтын 
беренелер 
мүкият 
тегістеліп, 
бір-біріне 
тығыз 
қиюластырылған; бүкіл құрылысты мейлінше тұрақты ету үшін бөренелердің жуан 
жұмыр басы қарама-қарсы айқастырып салынған. Бұрыштарында бөренелер бір-


біріне тек түйісіп қана тұрады және өзара бекітілмеген, сондықтан Бесшатыр 
құрылысы дағдылы түсініктегі қима емес. 
Бөренелерде қашау мен пышақ іздері жақсы сақталған — олардын екі шеті мен 
ортасында кертік бар. Жерлеу бөлмесінің бөренелерден тұратын жалпақ төбесі 
шиден есілген арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған. Сірә, 
жерлеу ғұрпынан кейін бөлмеге апаратын есікке ірі тастар қаланып, дәліз бөлігі 
қиыршак, тас араластырған кесек тастармен төбесіне дейін бекітіліп тасталған болуы 
ыктимал. Осыдан кейін ғана жерлеу құрылысынын үстіне тас пен қиыршақ тас 
аралас зор үйінді үйілген. Үлкен обалар тобының ең оңтүстігіндегі Алтыншы 
обадағы құрылыс та осындай. Оның үйіндісі таспен жабылған. Обаның диаметрі — 
52м, биіктігі — 8 м. Үйіндінін, астында, ертедегі жер беті деңгейінен шамамен 2м. 
терендікте жерасты жолдарының жүйесі болған. Олар жерден қазылған және 
орталық бағыттағы есік пен бүйірдегі тарамдардан тұрады, негізгі жолдан түрлі 
бағытгарға бүйірге қарай жеті тармақ кетеді, олардың батыс жақтағы екеуі жарым-
жартылай топырақпен, ал солтүстік-шығыс жақтағы біреуі ірі тастармен 
толтырылған. Жолдардың күмбезі жарты шеңбер тәрізді, жерасты жолдарының 
биіктігі 1,1 метрден 1,68 метрге дейін, ені 75—80 см. Қабырғалардың көптеген 
жерлерінде кішкене ойықтар жасалған, олардың айналасындағы ыс іздері оларда жер 
астында жұмыс істеген жер қазушыларға жарық беретін май шырағдандар тұрғанын 
дәлелдейді, бүйірдегі тарамдардан жануарлардың сүйектері — құрбандык шалудың 
қалдығы табылды. Бүйірдегі тармақтарымен қоса алғанда негізгі жолдың жалпы 
үзындығы — 55 м. 
14-обаны қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. Обаның 
жерлеу құрылысының негізі — ұсак қиыршық, тастар араластырып топырақтан 
тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар бөренелермен үш қатар етіп жабылған
бөренелердің төменгі екі катары Тянь-Шань шыршасынан, ал жоғарғы қатары жиде 
беренелер. Бөренемен жабылған төбесінде тас пен бұтадан және сексеуілдің 
шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған. Мазардың, негізі 
төртбұрышты, ал төбесі дәңгелек күмбез сияқты болған. 
Қабірдің шығыс жағында есігі болып, есіктің екі жағында жерге тігінен көмілген 
қос-қостан екі бағана тұрған. Қос бағаналар бір-бірімен қазыктармен бекітілген, 
мейлінше берік болу үшін бәренелер шиден Ерілген жуан арқандармен байланып 
тасталған. Кірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен буылған екі 
қабат төсенішпен жапқан. Қабірдің лақытына кірер жердің жанына жуан бөрененің 
кесіндісі қойылған. Лакыттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр. 


Бесшатырдың хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған заттар бойынша 
айқындалады. Оның үйіндісі астындағы ұзын жағы батыстан шығысқа қаратылған 
үлкен қабір шүңқырында (көлемі 3,50 де 2 м) жерленген екі адамның қаңқалары 
жатты. Сүйектер бірінің жанында бірі шалқасынан созылып, бастары батысқа 
қаратып қойылған. Жерленгендердің әрқайсысының жанына оң жағынан қысқа 
семсер-ақинақтар қойылған, ал сол жағында қола ұшты жебелер салынған 
қорамсақтардың қалдықтары жатыр (қорамсақтарда барлығы 50 қысқа сапты және 
ұңғылы жебе ұштарының он екі түрі бар). Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді, үшы 
бүлінген. Солтүстік жақтағы сүйектің сол жағында темір умбон жатыр, тағы бір 
жатқан нәрсе, сірә, кішкене ағаш қалканның қалдығы болуы мүмкін, бел тұсында 
темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық моншак және біріне-бірі 
дәнекерленіп жапсырылған іші қуыс алтын түйіршектерден жасалған екі моншақ 
табылды. Материалдар жиынтығына талдау жасау жалпы алғанда Бесшатырды 
б.д.д.V—IV гғ. деп белгілеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет