сақталды, өлгендердің кепшілігі бұрынғысынша тар шұңқырға жерленген. Бүл
уақыт үшін ерекше дағдылы заттар бәйегі сақина тәрізді семсерлер мен қанжарлар
болып табылады, мұндай сән сарматтардың кешіп баруы арқасында тіпті Орталық
Европаға да таралған. Аң стилінде өрнектелген бұйымдар іс жүзінде жойылады.
Сыртган әкелінген заттар ішінде неғұрлым кебі кола сымнан жасалған фибулалар
болған, оларды өндіру орталықтары Рим империясының провинциялары болатын.
Байлығы жөнінен б.э.б. I ғасырдағы Оңтүстік Бугтегі Соколов бейітіндегі сармат
қабіріне жақындайтыны жоқ.
Осы тұрғыдан алғанда соңғы сармат кезеңіндегі Батыс Қазақстан ескерткіштері
неғұрлым жарқын көрінеді. Олардын, ең маңыздылары Батыс Қазақстан
облысының ең шығысында Лебедевка селосы жанындағы обаларда зерттелді. Бұл
елді мекен
ауданында дербес сегіз қорым, оларда бірнеше жүз оба бар. Олардың
150-ден астамы қазылды. Лебедевкадағы қабірлердің мерзімі сармат мәдениетінің
түрлі даму кезендерімен белгіленеді, бірақ бұл қорымның атағын ең, көп
шығарғандары — б.э.б. IV—II ғасырлардағы ескерткіштер.
Лебедевка қорымының № 1 обасы топырақ үйіндісінін диаметрі 27 м, биіктігі 2
метрге жуык. Орталығындағы үйінді астында көлемі 3,2x2,5 м тікбұрышты қабір
шұңқыры бар. Шүңқырдың
төбесі жабылған, оны кабірдің периметрлері мен
ортасына көмілген 12 баған тіреп тұр. Бағандардың ортадағы қатары кабір
шұңкырын екі бөлікке бөледі. Жерленген адамның қаңқасы қабір шұңқырының
батыс бөлігінде жатыр. Өлік басы солтүстікке қаратылып, шалкасынан
жатқызылған.
Бас жағына қырлы тұтқалары бар, мойны жіңішке үлкен құмыра
койылған. Сол жак иығында темір ожау, темір орақ және ағаш қалдықтары
сақталған найзаның темір ұнғылы ұшы жатыр. Оң жағында аяғынын, жанында —
ағаш қынды екі жүзі бар семсер. Семсер сабының алқымы дөнгелек агатпен
шектелген. Жерленген адамның киіміне жарты шар тәрізді алтын қаптамалар
тігілген.
Қабірдің шығыс жағынан ұңғылы темір ұшты найза, екі-екіден шеңберлі темір
және күміс
ауыздығы бар ат әбзелі, тоғалар мен жүген қаптармалары табылды.
Ыдыстардан табылғаны — мыс қазан, түбі дөңгелек мыс саптыаяқ, мойны жіңішке,
тұтқасы иілген мыс құмыра, оның төменгі бөлігіне Дионистің басы, ал ернеуінен
шығып тұрған жоғарғы жағында ұзын тұмсықты құстар қоршаған күләпаралы
әбжыланның басы бейнеленген.
Шүңқырдың оңтүстік жағынан біреуінің жүзі тура, екіншісінікі иіліңкі екі
темір пышақ, янтарьдың кішкене кесегі, күмістен жасалған сүзгі-тостаған және
қыш ыдыстар —
шырағдан, екі тостаған мен саптыаяқ табылды. Нақ осы жерден
зооморфтық мүсін түріндегі төрт қырлы қайрақ тас, екі жүзді темір қанжар мен
ілмекті айна кездесті.
2-обаның үйіндісі топырақтан тұрғызылған, диаметрі 21—22м. және биіктігі
1,5 м. Обаның ортасындағы үйінді
астынан тікбұрышты, көлемі 3,7x2,9 м қабір
шұңқыры аршылды. Ұзын жағымен ол солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталып
жатыр. Шұңқырдың қабырғалары ақпен ақталып, қайың бағандармен тірелген.
Шұңқырдың төбесі де кайың бөренелермен жабылған.
1,8 м тереңдікте ағаш тақтай үстінде әйелдің қаңкасы жатты. Осында табылған
заттарға қарағанда ол ақсүйек әйел болған. Өлген әйел басы солтүстікке
қаратылып, созылған күйінде шалқасынан койылған. Бас сүйегінде түрлі-түсті тас
салған ай сияқты алтын сырға бар, нақ сол жерден сүйек жанынан түйіршіктермен
безендіріліп, сердолик салынған үлкен жүзік және үш алқа табылды. Бір алқа
диаметрі әр түрлі (0,5—3,5 см) сопақша янтарь моншақтардан тұрады. Екінші алқа
тау хрусталінен істелген дөңгелек моншақтардан құрастырылған. Барлық хрусталь
моншақ — 28, олардың диаметрі - 1,5-3,5 см. Үшінші алқа он төрт қырлы 19
сердолик моншактан тізілген. Алты қырлы 14-і де сердолик, екеуі сүр ұнтақтан,
біреуі гематиттен және 6-ы қара ұнтақтан бекіренің аркасы сияқты етіп жасалған.
Жерленген адамның кеудесінен шет жақтарында дөңгелектері
бар ромб тәрізді
медальон табылды. Оның ортасында кедергілі эмаль техникасымен ақ және
көгілдір түсті эмаль мен яшмадан шаршылап геометриялық әшекей жасалған.
Әйелдің киіміне жартылай сфералық алтын каңылтырлар және жалған
түйіршіктермен безендірілген қалақшалар мол тігілген.
Молаға салынған мыс құмыраның жоғарғы жағынан Дионистің басы
бедерленген тұтқасы мен еліктің иілген аяғы түріндегі әдемі сабы бар күміс қасық
ерекше назар аудартады. Қабірден ортасында тесігі және кақпағы цилиндр тәрізді
куысы бар шар сияқты күміс шырағдан, кеуіп кеткен шөп сабақтарының
қалдықтары бар күміс сүзгі, сақина сияқты шығыңқы кұлактары бар екі қола қазан
шықты.
Бас жағында қола шелек тұрды, жылтыратылған кобдишаға салынған
былғары қапты қола айна (диаметрі 8 см) жатты.
Достарыңызбен бөлісу: